Жаңа ғасырға - жаңа бастама

1 маусым 2014 - Жанар Жумахаева
Жаңа ғасырға - жаңа бастама

Жаңа ғасырға- жаңа бастама.

«Мектептің тірегі де, тілеуі де-оқыта білетін мұғалім» — деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалім әлемдегі бүкіл мамандық атаулының анасы. Ұстаз-өз өмірін бір ғана емес, мыңдаған адамның бақытын сомдап, шыңдауға бағыттаушы, соның болашағының жарқын, нұрлы болуы үшін өзінің ақыл ойыменен, күш жігерін, аянбайтын ыстық жүректі мейірбан адам.

«Елу жылда — ел жаңа» деп ата-бабамыз айтқандай, біз ХХІ ғасырда қызмет жасап отырғандықтан, әрине, заманымызға сай жаңа талаптар, жаңа өзгерістер, жаңа ойлар туындауда. Бүгінгі ұстаз «ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей»болып, дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі шыңдалған жоғары білімді, білікті маман болуы керек. Өйткені, сапалы білім, саналы тәрбие беру үздіксіз ізденумен тығыз байланысты.

Осы мақсаттарды тиімді ұйымдастыру барысында ауданымыздың білім басшылығы Шымкент қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығына Арыс ауданынан білікті ұстаздарды оқуға жіберді. Бір ай көлемінде теория жүзінде білім алған білікті ұстаздар ауданға келіп өз мектептерінде тәжірибеден өтуде. Тәжірибені жеңілдету мақсатында ұстаздар «Ізгілік» кәсіби қауымдастық құрды. Бұл кәсіби қауымдастықтың мақсаты – мұғалімдердің қоғамдастық арқылы кәсіби білімі мен біліктілігін арттыру; жаңа әдіс-тәсілдерді қолданудағы кедергілер мен жетістіктерімен бөлісетін орта құру; өзара сенімділік, ынтымақтастық көзқарасты қалыптастыру; мұғалім, оқушы, ата-ана арасындағы байланысты нығайту. «Сырдария» ауылының С. Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінде осы қауымдастықтың мүшелері Қансейтова Лаззат, Абдраманова Айжан, Асирова Мирамкүл, Патаева Айнұр, Жұмахаева Жанар, Смайлов Дәулет « Сауалнама алу арқылы мектеп басымдықтарын анықтау» тақырыбында өз іс тәжірибелерімен бөлісті.Аталған тақырыпқа көптеген пікірлер айтылып, кедергілерді шешу жолдары талқыланды.

«Ізгілік» кәсіби қоғамдастығы.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084926

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар