Үздік мұғалім

15 қараша 2015 - Несипкул Утебаева
Үздік мұғалім

Жоғары санаттағы математика пәнінің мұғалімі Раджапова Минура Изатуллақызы көп жылдан бері Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда аянбай жауапкершілікпен еңбек етіп келеді. Еңбек өтіліне биыл 28жыл. Ол оқытудың жаңа мазмұнын жасап, оқу-тәрбие үрдісін жаңаша пайдаланудың қаншалықты тиімді екенін біледі, яғни шығармашылықпен жұмыс жасайды. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Оның бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Раджапова Минура облыс, қала көлемінде педагогикалық шеберліктің үлгісін айқын көрсете білді. Мысалы, 2014 жылы Республикалық ғылыми- әдістемелік, педагогикалық “Мектеп” журналының Оңтүстік Қазақстан облысындағы талантты педагог қызметкерлерді анықтау және ең тиімді жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату мақсатында ұйымдастырған “Үздік мұғалімнің үздік сабағы” байқауына қатысып, үздік ашық сабақ үлгісін ұсынып, үлес қосқаны үшін және облыс көлеміне таратылатын кітапқа енгені үшін марапатталып, “Мектеп” журналының бас редакторы Ж.Қ.Төлтебайдың мөрі басылған сертификатқа ие болған. Ол білім сапасының артуына қосқан үлесі үшін “Нұр Отан” партиясы, кәсіподақ кеңесінің, облыстық білім берудегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының, облыстық және қалалық білім бөлімі тарапынан бірнеше дүркін алғыс хаттар мен мақтау грамоталарын алған. Педагогикалық еңбек жолында 1996-2004 жылдар аралығында мектеп директорының орынбасары қызметін де абыроймен атқарған.

Оқу-тәрбие үрдісінде М.И.Раджапова оқушылардың білімін есепке ала отырып, деңгейлеп саралап оқыту технологиясын жүзеге асырып үздіксіз танымдық белсенділіктерін арттырады. Ол баланың бойындағы білімге деген құштарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оқушылардың үнемі алға ұмтылуға деген табиғи талап- тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеріп әрекет етеді. Мектептен тыс іс-шараларды да жандандыра жүргізеді. Атап айтсақ, “Математикалық шайқас”, “КВН”, “Айтыс”, “ХХІ ғасыр көшбасшысы” т.б. тақырыптарында өткізген сабақтан тыс сағаттары. Осы сабақтарында миға шабуыл, логикалық пікір, математикалық викторина, ойға саяхат, жобалау, көзбен шолу сияқты интерактивті әдістерді өте жоғары деңгейде қолдана білді. Оқушылары жыл сайын өткізіліп жүрген дәстүрлі Республикалық “Ақбота”, “Кенгуру” білім сайыстарына белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. “Ақбота” интеллектуалды марафонынан Құдайбергенова Әйгерім деген шәкірті оқ бойы озып шығып 1-орынды, “Кенгуру” сайысынан А. Абдуллаева 1-орынды иеленген. ҰБТ бойынша да дайындаған оқушылары жақсы көрсеткіштерге жетіп, жоғары оқу орындарына түсіп жоғары оқу орындарында білім алуда. Бірқатар бітіруші түлектері елімізде алған мамандықтары бойынша еңбек етуде.

“Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол – нағыз ұстаз”- деп, Л.Н.Толстой айтқандай, білімнің үздіксіздігін, сабақтастығын педагогикалық жүйеде қамтамасыз етіп жүрген әріптесім, майталман ұстаз – Минура Раджапованың еңбек жолына табыстар тілеймін.

Несіпкүл Өтебаева,

Түркістан қаласы

Осыған ұқсас жазбалар:

Жаңалықтар2015 жылы шілдеден бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

Ұстаз үніҚоғамдық қатынастардың жаһандану жағдайындағы мұғалімнің жаңа мәртебесі

ҰстаздарғаМұғалімге кімнің жаны ашиды?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124401

Теги: мұғалім
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар