Ұстаз жауапкершілігі (эссе)

17 мамыр 2014 - Нургиза Кульджина

Эссе

(мұғалім жауапкершілігі туралы менің ойларым)

,

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»

Абай

,

Мен мұғалім ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын. Өзім де сол жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қамқор болу, олардың жан дүниесін түсіну, оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнату, олардың әрқайсысына мән беріп, назарда ұстау мен үшін әдетке айналған. Менің бойымдағы баланы жақсы көру жасандылық емес, бұл менің табиғатымнан берілген қасиет. Оқушыларға аяушылық сезіммен қараймын, әрқашан мейірімді, төзімді болуға және оларға құрметпен қарауға тырысамын. Сондықтан да болар мектептегі оқушылар мені қатты сыйлайды, жақсы көреді, айтқанымды екі етпейді, мені ренжіткілері келмейді. Әлде қашан мектеп бітіріп кеткен түлектер де көре қалса өздерінің маған деген ыстық ықыластарын білдіріп жатады. Ал, енді өзім жетекшілік ететін сынып оқушыларыммен қарым-қатынасым ол тіптен ерекше. Сынып оқушыларымның ата-аналарымен де тығыз байланыста боламын. Сынып оқушыларының ата-аналары бала тәрбиесіндегі ортақ мақсатты түсінген, сондықтан олармен жұмыс істеу маған жеңіл. XXI ғасырдың басындағы қазіргі қоғам тез қарқында дамып қана қоймай, өз даму үдерісімен барлық саланы жандандыруда. Соған байланысты қоғамның әр саласында түрлі мақсаттар қойылып, оларды шешуге арналаған міндеттер аталуда. Білім беру саласы да ондай өзгерістерден шет қалған жок,. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім, бастауыш мектеп, орта мектеп, жоғарғы білім беруде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері, технологиялары анықталып, жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңарған, ақпаратты ағымы қуатты, жоғары технологиялық қоғамға сай моделдері жасалуда. Жылдар өткен сайын оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістермен бірге мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер өзгеріп тұрады, сондықтан бүгінгі мұғалімге қойылатын талап, жауапкершілік аса жоғары. Өз зерттеуімізде мұғалімнің жеке бас қасиетінің негізгі мамандыққа тән мынадай іскерлік түрлері қалыптасуы қажет деген ойға келіп отырмыз: бастауыш сыныптарда қолданылатын жаңашыл әдістемелерді анықтау іскерлігі; әр оқушының жеке басының қабілетін есепке алу іскерлігі; оқушылардың таным қабілетін, өздігінен білімін, іскерлігі мен дағдысын жетілдіру іскерлігі; жаңашыл әдістемелердің мүмкіндігін мақсаткерлікпен пайдалана білу іскерлігі. Мұғалім қызметінде осындай білім іскерлік пен дағдыны қалыптастыру жүйесін қолдану, оның кәсіби шеберлігін қамтамасыз етеді. Жақсы мұғалімдер мектептегі балалардың әлеуметтік және жеке тұлға түрінде дамуы үшін өзінің жауапты екенін сезінеді. Мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (құрамды бөліктерін) жеке меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр. Оған мыналар жатады: ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі; білімнің мазмұнын игеру ісі; оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін алдын ала (диагностикалау) ісі; сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі; оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі; оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-әрекеті; оқушылардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті. Ал жеке тұғаны қалыптастыру — оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік гәжірибені меңгерту. Нақтылай түсетін болсақ, ана тілін ерекше қүрметтеп, жетік білетін, басқа тілде де жетік сөйлей алатын, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы калыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-қүлқы, айналадағы адамдарға қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, саналы еңбек етіп, өз ойын дамыта алатын, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын кезбен қарай алатын, салауатты тұлға. Бір сөзбен, жаңа әлеуметтік-экономикалық нарықтық қоғамдағы жеке тұғаның бойында болуға тиіс бірден-бір қасиеттер: белсенділік, жаңа қоғамдағы қатынастар жүйесінде өз орнын (позициясын) таба алатын шығармашылық іс-әрекет. Міне, осыншама жақсы қасиеттерді болашақ ұрпақтарымыздың бойынан көрігіміз келсе, олардың табыстарына таңдай қаққымыз келсе ұстаз қауымы қара терімізді ағызып аянбай еңбек етуіміз қажет деп ойлаймын. Мұғалімдер қоғам, қоғамдастықтар, ата-аналар мен оқушылар алдында олардың мектебі беретін білім сапасына ұжым болып жауап береді. Мен өзім жұмыс істеп жүрген мектебімді — өз үйімдей, өзім сабақ беретін оқушыларымды — өз балаларымдай, бірге қызметтес болып жүрген ұстаздарды өз туыстарымдай өте жақсы көремін десем артық айтқаным емес. Егер мамандық қайта таңдау қажет болса, мен осы ұстаздық мамандықты ойланбастан тағы да таңдар едім. Басқа мамандық туралы бала кезден бастап ойыма да кіріп шықпапты. Қоғам үшін өзіңді жауапты санаудан артық бақыт бола ма? Мен қазір баланың шуынсыз, қоңыраудың үнінсіз жүре алмайтын жағдайға жеткен ұстазбын. Адам өмірінде мамандық таңдаудан қателеспеу керек деген сөз бар ғой, ол шындық екен. Жұмысыңды аңсап бару, қуанып қайту, өзіңнің не бітіргеніңді, енді не істейтініңді білу, бұл — мамандығын сүйген адамның ісі.

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыМамандық таңдау-ертеңді ойлау. 9-11 сыныптар

Әдіс бірлестіктерРефлексивтік есеп, коучинг

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062410

Пікірлер (2)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар