Қазақ мақал-мәтелдерінің астарлы сыры. Ғылыми жоба

Қазақ мақал – мәтелдерінің астарлы сыры

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік аулы № С.Қожанов атындағы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кембілбекова Гүлзина

10ә сынып оқушысы Сұлтанбек Аружан

 

І. Кіріспе

 Тақырыптың  өзектілігі: Мақал-мәтелдер халықданалығыныңқазына байлығы.Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние.Сондықтан да оны жұртшылықжадына сақтап,өзініңкүнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынаста пайдаланады.

            Қазақхалқы рухани дүниеге, қазынаға бай халық.Оныңқай түрін алсақта тәлім тәрбиесі мол, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өсиеті ерекше.Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтыңөзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқанауыз әдебиетініңбай саласыныңбірі-қазақтыңмақал-мәтелдері.Мақал мен мәтелге  бай халықтыңбірі қазақхалқы.Қазақхалқыныңмақал-мәтелдерініңшығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы:«Мақал да тақпаққа жақын, салт- санасына           сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді.Мәтел дегеніміз кесегімен айтылытын белгілі-белгілі сөздер.Мәтел мақалға жақын болады.Бірақмақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады.Мәтел ақиқат жағына қарамай әдетті сөз есебінде айтылады»-деп көрсеткен болатын.Демек, мақалда тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз шындықпен астасып келіп, мақалдап шешен тілімен айтылатын сөздер болса, ал мтелде тұрмыста қолданылатын сөздердіңшындыққа жанаса қоймай, кесегімен айтылатын сөздердіңқатарына жатқызуға болады.

            Қазақхалқыныңмұрасы осы мақал-мәтелдердіңөзіне ғана тән ерекшеліктері жайлы, халықтыңмінезіне, табиғатына лайықтуындап отырғанынкөптеген зерттеушілер кезінде көрсетіп, айтып кеткен еді.Ә.Диваев та «Тарту» атты еңбегінде қазақ«мақалдардыңкөбіөзініңдәлдігі, өткірлігі жөнінен суретшініңқыл қаламына ілігуге сұранып тұрғандай.Өйткені онда қазақтыңкөшпенді де еркін өмірін қамтитын тірі келбеті тұр»,-деп олардағы халықтіршілігі бейнеленетінін нақты суреттейді.Ал Х.Досмұхамедұлы: «Қазақтыңмақал мен мәтелдері ағыл-тегіл көптігімен және өткірлігіменерекшеленеді.Шынында да мақал-мәтелдердіңидеялық-эстетикалықмән- мағынасы, мазмұны оқырманға сөз құдіреті, сөз қуаты арқылы жетеді, оны ойландырады, иландырады.Ұлттықмәдениет, болмыс, дін сияқты ұғымдардытоғыстыратын ана тілі байлығынан мақал-мәтелдер адамзатқа ой-өрісін, пікір-көзқарасын, әлемді түсініп-түйсінуін мейілінше толық, барынша ұғынықты, әсерлі жеткізіп, қажетті сөздерді сұрыптап, таңдап көрсетеді.Солардыңішінде әр халықтыңұлттықболмысын танытатын бай мұралардыңбірі-мақал –мәтелдердіжан-жақты зерттегуге бағыштаған еңбектердіңөзектілігі даусыз.Сондықтан халықтыңмәдени дүниесін дәріптейтін бұл тұрақты тіркестердіңтілдік табиғатын тану үшін жүйелі зерттеу жүргізудіңқажеттілігіндекүмән жоқ.

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.1.Мақал-мәтелдіңзерттелуі

Қазақтыңөткентарихынан сыр шертер мол мұраларыныңбірі саналатын, мақал-мәтелдерді жинап, оны баспа бетте шығуы ХІХ ғасырдыңекінші жартысынан басталды.Бұлардыңеңалғашқы жанашырлары Ш.Уәлиханов пен Раулов болып есептеледі.Ш.Ибрагимов қазақтыңмақал-мәтелдерін 1874 жылы А.Васильев 1892ж, В.Катаринский «Қазақтыңмақалдар жинағын», 1899жылы Орынборда, Ф.Плотников               Омбыда,  Мелиоранский 1893ж  жинағанмақал-мәтелдерін археология қоғамыныңШығыс бөлігініңеңбектерінде жариялайды.М.Искаков жинаған мақал-мәтелдер 1914 жылы Қазан қаласындабасылған.Ә.Диваев жинаған мақал-мәтелдер газетте жарияланды(1,123 б).

Халықтыңөмір тәжірибесін, жақсылықпен жамандықтуралы ұғымын тіршіліктіңсан тарауына берген бағасын, белгілі бір құбылыстардыңқорытындысын, тобықтай түйінін әрі қысқа, әрі нұсқа етіп айтатын ғибрат сөздер мақал- мәтелдіңауыз әдебиетінде халықтыңдүниені танып-білуініңдәрежесі байқалады, адамшылық, отаншылдық, еңбекшілдік, мәрттік, ізгілік, қаһармандық, мейірімділік секілді қасиеттердіңпарқы ажыратылып көрсетіледі.Халықтыңтұтас бітім-болмысын ұлттықпсихологиямызда етене жақынұғымдармен, ұлттықнақыш-бояумен шебер көрсететін және әдеби тілді дамытудағы орны айрықша даналықиірімдерініңбірі мақал-мәтелдер.

Мақал-мәтелдерде жиі кездесетін тереңмазмұнды тұжырымды әсерлі, бейнелі түрде  оқырманойында  тез сақталып, жатталып қалуға бейімділігімен назар аудартады.Бұл тұжырымдарда адам өмірініңалуан қырықамтылып, адамныңпозиция жалпы адамзаттыққұндылықтармен қарастырылады: белсенді іс-әрекетке үндейді, бір сөзбен айтқанда, мән-мағынасын, философиясын аз сөзге мақал-мәтелге сыйғызады.

Халық  қашанда «мақал-мәтел» деп қосып айта салады да, ол екеуініңайырмашылығын ашып жатпайды.Ал осы «мақал-мәтел» деп айту кездейсоқемес. Өйткені, бұлекеуініңсыртқы, ішкі құрылысыныңбір-біріне өте жуықжатады.Жай сөйлем түрінде де, құрмалас сөйлем түрінде де кездесіп отырады.

Мақалдар халықтыңтұрмыс-тіршілігіне, қоғамдықөміріне, еңбегі мен тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оныңтақырыбы да орасан көп.Бұл реттемақалға қосылмаған нәрсе жоқдеуге болады.Халықтыңтұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көз қарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайғысы, айтатын ақыл-өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халықөмірініңбарлықжақтары-мақал-мәтелдердіңбасты тақырыбы болып отырады.

 

ІІ.2.Мақал-мәтелдердіңерекшелігі

Мақал-мәтелдер-бірнеше ғасырлар бойы атадан балаға мирас ретінде беріліп келе жатқан халықданалығы.Кез-келген халықмақал-мәтелдерді үнемі естеріне сақтаған, даяр тұрған мұра ретінде ұстап, өзініңкүнделікті тұрмысында, бір-бірімен қарым-қатынас кезінде пайдалануға, сол арқылы өз ойларын, танымдарын құнарлыда тұшымды, көрікті жеткізуге тырысады.Мақал-мәтелдер -халықтыңбелгілі бірөмір тәжірибесінен жинақталған, айқын ойды үлгі-өнеге, өсиет ретінде көркем бейнелеп, жеткізетін халықтыңкөне де бай рухани қазынасы.Ел аузында «Ер қазынасы-ескі сөз, ел қазынасы-ескі сөз, тіл қазынасы-ескі сөз» деген мақал бар.Бұл мақал

әшейін, әлдеқалай айтыла салған сөз емес, өмір жүзінде ел аузындағы ескі де мәнді сөздер.

Мақал-мәтелдер халықтыңатам заманда өткенөмір тіршілігі мен бүгінгі болмысынболашағымен жалғастыратын алтын арқау: олар рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуынабірден бір кепілі.Бұл қазына байлықтан айрылған этикалыққауым өзініңөткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымныңболашағы да жоқ.

Олардыңқалыптасу тарихы тым ерте басталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, халықтыңөткенөмірі, дүниетанымы, әдет-ғұрып, салт-санасы өзгеріп, білімі, мәдениеті артқан сайын өзіне тереңде мазмұнды, дұрыс идеялықмағынаны талап ете бастайды.Соған орай мақал-мәтелдердіңтақырыптары да молыға түседі.

Мақал-мәтелдердіңтарихи категория екендігі «Қазақәдебиеті тарихы» атты еңбекте де айқын көрсетілген: «Қазақмақал-мәтелдерінде қазақелініңбасынан кешкентарихи  кезеңдердіңіз-сүрлеуі айқын көрінеді.Арғы көне заманнан бергі күн бүгінге шейінгі еліміздіңтарихи даму жолында кездескен үлкенді-кішілі оқиғалардыңбәріне де белгілі мөлшерде мақал-мәтелдер қазынасы өзінше енші қосқандығы  байқалады».Бұл ойды Ә.Диваевтың: «Мақал-мәтелдер халықтворчествосыныңеңкөне түрі.Сонымен қатар олар көне заманда туған күйі қатып-семіп қалған емес, дәуір өзгерген сайын молайып, толығыпотырған, халықтұрмысындағы  әрбір елеулі кезең, жаугершілік, шапқыншылықболсын, той-думан болсын, шаруашылыққа байланысты жағдайлар, қуаныш-реніш, мұң-шер, азап пен рахатты сәттер түрлі айтушылардыңөңдеулерінен өтіп қалыптасқан, мақалға айналған»,-деген пікірі құптай түседі.Әрі мақал-мәтелдердіңзаман дамуына орай өзгеретіндігін және көбейіп отыратындығын айтады (5,33б.).

Мақал-мәтелдер-кез келген ұлт мәдениетін, өмірін танытатын тұғыр.Ол өз тамырын тереңге жайып, ата-бабаларыыздыңөмірімен болашағымен стасып жатады.Қазақмақал-мәтелдерініңөзіне тән негізігі бір  ерекшелігі-   аз  сөзбен көп  мағына ерекшеліктерін  беретіндігінде. «Аз сөз ­­–алтын, көп сөз- көмір», дей отырып, халықөзініңмақалдарында  мазмұнды  әңгіменің   «тобықтай  түйінін» береді ой-пікірін, көзқарасын әрі терең,әрі ашықайтады.Мақал-мәтелдердіңсөз саралауы олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинақы, ықшам келеді.Айтылатын пікір, жасалатын қорытынды, берілетін баға толықдәлелденген, шыңдалып, шынайыланып жонылып, өткірленіп келеді. Сондықтан да   мақал оралымды,өткір болады.Мақал-мәтелде дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады.                                               

 Ішкі құрылысы жағынан алғанда, мақалдарекі түрлі: Біріншісі-айтайын деген ойды  ашықетіп бірден, турасынан білдіреді.  «Жауды аяған жаралы қалады», «Бірлігі жоқтың-тірлігі жоқ», т.б.   Екіншісі-негізгі ойды астарлап айтатын, ишаратпен білдіретін мақалдар.Қазақмақалдарыныңбіразы осы соңғы түрге енеді. Мұныңа мысалдарына «Жығылсаңнардан жығыл», «Сырын білмеген аттыңсыртынан жүрме» деген мақалдарды жатқызуға болады. Сыртқарағанда бұл мақалдардаайтылатын ой айқын,әрқайсысы өз орнында тұрған секілді. Бірақолардыңтүпкі мағынасында  басқа  әңгімелер жатады.  «Жығылсаң  нардан жығыл» дегенде, нардан жығылып қалуды айтып отырған  жоқ, нардай іске ұмтыл, мақсатыңа  жете  алмасаң,  ол  айып  емес  ддеген  ойды  білдіреді. «Сырын  білмеген аттың  сыртынан  жүрме» деуде тура  мағына  болуымен  қатар, астарлап  айтылған жанама  мағына  бар. Ол  сырлас   болмаған, сырын білмеген адаммен бірден  ашна-жай  болудың  қолайсыз  жағдайға  душар ететінін  айтады. Сондай-ақ,  «Түйенің  үлкені  көпірден  таяқ  жейді», «Керек  тастың  ауырлығы  жоқ», «Қысқа  жіп  күрмеуге  келмес», «Аузы  күйген  үріп т ішер» деген  тәрізді  мақалдарды  алсақ,  бұлардың  ішінде  тура мағынадан  гөрі,  астарлап  айтылған,  жанама  түрінде  берілген  мағына,  ой-пікір  жатқанын  байқаймыз.  Айтайын  деген  ойды  осы  сияқты  жанама  түрде астарлап  айту  мақалдарға тән  еркшелік    болып  табылады.       

Мақал-мәтелге тән  ерекшеліктің  бірі-оның  құрылысында. Мақал –мәтелдер  көбінесе,  бір  сөйлемнен  құрылады «Кеңесті  ел-кемімес», «Тіл-қылыштан  өткір», «Ақыл жастан  шығады, асыл тастан  шығады»т.б. Осындай бір  сөйлем  арқылы-ақ  мағынасы  терең, мазмұнды  әңгімелерді жеткізе алады.

Мақал-мәтелдердіңқұрылысында  дыбыс  үндестігі, бір  дыбысты  не  бір  сөзді  қайталаушылық, сөз  ұйқасымы  орын  алады. Мақалды  бұлай етіп  құру, оныңмазмұнын  тереңдете  түсумен  қатар айтылатын  негізгі  ойды  көркемдеп  жеткізуге  себепкер  болады, соған  көңіл  аударады.  

«Болған  іске  бекем  бол», «Үміт-үзілмес», «Ерлік-елдің  сыны», «Болған  кісі  болдым  демес, болдым  десе, болғаны  емес» дегендерден  дыбыс  қайталаушылықтың, дыбыс үндестігінің  үлгілерін  көреміз. Мұнымен  қатар, қазақ  мақалдары, көбінесе, өлеңніңжеті-сегіз  буынды жыр  түрінде  жасалады. Негізгі  ойды  аз  сөзбен  өткірлеп, жеткізе  айтуды  көздеумен  бірге, оның  әдемі, көркем және ұйқасымды болып келу жағында қарастырады.Бұл ретте кейбір мақалдар бір шумақтан тұратын өлеңсияқты.Бұған: «Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер; ер басына күн туса, етігімен су кешер», «Арықдеген жаман тай, жазға шығып ат болар; жамандығыңсезілсе, жақын кісіңжат болар», «Жамандықты көп қусаң, құтылмас пәле жолығар, жақсылықты көп қусаң, бақ-дәулетіңмолығар» деген мақалдар мысал бола алады.Мұндай мақалдар кейде тереңмағыналы толғау, нақыл сөз есебінде де айтылады.

            Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынана бір-біріне жақын және ұқсас келеді.Бірақөзара айырмашылығы да бар.Басты айырмашылық-бұлардыңмазмұнында.Халықданалығыныңқоймасы-мақал-мәтелдер дедік.Солар арқылы халықөзініңүзеңгілесіне өмірді танытады, қоғам тіршілігінен, елдіңхал-ахуалынан хабар береді, заманалар тілегі, мыңжылдардыңарман-мүддесі дуалы ауыздан шығып, ұрпақтан-ұрпаққа тарайды, халыққазынасы ретінде ғасырдан-ғасырға сақталады.Сондай-ақмақал-мәтелдер әр түрлі дәуірдегінақты өмір шындығына, халықтыңерте кездегі ұғымына, ой-санасына сай келіп отырады.Осы халыққазынасыныңғажап әдеби туынды екендігіне ол туралы оқыған сайын, білген сайын көзіңжете түседі. Ғ.Жандыбаев та «Сөз мәйегі» атты еңбегінде: «Мақал-мәтелдер-тәрбие, тағлым, даналықмектебі, сондай –ақсонау ықылым замандарда туған мақалдар барлықұрпақтармен бірге жасасып, күні бүгінгі біздіңде құлағымызға  жағымды, тілімізге  жатық, санамызғасіңімді қалпын сақтап келеді.Осылай бола да бермек.Бұл мақал-мәтелдердіңескірмес, көнермес асылдығын көрсететін қасиет»,-деп тілдік қорды байытар ел мұрасыныңайшықты, мәнді, зор талғаммен екшеленіп алынған сөз тізбегі екендігіне, олардыңерекше қасиетіне мән береді(1,115 б).

Сөйтіп тіл арқылы жеткен ауыз әдебиетініңосынау түрінебаса көңіл бөлу міндетте.Дегенмен тіл бір ұлттыңменшігі емес.Сол тілде сөйлейтін жеке адам өз ұлтыныңбітім- болмысын,  дәстүрлерін сіңіру арқылы өз тарапынан ұлт мәдениетіне үлес қосады.

ІІ.3.Қазақмақал-мәтелдерініңастарлы сыры

            Сөзіміз қазақ мақал-мәтелдерінің астарлы сыры болғалы  отырғандықтан, тақырыбымыздың аты айтып тұрғанындай, орнынан ауысқан сөз мағынасы көздеген нысанадан дәл шықпайды.Мәселен қазақта: «Немере несін береді, етін жеп сүйегін береді» дейтін мәтел бар.Негізгі, бұл аастарлы мақсатта қолданылған сөз екенін көп адам аңғармайды.Оны дәл осы айтылған мағынасында түсініп, немереге әлденеден көңілі толмаған кезде қолданып жіберетін шал-кемпірді байқап жүрміз.Бұл мәтел біздің заманымыздағы кісілерге тура мазмұнды жетпеген.Ал анығында осы сөздің дұрыс мағынасы немере атасына құр сүйектің өзін бермейді.Қолына асықты жілік, жамбас сияқты кәделі сүйек түссе соны атасына, әжесіне ұстатады.Үлкендерге құрмет орнында сыйлап береді.Ал өзі жай, атақсыз етті жейді деген сөз.Осыны логикалық қисын жағынан алып қарасаңыз да көз ашқалы  айналасынан өнеге, тәлім көрген немере қу сүйектің өзін беруші ме еді? Демек, мұны ойлы адамның бірі әдейі жорта айтқан.

                Мақал-мәтелдің бір алуаны басқа бір нәрсеге қаратыла сілтенген болып адамға да арналғаны мәлім.Мәселен: «Иттің бажасы көп, құдасы жоқ», «Қасқыр қорыққан төбетіңнен қаншық қорықпайды...», «Ойы жаман өгіз бұзаумен бірге жайылады», «Келсап құрыса,  келі керектен өзі-ақ шығады», «Буаз бие сүзеген сиырды көзінен таниды», «Есек есекті несиеге  қасиды», «Бір есек қырық түйені жетелеп  жолдан шығарып  әкетеді» деген сияқтылар.

         Сондай ақ,  бір ділмардың  біреуді түйреп айтқан  мақалына  қарсы  айтылатын  шешендік  түріндегі  мақал-мәтелдер бар.Мысалы: бір шешен енді бір шешенді  сөзбен  жықпақ  болып  оның  сиырларын  сынау арқылы  тиісіп: «өгіз мүйізді  сиырдың  сүті  болмайды, сиыр  мүйізді   өгіздің күші болмайды», сиырың  арбақ  мүйіз ал өгізің  шыбық  мүйіз  екен.Мал  иесіне   тартады  деген осы  екен-ау! Өзіңнің  де қырыстанғаныңда  қоймайтын  кежірлігің  бар еді. Елде  жоқтың  саған  келіп  біткені  сол  шығар!-дегенде  анау:

-Жақсы  айтасың   іздегенің  сол болса   менде айтайын. «Еркек дауысты  әйелдің  ұяты болмайды», «Әйел  дауысты  еркектің  қуаты  болмайды», қатының  ата қаздай  барқылдақ, өзің ұрғашыдан  арман  шіңкілдексің! Сол  сиқыңмен  кенедей  қадалып қайтпексің!-деп  іреп  салады.Тап  сол  сияқты  өзімен  құрдасм  молдаға  бір  болыс: « құнарлы  жерде  бұқа  семіреді,  құнарлы  жерде  молла  семіреді»  деген. Басты  сен ал,- дегенінде ділмар  молда:

-Сөзді  семіргеннен қозғасаң,  жақсы  айтасың. «Аурулы  жерде  бақсы  семіреді, даулы  жерде  жақсы  семіреді», маңайында  жер  бөлігі, жесір  дауы болып  жатыр екен.Олай  болса,  дәл  биыл  сенің  де арықтан  өле  қоятын  жылың  көрінбейді, осы  басты өзің-ақ  алып бүйіріңді  шығар!- деп  тілін  қырқып  сөйлетпей  тастайды.

         Мақал-мәтелдерден  кешегі  көшпелі  қазақ  дәуірінде  қолданылған  тағы  бір  үлгі – алдыңғысы айтқандай  екіншісі  ойната, құбылтып  жұртты өз  аузына  қаратқан  майталман  ділмардың тапқырлық  дәстүрі.Мәселен, «Өткір  пышақ қынға  қас,өтірік  сөз  жанға  қас» деп, әлгіні  бұрынғыдан гөрі  өршітіп  толықтырады. «Жақсы  аттың  тісін  ашып  қара ма,  жас  қатыны  бардың  жасын  сұрама» десе, екіншісі: «Өткір  пышақ  жанға  керек, қынға  қас,  өтірік  сөз  дауға  керек,  жанға  қас» деп, әлгіні  бұрынғыдан  гөрі  өршітіп  толықтырады. «Жақсы  аттың  тісін  ашып  қарама-киесі  болады, қатыны  жастың  жұрт  көзінше  жасын  сұрама,  әр  нәрсенің  жүйесі  болады»,  деп  білгірлік  танытады. Сол  сияқты:  «Ойлының  алдында  көкірек  көтерме, қайғылының  алдында  қарқылдап  күлме» десе, екінші  шешен  оның  себебін, мағынасын аша  түсіп: «Ойлының  алдында  көкірек көтерме,  жазасына  ұшырайсың,  қайғылының  алдында  қарқылдап  күлме, назасына  ұшырайсың»- деп  толықтырады.Ал: «Ақсақалдың  назасына  қалма, патшаның  жазасына  қалма»,  десе:»Ақсақалдың  назасына  қалма, сақалының  ағы  ұрады,  патшаның  жазасына  қалма, өзі  ұрмаса  астындағы  тағы  ұрады»  деген  тәрізділер.

         Мақал сөздің тағы  бір  ерекше  қызық  нұсқасы шаншымалы,  қармақ  бас  болып  келетіні.Мысалы, «Науқастың  беті  бері  қараса,  тәуіп  шақыртпай  өзі  келеді», «Жаманға  ем  жасасаң, жазыла  бастаса  ұмыта  бастайды», «Қорыққан   молда  мешіттен  ұзамайды», «Қатыны өлген қызы  бар ауылға  қарап  жылайды», «Екі  суайт  бірін-бірі  иландыра  алмайды», «Сыланайын  десем байдан  қорқам, сыланбайын  десем  тоқалдан  қорқам», «Қызыл  кебіс  қисық  аяқты әңгілейді», «Еркегін  жеріткен  әйелдің  үлдемен  бүлдеге  оранғанынан  не  пайда», «Жазымсыраған  қыстан  без, жасымсыраған  қыздан  без», «Кәрі  қыздың  ұяты  босағадан  аттағанша», «Ойының  бекімі  жоқ  қыз  қырық  құбылады», «Қалыңсыз  келген  келін  қырыстанғаныны  қоймайды»,  «Қалпақтың  қапысы  жоқ, киетін  басты  айт», «Даңқ  жақсы, былығы  шықса  тез  кірленеді», «Үп десең  ұшып  кететін, өпсең ұшынып  кететін», «Сұм  байыса  үйі  тар, қатыны  қар  болып  көрінеді», «Нәпсі  арды  айыртқызбайды», «Мол  берсең,  молла  да  бәйек  болады», «Ұста  қатынымен  темірі  қызғанша ғана  ұрсыса  алады», «Мыржық  жігітке ыржық  қыз өз  Ләйлісі  болады» деген  тәрізділер.

         Жалпы,  қазақ  мақал-мәтелдердің  ішінде  Өтежан  Тұрманжановтың,  Музафар  Әлімбаевтың кітаптарына  ілінгені  бар,  кірмей,  шет  жақтағы қазақтарда  сырт  қалғаны  бар,  ұлғаттылық  жөнінде  ең  сирек  ұшырайтын  біразына  ден  қояр  болсақ: «Кісісі  буынып өлген  ауылда  жіпті  аузыңа  алып  сөйлеме», «Тәкәппар  кісісі   өлсе  жалғыз  жылайды», «Тәкәппардың  тәубасы  қабыл  болмайды», «Тәкәппардың  семірткен  малы  ойнақ  салып  жүріп қасқырға  кез  болады», «Тозақты  көрмеген  Ұжымаққа  мұрын  шүйіреді», «Төрт  тұрманы түгел  бай  тырнақтай  тарту алады», «Патша  бере алмаған  ақылды  ойшыл  береді», «Ұрыны  қонаққа  шақырсаң  қораңа  көз  салып  отырады, залымды  қонаққа  шақырсаң  қатыныңа  көз  салып  отырады», «Шалдың  әні  зармен  тынады», «Кемпір  бала  жұбатқаныны  ұмытып, өз  гөй-гөйіне  түседі».

         Енді  кейбір  мақал-мәтелден түп  тамырынана  мүлде  қате  түсініп  қолданатын  тұсқа  келетін  болса, мысалыға,  «Алтынды  көріп  періште  жолдан  шығады» дегенді  қазақ  пендешіліктің  мұқтаждығына  айналдырып  алған.Әсілі, бұл  мүдде, «Пайда» жағына  дүмшелікпен  бұрылған.Не  тойда, не  өлім  үстінде  бір  шаршы матаға  түс  шайысып  қалған  моллаларға,  яки  ата  жолына  таласқан  екі даукеске  былай шыққан  соң  жұрт: « -Сіздердің  бұларыңыз  қалай!?  Біреудің  торқалы  той, топырақты  өлімін  сыйласаңыздар  болмас  па!?», десе сөзгер  қазақ  заңға  сыйғызып: «Әй, жараңдар! Біз  сүт емген  пендеміз ғой… Сасық   ет, кемік  сүйектен  жаралған  адам  біз  тұрмақ, «Алтынды  көріп  періште  жолдан  шыққан» деген сөз  бар, деп ақтала  салғысы  келеді.  Міне  осының  өзі  айтушыны  ойсыздыққа  соқтырғанын  білмейді. Тіпті, діни  жағынан  арандаған  деу  ләзім.Неге  дейсіз  ғой.Біз  мұсылман  қауымы  періштені  Алла  Тағаланың сенімді  қызметкері деп ұғамыз.Ол  ішпейді,  жемейді, тек  зікір  салумен  ғана  қоректенеді.Өзі  еркек пе, ұрғашы  ма, деп  айтуға  да болмайды, бар  жаратылысымен Алланың  адал  қызметшісі.Ал  сонда  оның  әлгі  алтынға  қызығып  жүргеніне  жол  болсын?

         Бұның  діни  ғұлама білімдарлардан  қалған  астарлы  мағынасы  мынау  еді. Пайғамбарымыз  Мұхаммад  салиолла  ғалайһи уәссәләммен  пікірлес  болған  әзірет –Жәбіраһил  жолда  жатқан  алтынды  көріп   «Алланың  ықылас –нұрымен жаратқан,  ардақты  нәрсесін  аттап  кетіп,  не  басып  кетіп  кінәлі  болып  қалмайын» деп,  жолдан  шығып  кетеді. Біздің  әлгі  періштеге  дейін  шүленсіген, «Жомарттықпен»  баға  бере  тіл  тигізіп: «… Жолдан  шығыпты», «жолдан  тайыпты» деп,  атадан  балаға  қалдырып  жүрген  жаңсақ  өсиетіміздің  мән  жайы  осы  болатын.Бұған  ұлы  ғұлама  Абай  атамыздың  жиырма  тоғызыншы  қара  сөзіндегі  мына  сөздер  де  дәлел: «Алтын  көрсе,  періште  жолдан  таяды»,-дейді.Періштеден   садаға кеткір –ай! Періште  алтынды  не  қылсын  өзінің  көрсеқызар  сұмдығын  қостағалы  айтқаны.Ал  қаза  даналығының  кісі  өлімі, құн  дауы  кезіндегі  атқарған  қызметіне  назар  аударып  байқайтын  болсақ, мақал-мәтелдердің  орны  бұл  тұста  тіпті  ширығып  кетеді.

Дауға  түскен  ел  иесі,  билердің  айтыс-тартыс  үстіндегі  әр  шешендік  сөзі  егер  болған  екі  елдің  кеудесінде  шыбыны  бар  жас  кәрісін  елеңдетіп,  басқаның  бәрін  ұмыттырады.Ұтымды  шыққан   ұрымтал  жауап  олардың  қыбын  қандырып,  жанын  кіргізіп  «Ә  құдайлатып» отыратыны  мәлім. Ондай  сәтте  сөз  шіркіннің  өзі  де  бабына  келіп, зар- күйіне  мінген  қырандай  құлпыра  жанданып  кетеді.Сөз  саптасымыз  дәлелді  болуы  үшін  «Дүрбелең»  атты романның  екінші  кітабы  шырғалаңда  қолданған   құн  дауына  қысқа  ғана  тоқталайық.

Осы  ғасырдың   бас кезінде  Іле  облысындағы  Қызай  елінің  Шеру  руында  бір  құн  дауы  болады. «Биеке-Бітік» деген,  арғы  түбі  ағайынды  кісіден  тараған, екі  тайпа  арасында  алғаш  рет  жеті  атаға  толмай  қыз  алысудан  жанжал  туып  екі  жақтың  бірінен  Тапбасар  деген  батыр  жігіт  өледі.  Бұл  іске  оншақты  тайпадан  тұратын  Шеру  руының  жақсысы  мен  жайсаңы  тегіс  қозғалады.Мұндайда  қолмен  демеген  болып, аяқпен  шалып  неғұрлым  дауды  өршіту  жағына  тырысатын  қасқыр  ауыз, түлкі  құйрық  пысықайлар  да  барын  салатын  әдеті. «Екі  ел  егер  болса  епті  жігіт  арасынан  қыз  алады»  демекші,  айтыс  ұлғайып  ақыры  өзге  жолмен  бітіспей, тек  құн  дауымен  аяқтауға  жеткізеді.Ел  үшін  мүйіздесіп, ырғасқан  болып, неше  жерден  шырға  тастап, өз  құлқынын  ойлаған  жемеңгерлер  жылқы  ішін  аралаған  мандам  айғырдай  жұртты  былғап  болады.Сонысмен  қазіргі  Нылқы  ауданының   Көкебай  деген  жеріне  ел  жиналады. Әлгі  Биеке мен  Бітік  таптары  екіге  бөлініп, орталарына ұзынынан ала  арқан  тастап  бір  шетке екі  жақтан  да  кекілін  кесіп  ат  байлап, шешендер  дауға  кіріседі. Бұл аттар  өлген  жігітт  Тапбасар  мен  оны  өлтірген  Дөңқабақ  дегенннің  төл  аты,  бәсірелері.

Төбе  би  Көмекбай  қажы  орнынан  тұрып  сөз  бастап: -Ей,  халайық! Алдымен  сөйлеген  соңғы  сөйлейтіннің  не  айтатынын  білмейді. Екі  би  екшесе  жатар. «Ақылсыз  қайрат азап»  деген  осы. Бірақ  қанша  қуғаныңмен  кешегіңе  жетпейсің  де,  ертеңгіңнен  кетпейсің… Ертең  тағы  қатар  жасайсың.Біз  ойласақ  осыны  ойлайық. Кешегіге  жетем  деп  өтіп  кеткен  жауынды  жамылшы  алып   қумайық.Осы  отырған  екі  жағыңның  бәріңнің  атаң  Биеке-Бітік бір  әке-шеше  ден  туған  ағайынды  кісі  болғанын  ойлай  отырайық.Дәл  қазір  сол екеуін  тірілтіп  әкелсең  де  екі  жағың  қырылыс  деп  айтпайды. «Білек  бір  болғанымен  саусақ  басқа» деп  аруаққа  жат  болмаңдар.Ол  жұмсаң-жұдырық, ашсаң-қылдырық  болады.  «Ел  ағасы  іріткілі  болса, елін  жолаушы  шабар»  деген,  есуас  билікпен  екі  елді  арандатуға  жол  жоқ!-деп  алдымен  кісісі  өлген  жақтың  биіне  сөз  береді. Ол:-Уа,  жараңдар! Мен  болсам  адырнасы  үзіліп,  атар  оғы  таусылып  арым  күйіп  отырған  адаммын! Айтқаныма  жетпей, құлағыма  сөз  кірмейді. Атам  қазақ: «баласын  өлтірген  ұмытқанмен, баласы  өлген  ұмытпайды!»  деп  неге  айтты! «Ердің  құны  нардың  пұлымен  бітеді» деп, мен  өзге  даугердей  іші  тезек, сырты  түк,  қыл-құйрыққа  бітіспеймін.Келелі  маймақ  түйе, маубас  қой, сасық  тұмсық  сиырыңның  керегі  жоқ.Айдап  берген  ақтылы малыңмен  бітетін  болсам,  жарасы  жеңіл  екен  ғой, дейсің  де  ертең бір  кісімді  тағы  өлтіресің.Сондықтан  «қазан жулы,  қан  шайлы» құн  дауын  ада-гүде  бітіріп,  тыныш  табам  десең, осы  қазір дар  құрғызбай  тынбаймын! Қанға-қан, жанға-жан.Ал  оны  істемесең, дінімді  ұмытсам ұмытармын, кегімді  ұмыта  алмаймын!… Сөзім  сол!-дейді.Төбе  би Көмекбай  қажы  енді  құныкер  жақтың  биін  сөйлеткенде  ол:

О-оу, жақсылар! «Кінәлінің  тілі  қысқа» деген, тілім  қырқылып  отыр, мен  не  айтам? Бар  айтарым  тек  қана,  бір  бауырымызды  жоқтаймыз  деп,  тағы  бір  бауырымыздан  айрылғалы отырған  сөздің  төркінінен  шошынам.Ал, айып  алам  десең  жайылған  мал,  жалпақ  үйім  сенікі.

Көшірем  десең  шуақты  қоныс,  суатты  өрісім  сенікі  дейім.Дүрелесең-  арқа  етім,  түкірем  десең- арбетім  де  сенікі  деймін. Ал  тіпті,  алда  жалда  дар   құрғызбай  шерім  тарқамайды  десең,  қыл  арқаным, қылша  мойным  тағы  сенікі,  тек  ашуыңды  бас, тақсыр, бас!!!-деп  тоқтайды. Сонда  Төбе  би:

-Ей. Биеке-Бітік  баласы! Атамыз  қазақ «жоғарыдан  келген  Ақсүгір, төменнен  келген  Қарасүгір, ойдан-қырдан  басымызда  құраған  құдайға  шүкір» деген  екен… Сол  айтқандай-ақ, ұялы  терек, руыңмен  отырып бас  қосып,  кеңес  қылған  бүтіндігің  үшін  құдайға  шүкір  десең  болады.Бір  заманда  бұл  күніңе  де  зар  боласың.Оның  үстіне  айыпты  жағың  қабырғамды  сөк  деп, қақырап, иығымнан  шап  деп, ыдырап, бас  ұрып  отырғаны  мынау! Иілген  басты  қылыш  кеспейтіні  қайда, әлгі.Кісі  өлтіруге  асықпасаң  атаң  да-қара  жер, анаң  да-қара жер, бірің  емес,  осы  отырған  бәрің  де  таусыласың  әлі.Биекеңнің  биі  сен  «кемеліме келдім, кержорға  атқа  міндім, айтқанымды  қылам  деп  демікпе! «Болдым»  дегеннің  қара  жер  түбіріне  жетеді, «жетістім» дегеннің  кедейлік  сіңіріне  жетеді»  дейді.Жазатайым  мерт  болған  жігіт  үшін  «әмірші  есірсе  әлеумет  сорлайдының»  керін келтірме!» «Ерге  құнды  бол  да  тірі  қал, етігіңнің  нәлісі  тозғанша  ұмыт  болады», дейтін  сөз  қайда.Не  тентек  атан  да, етегіңді  кесіп  елден  шық. Не ата  дәстүрінен  аттамай, қазақ жоралғысымен  құн  алып  бітесің! «Жұт  болса  ит семіріп  иесіне айбат  қылады, дау  болса  би  семіріп,  еліне  айбат  қыладының»  кебін  тудырма!  Қойныңдағы боздағыңды  суырып  алып  дарға  тартсаң  бүкіл  қауымға  айбат  қылғаның  емей  немене! Сен өлтірмек жігіттің  шашы  оның  жақын – жуығы  үшін  сенің  басыңнан  да  қадірлі екенін  біл!-деп  дауды  мұнан  ары  өршітпей  тыныш  таптырады.Қазақтың  «екі  ауыз  сөзбен ердің құны  бітеді»  дейтіні  осы.

Енді  осы  Қызай  елінің  Шеру  руынан  шыққан  әйгілі  Керімбек  Мампаңның  (қазының) айтқанынан  ел  жадында  сақталған  кейбір  сөзтіркестеріне  шолу  жасай  кетсек артық  болмас.Себебі, қай-қай  заманда  болмасын  қазақ  ел  билеушілері  өз  маңайына  таратқан  ұлағатты,  шешен нақылияттарымен  атын  қалдырған  ғой. Шеру  Керімбек  1944ж  ағайынды  Әкбар-Сейіт  бастаған  ұлт-азаттық  көтеріліске  ел  жұртты  қосу  кезінде: «...Қайранда  қалған  балықтан  қазағыңнан  бөлініп  осы  бір  өңірде  «Барса-келмес»  аралы  болып  қалғанын  кешегі  ақтабан-  шұбырындының  әлегі  екен.Енді  бүгін  айдаһардың  аузында,  арыстанның  жолында  тағы  отырған  жоқпысың! «Құба қалмақ сіргелі  өгізіңе  жүгін  артты, сырғалы  қызыңа  назын  артты. Күлік  атыңды  күдіс  етті,  күдері  еріңді  күмілжік  етті», «Жабықтан  күнің  жарқөырап, жайықтан  суың  сарқырап  жатар,  теңдігің  бар  ел  едің,  ел  болмасқа  айналдың! Жылан   шақпай,  жылқы  теппей,  жайыңмен  жатар  ел  едің,  ел  болмасқа  айналдың!»,  «Тумаған-туыспағаның  емес,  қимаған- қиыспағаның  керек. Бір  үйір жылқыдан  жеті  шобыр  ат  шыққанша  жеті үйірден  бір  сәйгүлік  шықса  етті.Бір  атадан  жер  қорыған  жеті  қырыс туғанша  жеті  атадан  ел  қорыған  бір  арыс  туса  етті!», «Іргең  тиген  туған  жер, арқаң  тиген  тас  босаға  тал  бесік  үшін; қу шоқыда  туымыз, қу  далада  тәніміз  қалғанша,  құба  түзде  көріміз,  құба  белде  еліміз  қалғанша, бәй  тіктім  басты!».

«… Күні  туған  күдістің  Әзірет-Әлідей  күші  бар… Күдері  болсаң  шыдарсың, күмілжік  болсаң  шылауына шығарсың», «Айналдырған  бір болыс  ел  күндес  көргеннің  қызындай  болма».  Өзді-өзіміз  ала жылан-аш  бақа  болғанды  қояйық.Азар  бүгін  аңдамайтын  әңгі, тыңдамайтын  бәңгі  сірә  сен  болып  кетсең  де  «Алаштап»  ұран  салатын  кезіңе  жеттің  ел  басқарған  азамат.Ел  секитіп  серке қойған соң  серкеш  дауын  бітірмесең  кімге  серт,  Жылқының  шобыры,  жігіттің  тобыры  неғып  бізге  жиналды!

«Мың  үміт бір  үрейге  құрбан  боларлықтай, кәрі  бүркіт-шау тұяқ неге  біз  болдық, қорқа-қорқа  мың  өлгенше  қоғамың  бол да  бір  өл!», «Жалқы  бақ   ортақ  болмас,  бақ  жалқы,  ақыл  ортақ,  әрқайсың   өзді –өз бағыңа  смірме,  ағайын!». «Сыдырғы  таңба  бетіңе  айқара  басылып, қосақ-басты  нартайлақ  болғандай  ездігіңнің  атын  айтшы!»  деген сияқты  сөздерінің  ұзын-ырғасы  күні  бүгін  ауыздан-ауызға  тарап  ұрпақтарының  қойын  дәптерінде  жүреді.

ІІІ.Қорытынды

Мақалдар мен мәтелдер  ауыз әдебиетінің ең байырғы,  ең  көне  түрі: Ол ғасырлар бойы халықтың  ұқыптап  сақтап  келген  еңбек  тәжірибесінің  жиыны, ой  пікірінің  түйіні, аңсаған  асыл  арманының  арнасы, өмір  тіршілігінің  айнасы,  көнеден  жаңаға, атадан  балаға  қалдырып  келе  жатқан  тозбайтын,  тот баспайтын  өмірлік  өшпес  мұрасы.

Мақал  мен мәтелдерді, сара  сөз  бен  нақылдарды  халық ежелден жақсы  көреді, сүттей  ұйып,  сүйсіне тыңдайды: «Сөздің  көркі-мақал, жүздің  көркі- сақал» деп  қадірлейді, «Аталы  сөзге  арсыз  жауап  қайырады» деп  сөз  қадірін  білмейтіндерді  қатал  сынайды, «Өнер  алды  қызыл тіл»  деп  сөз  өнерін жете  бағалайды.

Сан замандар  бойы  заман  сынынан  өткен, керегіне  жараған,  өміріне  өнеге болған, ақ пен  қараны  ажырататын  әділ  таразы – айнымас  заң, бүкіл  өмірінің  сан  қырлы  сараман ережесі  болған.

Қорыта  келе,  төмендегідей  ұсыныстар  айтқым  келеді:

1.Мақал-мәтел  құрамындағы компоненттердің ерекшеліктері, қызметі  туралы  әлі  де  зерттеу;

2.Мақал-мәтелдерді  зерттеу, өзіндік  ерекшеліктерін  қалыптастырған  М.Әуезов, М.Ғабдуллин,  М.Әлімбаев,  М.Балақаев,  Б.Адамбаев  сынды  ғалымдардың  жұмыстарын  жалғастыру;

3.Тіл  шеберлігін  дамыта  отырып  жеке адам  өз ұлтының бітім-болмысын,  дәстүрлерін  сіңіру  арқылы  өз  тарапынан  ұлт  мәдениетіне  үлес  қосу  мақсатында іс-шаралар  жүргізу;

4.Шешендік  сөз  өнерінде  кездесетін  мақал-мәтелдердің  астарлы  сырын  ұғындыру  мақсатында  мектепішілік іс-шаралар  сайыстар,  тәрбие  сағаттарын  өткізу;

5.Жыл сайын әр  тақырыпта  мақал-мәтелдер  сайысы  өткізіліп  отырса;

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі:

1.     «Қазақтың  мақалдары  мен  мәтелдері»  Өтебай  Тұрманжанов. Алматы. .«Білім»  2007ж

2.     «Қазақтың  мақал-мәтелдері» Ж.Малайсаран. Алматы. «Ана тілі» 2004ж

3.     «Қазақтың  7777  мақал-мәтелі» Ж.Кейкін. Алматы. «Өлке» 2002ж

4.     «Орнынан  сырғыған  тас  орнықпайды» ,«Қазақ  әдебиеті». Жанат  Ахмадиев  № 31

5.     «Тіл  құрал» .А.Байтұрсынұлы.

6.     «Қалың  елім  қазағым» А.Құнанбаев  шығармалары  29-шы  қара сөзі. Алматы. «Жалын» 1995ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми -зерттеу  жұмысының  жоспары:

         І.Кіріспе

         ІІ.Негізгі бөлім:

         1.Мақал-мәтелдердің  ерекшелігі

         2.Мақал-мәтелдердің зерттелуі

         3.Қазақ  мақал-мәтелдерінің  астарлы  сыры

         ІІІ.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   №55С.Қожанов атындағы орта мектеп

 

 

 

 

 

           “Орнынан сырғыған тас орнықпас»

 

 

         Тақырыбы: «Қазақ мақал-мәтелдерінің

                                астарлы сыры»  

                          Ғылыми-зерттеу жұмысы

                                           Секция: Әдебиеттану

              

                                        Орындаған: Сұлтанбек Аружан

                                                                    Жетекшісі: Кембілбекова Гулзина                    

 

 

 

                                                   Бірлік аулы

Осыған ұқсас жазбалар:

Ғылыми жобаларАхмет — қазақ тіл білімінің негізін қалаушы (ғылыми жоба)

Бастауыш“Киік – киелі аң”

БастауышАсқабақтың емдік қасиеті

БастауышИтмұрын өсімдігінің емдік қасиеттері (ғылыми жоба)

Ғылыми жобаларҚымыз – ауруға ем, сауға қуат

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119782

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар