Басқару және көшбасшылық

30 тамыз 2015 - Жанар Жумахаева
Басқару және көшбасшылық

Сабақтың тақырыбы: Басқару және көшбасшылық

Өткізілетін уақыт 60 минут

Сабақтыі мақсаты: Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.

Мұғалімдердің коучинг барысыдағы мүмкіндіктері: Әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіреді.

Кәсіби білім, біліктері өседі.

Сабақтың нәтижесі: Топтаса жұмыс атқара отырып, басқару және көшбасшылық туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.

Коучинг әдістері: сұрақ-жауап, миға шабуыл, «Фиш-боун» әдісі, топтық жұмыс, жұптық жұмыс,

Ұсынылған ресерстар:МАН,үлестірме, бағдарлама, глосарий

Қолданылған құралдар: ватма, А4 парағы, АТК, постерлер.

Коуч әрекеті

Мұғалім әрекеті

Уақыты

Тренинг өткізу

«Сөйлем құрау»

Сөйлем құрайды.

2 минут

Топқа бөлу

Түрлі түсті суретер арқылы топқа бөлінеді.

Түрлі түсті суреттер арқылы топқа бөлінеді.

2 минут

Кіріспе

Видеоролик

Видеороликті көріп, өз ойларын айтады.

7 минут

тапсырма

Тақтада төменде аталған ұлы адамдардың суреттері көрсетіледі

1. Қазақ билері: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би

2. Ел басшылары: Н.Ә.Назарбаев, Д.А.Қонаев, В.В.Путин

3.Педагогтар: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко

Осы тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар

деп ойлайсыздар?

Әр топ өз ойын ортаға салады.

5 минут

Бағалау

Топтар бір-бірін қол белгісі арқылы бағалауды ұсынады.

Топтар бір-бірін қол белгісі арқылы бағалайды.

2 минут

Негізгі бөлім:

№ 1 тапсырма

« Көшбасшы» ұғымын «Фиш-боун» әдісі бойынша постер жасап қорғауды ұсынады.

« Көшбасшы» ұғымын «Фиш-боун» әдісі бойынша постер жасап қорғайды.

15 минут

Бағалау

Бағдаршам әдісі арқылы бағалау:

жасыл -«жақсы»,

сары-«орта»

қызыл -»төмен"

Бағдаршам әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды

2 минут

Тренинг-сергіту.

Ойнай жүріп, ойланайық.

А 4 парағына көшбасшылық туралы жазып бір-біріне ұшыруын ұсынады.

А 4 парағынан самалет жасап, көшбасшылық туралы білгендерін жазып ұшырады. Екіншілері оны толықтырады.

2 минут

№ 2 тапсырма

Рөлдік ойын. Әр топ өзіне берілген тапсырмадағы көшбасшыны рөлін сомдау керек. Тақтада 3 түрлі көшбасшылық бейнеленген текст беріледі.(Өктемшіл көшбасшылық. Сыйласымдық (демократияшыл) көшбасшылық. Делигирияшыл көшбасшылық.)

Әр топ өзіне берілген тапсырмадағы көшбасшыны рөлін сомдайды.

15 минут

бағалау

Дескриптор арқылы бағалау. (Әр топтан бір адамнан шығарып топ жасау. Олар бағалау критерийін жасайды.)

Әр топтан бір адамнан шығарып топ жасау. Олар бағалау критерийін жасайды.

5 минут

Қорытынды рефлексия

Бүгінгі коучинг сізге ұнады ма?

рефлексиялық парақ толтыру

3 минут

Осыған ұқсас жазбалар:

КембриджОқу үшін бағалау және оқытуды бағалаудың оқушылар үшін маңызы (коучинг жоспары)

Мектеп жоспарыЫнтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс

ҰстаздарғаДиалогтік оқыту дегеніміз не? (Коучинг жоспары)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103629

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар