Абайға арнау

12 мамыр 2016 - Кенжегул Бекбаева
Абайға арнау

Безродных атындағы орта мектебінің

7 сынып оқушысы Жукенова Сабина

               Абайға арнау

Сөнбес сәуле сепкен алаш еліне,
Мәшхүр еткен қазақты жер жүзіне.

Жанына жақын Татиянаның хаттары,

Жырлаған қазақ, орыс жерінде.

Қара сөзің, біз үшін үлгі емеспе,

Әуендерін, құлаққа жақын емеспе.

Жүрекке жылы тиер ән жырларын,

Қазағым ұлы Абайым сен емеспе. 

Сөздері шарлап Абай мен әлем арасын,

Абай деп тынар әлемнің байтақ даласын.

Өленді бізге рухани азық секілді,

Абайдай биік тұлғаны қайдан табасың.

Абай жыршы, ұлы ақыны елімнің,

Жырға қосқан сұлулығы жерімнің .

Абай сыншы жақсы менен жаманның,

Қайғы  зарын жырлап білген  даламның.

Абай мұра ұрпақтан -ұрпақ жалғаған,

Ән мен жыры, ел назарсыз қалмаған.

Білім, еңбек, еркіндікті арманғып,

Жас қауымға сабақ етіп қалдырған.

Абай дана, Абай дара қазақта,

Оқымаған ұлы Абайды қазақпа.

Қазақ даңқы асқақтатқан әлемге,

Абай тендес ақын болмас қазақта.

Кеше өткен – бұлдыр заман желегі,

Болашаққа Абай үнін тіледі.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,

Абай үні бізбен бірге келеді.

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіАрнау

ҰстаздарғаАбайға арнау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119709

Теги: арнау
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар