Арман - ғылымға барар жол

Арман - ғылымға барар жол

Қарағанды қаласы

Дарынды балаларға арналған

Жамбыл атындағы мектептің тәрбиешісі

Алипова Раушан Әлиқызы,

 

АРМАН – ҒЫЛЫМҒА БАРАР ЖОЛ

Ару қала– Арман қала–Астана! Іргемізде. Сөйте тұра қол жеткісіз. Шәкірттер түгілі мұғалімдердің өзі емін-еркін араласа алмай, жақын таныса алмай, пұшайман борлып жүргені. Наурыз мерекесі алдында қуанышты хабар жарқ ете қалды. Астанаға баратын болдық.

Қаламыздың дарынды балалардың қатарында біздің де мектебімізден бұрыннан озық ойларымен, тың жоба-идеяларымен «Ұлт жоспарын жүзеге асырудың 100 нақты қадамына» өзіндік үлес қосамыз деп жүрген бес оқушы және осы жолдардың авторы(яғни мен Алипова Раушан) іріктелініп Астанаға бару, көрікті жерлерін аралау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында өтетін 9-10 сынып оқушыларына арналған «ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР» атты семинар-тренингіне қатысу бақытына ие болдық. Қолға түсе бермес мұндай қуанышқа ие болған үздік балаларды таныстыра кетейін. Олар  10-шы сынып оқушылары Бекет Жұмабеков, Ануар Жаппас, Марлен Сағындықов, Рысжан Ахметова, Аяжан Рамазанова.  Балалардың қуанышында шек жоқ десем болады, тап бір «Таңғажайып алаңнан» таудай-таудай ұтысқа ие болғандай, жүздері бал-бұл жанады.

Кітапхана қызметкерлері бізді заманауи «Тенгри» қонақ үйіне орналастырды. Қонақ үйдің өзі  теледидармен, WI-FI сымсыз Интернетпен, халықаралық байланыс жүйесімен, толып жатқан тренажер залдарымен қамтамасыз етілген. Бөлмелерінің ішінде не керектің бәрі бар. Ішіміз пысқан жоқ. Біздікі көру.

Келген мақсатымыздың бірінші күні «Қазақст ан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында»  «Ұлт жоспары –мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» бойынша  «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» тақырыбында 1-ші лекцияны философия ғылымдарының докторы, профессор Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы және экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Есенгельдина Анар Сатыбалдықызы, «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында  2-ші лекцияны заң ғылымдарының докторы, профессор Тлепина Шолпан Валерийқызы және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Жапарқұл Нұржан Бейсенбайұлы, «Индустрияландыру және экономикалық өсім-1» тақырыбында  экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Есенгельдина Анар Сатыбалдықызы және экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қадырова Маргарита Бөлегенқызы оқыды. Осы оқылған лекциялар бойынша кітапхана қызметкері Исина Күнсұлу Серікқызы интерактивті үстелдерде тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, білгенімізді қосымша мәліметтермен толықтырды.  

Қалған уақытымызды дөңгеленген дүниенің қазақ иеленіп отырған қасиетті бір жеріне орна­тылған әлемнің төрт бұрышынан да көзге түсіп, көрінер, алтын тұғырлы ең заңғар да, ең биік, ең абзал да, ең бір азбайтын да тоз­байтын мәңгілігінің мәңгілігі жолында мың өліп, мың тірілген қазақ үшін соғылған ұлы Ескерткіш–Астананы қанша араласақ та тауыса алмайтынымыз белгілі болса да, үлгергенімізше  ҚР Ұлттық музейге, «Астана Опера» театрына, ҚР Тұңғыш Президенті музейіне барып егжей-тегжейлі танысып алдық. Астананың басқа ғимараттарын сырттай тамашаладық. Осылардың өзі қаншама бізге рух берді. Тәуелсіздігіміздің лүп-лүп етіп соғып тұрған жүрегіндей сезіліп, кейде тамыры тереңге кеткен Бәйтеректің жапырағындай ұлы мұраттарымыздың жайқалып тұрғаны кеудемізді қуанышқа толтырды.Келесі күні «Индустрияландыру және экономикалық өсім-2» тақырыбындағы лекцияны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Есенгельдина Анар Сатыбалдықызы және экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қадырова Маргарита Бөлегенқызы, «Біртектілік пен бірлік» тақырыбындағы лекцияны философия ғылымдарының докторы, профессор Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бердағұлова Сағынтай Кеңесқызы, «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» тақырыбындағы лекцияны тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ғабдулина Бағыш Ахметқызы және заң ғылымдарының кандидаты, доцент Жапарқұл Нұржан Бейсенбайұлы оқып біткеннен кейін тағы да кітапхана қызметкері Исина Күнсұлу Серікқызының басшылығымен өздік жұмыстар орындап, пікір алмасып, пікір таласын ұйымдастырдық. Осы жұмыстарға барған оқушыларымыз белсене араласып, ойларын тұжырымдай отырып, өз жұмыстарын ойдағыдай қорғап шыққаны «Әлемді өзгертетін идеяларды» ұйымдастырушылардың жоғары бағасына ие болды. Мақтағанды кім жек көреді. Ақордаға қарадық тамсанып. Ұшар басындағы көк байрағы, Алтын қыраны – солай қарай ұмтылғымыз келеді. Бір күш солай қарай тартатын сияқты. Көңіліміз толы, арманымыз көбейіп барады. «Әлемді өзгертетін идеялардың» орталығына айналған қасиетті Астана! Осының бәрін біз үшін жүзеге асырған Елбасымызға перзенттік алғысымыз шексіз.

Аталған іс-шараны қорытындылай келе Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Базарқұлұлы Қасымбеков біздерге табыс тілеп, сертификаттар және әрқайсымызға «Біздің Президент» атты кітаптарды сыйға тартты және өзі лекторлармен бірге әр топ мүшелерімен суретке түсті. Кітапхана директорымен суретке түсу, Президентті жанынан жақын көрмесекте, көргендей әсерде болып, қуанышымыз қойнымызға сыймай, осы қуанышымызды сайт оқырмандарына жеткізуге асықтым.

 

 

 

 

 

Ортада: Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Базарқұлұлы Қасымбеков.

 

 

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Психолог жұмыстарыКоманда қалыптастыруға арналған "Жіптік курс" психологиялық тренингі "Құбыр"

Психолог жұмыстарыТренинг: «Зейін, ес, қиял – өзгеше бір әлем»

Психолог жұмыстарыҰжымдағы достықты қадірлеуге арналған психологиялық тренингтер

Психолог жұмыстарыЖіптік курс

Психолог жұмыстарыПсихологиялық жаттығу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096896

Пікірлер (2)
Нургиза Кульджина # 15 сәуір 2016 в 11:07 0
Өте қуанышты жағдай екен. Дарынды балаларыңыздың талабына нұр жаусын!
Ошақбай Суханберліұлы # 16 сәуір 2016 в 21:33 0
РРахмет! Балалардың жүрек лүпілі мен көздерінен шашырап шыққан шұғыланы көру - ұстазға да бақыт.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар