Білім беру саласындағы өзгерістер.

9 қараша 2015 - Айгуль Калиева

Білім беру саласында өзгерістер енгізу не үшін қажет? Білім берудегі мақсатымыз неде? Біздің оқушылар дайын білімді алуға дағдыланған. Әр пән бойынша оқушылар теорияны, терминді, формуланы, есеп шығаруды біледі. Ал, бірақ үй тұрмысында техника бұзылса оны жөндеудің жолын білмейді. Қазіргі заманның талабы оқушыларымыз жаңа білімді бұрынғымен біріктіре отырып және ақпараттық жаңа мазмұнға қолданылуы мен қолайлылығын қарастыра отырып, белгісізден белгіліге қарай жүретін ақпаратпен идеяның маңыздылығы жөнінде шешім қабылдаулары қажет. Оқушы алған білімді өмірде қолдана білуі керек және оған бағыт беруіміз керек. Мектеп қабырғасына келгенде менің түйгенім мектепке үлкен өзгерістің қажет екендігі. Бірақ бұл өзгеріс жалғыз адамның қолынан келетін іс емес. Сыныпта, бүкіл мектепте өзгеріс табысқа жетуі үшін жұмылдырылған күштің арқасында іске асатыны белгілі. Мектеп директоры, мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар арасындағы үйлесімді процесс мектепті өзгертуге әкеледі. Қатып қалған принциппен жұмыс жасайтын мұғалімнің ойын өзгерту қиын. Бірақ оқушыларға білім беруде білім тәжірибесінің маңыздылығын көре алатын, өз оқушыларының білімге деген құштарлығын оята алатын сонымен қатар мектепті өзгерту қажет болса өздерінің жеке бастарын өзгертуге дейін баратын ұстаздар табылды. Ондай мұғалімдерді- білімнің жанашырлары деп атайтын шығар. Заман өзгеруде және заманның талабы да өзгеруде. Осындай білім беру саласында ауқымды реформалардың жүруі болашақ ұрпақтар үшін. Білімді ұрпақ мемлекетіміздің тірегі, отбасының ұйытқысы, берекесі, бірлігі. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы білім саласына өзгеріс жүргізуіне ықпал ететін бағдарлама.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151072

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар