«ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

5 ақпан 2015 - Роза Жангаскина
«ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

Жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың модулдік, деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан оқу мен жазу, электрондық оқыту, жобалап оқыту т.б. оқушыларды дамыта отырып оқытуға негізделген технологиялардың негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғыдан қарау; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; оның өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі болып табылады.

Осы міндеттерді шешу әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы жүзеге асады. Ізденісі жағынан теорияны өмірмен ұштастыра алатын, педагогика жаңалықтарымен танысатын, үнемі өз бетімен оқитын, әдістемелік жаңалықтармен танысатын адам болу керек.

Тілді үйреткенде, бала сол тілде еркін сөйлей алса болды дегенді қанағат етпей, тілді баланың бүкіл мүмкіндігін, қабілетін ашатындай дәрежеде оқыту керек.

Мектебімізде 2001 жылдан ағылшын тілін оқыту бастауыш сыныптан факультативті курстар ретінде басталған. Бастауыш сыныптарда Ресейлік «Просвещение » баспасынан шыққан «Ағылшын тілі» оқулығы ұсынылып, оқушылар тегіс оқулықпен қамтамасыз етілді.

Ағылшын тілінің тіл дамыту саласын менің алға қойған мақсатым деп білемін: оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың білім деңгейін тереңдету, оқушыларды еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында орынды қолдануға дағдыландыру, ойлаған жағдаяттарды негіздей алуға үйрету. Енді осы мақсатты қалай жүзеге асырып жатырмын деген сүраққа келейік.

Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттарым:

1.Біздің пән бойынша оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған.

2.Тілдік материалдар қазіргі өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген тілдік материалдар. Сондықтан бұл материалдардан күнделікті тіршіліктегі жағдаяттарда қолданылатын ағылшын тілін үйренуге болады.

3.Басты көңіл бөлінетін нэрсе — сөйлеу және оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді.

Сөйлеу мен оқу әрекеттері арқылы дұрыс нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп, тілді қатынас қүралы ретінде пайдалана білу үшін мынадай: ұжымдық жұмыс, жекелей жұмыс, жұптық жұмыс, топпен жұмыс оқыту тәсілдерін қолданамын.

Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынандай: сүрақ — жауап талқысы, салыстыра отырып әңгімелесу, проблемалық сұрақтарды талдау, мәтін не әңгіме бойынша өз ойын ортаға салу, ой алмасу, шарт қою, диалог түрінде сөйлеудегі ойды көрсете білу, пайымдау, логикалық ой тұжырымын дамыта отырып сөйлеу, түйіндеу, дәлелдеу, жоспарлау арқылы сөйлеу, ситуацияға байланысты сөйлеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты сөйлеудің түрлерін қолданамын; әрі бұлар менің сөйлеуді үйретудегі бағыттарым болып та табылады.

Оку. Мәтін — негізгі қарым -қатынас құралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, соны анықтау бір мақсат болса, екінші мақсат — өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бұл жұмысты бүкіл топ болып немесе 3- 4 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады.

Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын тексеруге арналған «True or False» жаттығуын қолдануға болады, «What is your opinion?» «What do you think about ...?» сұрақтарын қою арқылы оқушылардың мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын ортаға салып, пікірін айтуға, еркін сөйлеуге үйретіледі. Оқушыны еркін сөйлеуге төселдіру үшін сөздерді қайталату, оларды еркін де дұрыс қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек.

Тыңдап — айту. Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Қазір біз тілді меңгертуде шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспаларды, видео — фильмдерді қолданып, оқушылар үшін ағылшын тілінде жүретін телебағдарламаларды көруді ұғынамыз.

Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс — тәсілдерді кең қолданамын. Әдетте тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 3-4% таныс емес лексикалық материалдар қосуға болады. Әңгімені алғашқы ретте тыңдауға жіберілген уақыт 1 — 1,5 минут көлемінде болуға тиіс. Тыңдалған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындаймын: 1.сұрақтар бойынша оқушы түсінігін тексеру; 2.кілт сөздерді анықтау, сөз тіркестерін жазу; 3.тыңдалған әңгімеге ат қою; 4.жоспар құру; 5.ауызша қысқаша / толық мәтіннің мазмұнын беру. 6.әңгіме туралы негізгі ойын, пікірін білу; 7.әңгіме кейіпкеріне немесе жағдаятқа мінездеме беру; 8.әңгімеде естігенді өмірмен байланыстыру.

Жазу сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматикалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады.

Қазіргі кезде ең негізгі мәселелердің бірі болып, оқушыларға тек қана ғылыми білімдер жүйесін беру ғана емес, оларды танымдылық пен тәжірибелік сипаттағы іскерлік және дағдымен қаруландыру болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс өткізілетін іс — шаралардың оқушылар үшін маңызы зор деп ойлаймын. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып балалардың таланттары мен қабілеттерін толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуын, ынтасын оятудың формасы болып табылады. Мектебіміз үш тілділік оқыту жүйесіне енгеннен бері ағылшын тілі пәні бойынша біршама іс — шаралар өтті. Олар: «Ағылшын кеші», «Кездеседі алыптар жыр кешінде» атты ұлы ақындар Абай, Пушкин, Байронға арналған поэзия кештері, «Ағылшын тілінде сөйлейік» кеші,«XXI ғасыр көшбасшысы», интеллектуалдық ойыны, «Поэзиялық альманах» — аударма ісі жайындағы әдеби кеші.Осы жылы «Австралия» атты ғылыми жобамен 7 сынып оқушысы Бримжанова А., ізденіс үстінде.

Интерактивті әдіс – тәсілдермен сабақ жүргізген кезде оқытушы — кеңесші ролін атқаратыны белгілі. Ал оқушылар белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін — бірі қолдау, толықтыру арқылы сөйлеуге үйренеді. Осындай игі істер арқасында балалар өзін — өзі батыл, еркін сезінеді; үйреніп жатқан тілге деген қызығуы артады; өзіне бөлінген тақырып бойынша сөйлеу барысында ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді.

Ендеше, әлі де болса ойлаған жағдаятты негіздей алатын, міндетке сәйкес жұмысты, шешімді тиянақтай алатын, проблеманы анықтап және құрастыра алатын, қойылған мақсаттарға жетуді негіздей алатын, нақты өмірлік жағдаяттарда ағылшын тілінде ауызша жэне жазбаша түрлі коммуникативтік құралдарды қолдана алатын оқушылар ды тэрбиелеуге тырысамын.

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаҚазақтың Сен – Сұлтанысың

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. Басынан шіріген бастауыштық жүйе

Ұстаз үніҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Ұстаз үніБІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Ұстаз үніАятжан Ахметжан. ОҚУЛЫҚ ОЛҚЫ БОЛСА, ОҚУШЫ ҚАЙДАН ОҢАДЫ?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084840

Теги: мақала
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар