Ұстаз туралы ұлылар айтқан қанаттысөздер

29 шілде 2014 - Талғат Ануарбек

Ұстаз туралы ұлылар айтқан қанатты сөздер

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин


• Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
В.А.Сухомлинский


• Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.
К.Д.Ушинский
• Ұстаз – ұлы есім.
М.Әуезов


• Ұстаз болу — өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.
Ж.Ж.Руссо


• Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай- ақ серттесуге болады.

Мағжан Жұмабаев


• Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов


• Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз. Л.Н.Толстой


• Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз
Ыбырай Жақаев


• Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
К.Д.Ушинский


• Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.
Спандияр Көбеев


• Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін
Серке Қожамқұлов


• Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады.
Жүсіп Баласағұни


• Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин


• Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
Ғабит Мүсірепов


• Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады.
Абай Құнанбаев


• Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин


• Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-

шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147936

Пікірлер (1)
ррррр # 11 ақпан 2016 в 19:26 0
өте жақсы

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар