6-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту бағдарламасы

15 қазан 2014 - Админ

 

Құрастырған:қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі  Амангелді Р

«Екібастұз қаласының әкімдігі білім бөлімінің

Байет жалпы орта білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

ПІКІР

 

         6-сыныпқа арналған  қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Ы.Алтынсарин ұлттық білім беру академиясы, Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін
«Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасына және Ж.Дәулетбекова, Е.Арын, Г.Махамбетова авторлығымен Алматы «Жеті жарғы» баспасынан шыққан «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасына» сүйене отырып құрастырылған. Бұл бағдарламаға екі сағат мектептің вариативтік курсынан беріліп отыр. Бағдарлама 4 бөлімнен тұрады: «Әдеби тіл және мәтін», «Сөзжасам», «Морфология», «Тіл мәдениеті». Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп жасалған. Жалпы білім беретін мектептердегі бағдарламадан айырмашылық қосымша сағаттар оқушылардың өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауға жұмсауына мән берілген.

      Жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын қазақ тілінің мақсаты тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тіл қызметтерін жүйелі меңгерген, сөз мәдениеті талаптарына сай білік-дағдыларын жетілген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу болып қойылған. оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі ескеріледі.

     Қорыта келе оқушылардың қазақ тілі пәніне деген  қызығушылықтары артады, тілге деген рухани сезімдері кеңейіп, тіл жанашыры қалыптасып,  коммуникативтік-ақпараттық құзіреттіліктерінің дамуына мүмкіндік туғызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

 

       2013-2014 оқу жылында 6 сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген.  ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығыменбекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

      Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2013-2014 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі №146 бұйрығымен анықталған.

    «Қазақ тілі» пәні ана тілі ретіндегі мәнімен, қоғамдық-әлеуметтік маңызымен, жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуының бастау көзі ретінде атқаратын рөлімен ерекшеленеді. Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады.  Сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқытудың маңызы зор.

    Қазақ тілін тереңдетіп оқытудың жолға қойылуы – бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе. Бұл орйдағы негізгі шарттар – қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыға терең білім беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру.

   Жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын қазақ тілінің мақсаты тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тіл қызметтерін жүйелі меңгерген, сөз мәдениеті талаптарына сай білік-дағдыларын жетілген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу болып қойылған. Қазақ тілін тереңдетіп оқытатын арнайы сыныптардың мақсаты да сондай. Тек айырмашылық оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі ескеріледі.

 

 

 

Тереңдетуге арналған бағдарламаның жылдық жүктемесінің

кестелік көрсеткіші

 

 

тақырыптар

Барлық сағат саны

Стандарт бойынша берілген сағат саны

Тереңдетуге арналған сағат саны

1

Әдеби тіл және мәтін

16

10

6

2

Сөзжасам

2.1. Түбір мен қосымша

2.2. Сөз тұлғасы және емлесі

16

4

12

10

2

8

6

2

4

3

Морфология

3.1. Сөз  түрлері

3.2. Сөз таптары

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Етістік

Үстеу

Еліктеу сөз

Одағай

Шылау

3.3. Көмекші сөздер

Көмекші есім

Көмекші етістік

122

3

116

18

14

14

14

19

15

7

7

8

3

2

1

72

2

68

9

8

8

8

14

9

4

4

4

2

1

1

50

1

48

9

6

6

6

5

6

3

3

4

1

1

4

Тіл мәдениеті

16

10

6

                                  барлығы

170

102

68

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VIсынып

(Барлығы – 170 сағат, аптасына – 5 сағат)

 

І. Әдеби тіл және мәтін (16 сағат)

   Қазақ  тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі.

   Әдеби тілдің нормалары. Орфографиялық, орфоэпиялық нормалар. Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрлеріндегі әдеби тіл нормаларын сақтаудың маңызы.

   Мәтін. Ауызша әдеби тілге қатысты мәтіндердің үлгілері. Жазба әдеби тілдік мәтіндер. Олардың түрлері. Тақырыптары. Идеясы. Мазмұны. Ой бөліктері.

   Мәтіндерге тілдік талдау. Мәтіннің түрлеріндегі әдеби тіл нормаларының сақталу қалпы. Орфографиялық нормадан ауытқу амалдары.

   Мәтіндегі сөздердің мағыналық сипаттары. Ауыспалы, көп мағыналы сөздердің мәтін мазмұнын көркемдеудегі рөлі. Синоним сөздердің мәтіндегі ойды білдірудегі орны. Мәтіндегі ой әсерлілігін арттырудағы антоним және фразеологизм сөздердің, мақал-мәтелдердің мәні. Мәтіндегі күрделі сөздер. 

   Орфоэпиялық нормалардың қолданылатын орындары. Ән, өлең және жыр шумақтарындағы, шешендік сөздер мен көркем образдар тіліндегі орфоэпиялық нормалардың қолданысын техникалық құралдар бойынша бақылау, қорыту.

ІІ. Сөзжасам (16 сағат)

Түбір мен қосымша. (4 сағат)

  5-сыныпта өтілген сөздердің жасалу жолдарын еске түсіру, жұрнақ арқылы жасалған сөздер жалаң сөздер, ал бірігіп, қосарланып, тіркесіп, қысқарып жасалған сөздер күрделі сөздер болатынын меңгерту.

   Түбір сөздердің сөздік қормен байланысы. Қазақ тіліндегі байырғы сөздердің буындық құрамы.

   Қосымшаның түрлері, қызметтері. Қазақ тілінің жалғамалық сипаты.

   Түбірлес сөздердің түпкі және жаңа мағыналарының бірлігі, өзгешелігі.

Сөз тұлғасы және емлесі (12 сағат)

Жалаң, дара сөздердің мағынасының өзгеру жолдары: лексикалық тәсіл – мағынаның «жаңғыруы», көп мағыналық, жаңа ұғымға сәйкес жаңа түсінік; морфологиялық тәсіл – сөз тудырушы жұрнақтар жалғануынан пайда болатын жаңа мағына. жаңа сөз тудырушы «өнімді» жұрнақтар, «өнімсіз» жұрнақтар, «жаңа» жұрнақтар.

    Негізгі түбірден жасалған туынды сөздер.

   Туынды түбірден жасалатын туынды сөздер.

Дара және күрделі сөздер

   Күрделі сөздің түрлері. Біріккен сөздер, анықтамасы. Жасалу жолдары. Бірігетін сөз таптары. Емлесі. Қос сөздер, анықтамасы. Жасалу жолдары. Қосарланатын сөз таптары. Емлесі. Тіркескен сөздер. Анықтамасы, мағыналық тұтастығы. Жасалу жолдары. Тіркесіп күрделі сөз болатын сөз таптары. Емлесі. Қысқарған сөздер, анықтамасы. Жасалу жолдары. Қысқарған сөз болатын сөз таптары. Емлесі.

   Күрделі сөздердің ортақ белгілері мен өзара айырмашылықтары.

   Күрделі сөздің түрлерінің қазақ тілінің, сөз байлығымен, сөздік құрам тармақтарымен байланысы.

   Біріккен сөздердің мағыналық сипаты, бірігу арқылы жасалған «жаңа сөздер» (неологизмдер), терминдер, кәсіби сөздер.

   Қосарланған сөздердің мағынасының өзгерісі. Қосарлану арқылы жасалған «жаңа сөздер», терминдер, кәсіби сөздер. Қос сөздердің әдеби тіл нормаларымен байланысы.

   Тіркескен күрделі сөздердің еркін сөз тіркесінен және тұрақты тіркестерден айырмашылығы. Тіркескен сөздердің мағыналық сипаты. Тіркесу арқылы жасалған жаңа сөздер, терминдер, кәсіби сөздер. Тіркесті сөздердің әдеби тіл нормалары.

   Қысқарған сөздердің қажеттігі мен ерекшелігі; сөздердің қысқаруының мағыналық сипаты. Сөздік құрам тармақтарындағы қысқарған сөздерді дұрыс қолдана білу мәдениеті.

  Қысқарған сөздің әдеби тіл нормаларына қатысы.              

ІІІ. Морфология (122 сағат)

  Морфология – тіл білімінің бір саласы, грамматиканың бір тармағы. Морфологияның зерттеу нысаналары. Морфологияның лексикамен, фонетикамен, сөзжасаммен байланысы. Морфологияның сөзді танытудағы мәні. Қазақтың морфолог ғалымдары.

   Сөздің түрлері (3 сағат)

   Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасы жағынан және тілдегі қызметі жағынан негізгі (атауыш) сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер болып үшке бөлінетіндігі.

   Атауыш сөздер, анықтамасы, негізгі белгілері.

   Атауыш сөздердің тілдегі мәні. сөздік қор мен сөздік құрам тармақтарындағы орны, үлесі. Атауыш сөздердің сөзжасаммен байланысы. Атауыш сөздердің құрамы мен тұлғасы: негізгі, туынды және күрделі атауыш сөздер. Атауыш сөздердің тарихи арналары.

  Көмекші сөздер,анықтамасы, негізгі белгілері.

   Көмекші сөздердің тілдегі орны. Көмекші сөздердің жазылу, айтылу нормалары. Көмекші сөздердің тіл тарихымен қатысы. Көмекші сөздердің сөз таптарымен қатысы.

   Сөз таптары (108 сағат)

   Сөз таптары термині. сөз таптарының реті мен жүйесінің негізгі заңдылықтары. Сөздердің топтастырылуының үш ұстанымы. Сөз таптарының зерттелу тарихы.

Зат есім (18 сағат)

   Дара және күрделі зат есімдер. Зат есімнің сұрақтары. Зат есім болатын сөздердің мағыналары. Деректі және дерексіз зат есімдер. Дара және жинақтау зат есімдер. Зат есімдер атаулық жағынан жинақтау зат есім, дара зат есім болатындығы. Өзіндік белгілері. Жалқы және жалпы есім. Зат есімдер мағынасы мен атаулық жағынан жалқы есім және жалпы есім болып жіктелетіндігі. Жалқы есім болатын атаулар. Жалпы есімге дара зат есімдер мен жинақтау зат есімдердің барлығы жалғанатындығы.

    Көне түркі ескерткіштеріндегі зат есімдер.

   Зат есімнің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі. Зат есімдердің өзіндік белгілері. Зат есімнің құрамдық, тұлғалық сипаттары. Зат есімнің лексикамен қатысы. Қазақ тіліндегі зат есімдердің ерекшеліктері.

   Бас әріппен жазылатын кейбір заттық ұғымдардың сөйлеушінің мақсатымен байланысы, стильдік реңкі. Жалқы есімдердің халықтық, ұлттық таныммен байланысы (адам аттары мен жер-су атауларының мәні, ұлттық үрдістер). Зат есімдердің тіл тарихымен қатысы. Сөздік қор және зат есім, басқа тілден енген зат есімдердің тілге «сіңісу» ерекшеліктері. Зат есімнің синониммен, антониммен, омониммен қатысы. Дерексіз зат есімдердің сөзжасаммен қатысы. Зат есімдерді дұрыс қолданудың тіл мәдениетімен байланысы.

   Сын есім (14 сағат)

Дара және күрделі сын есімдер. Сын есімнің сұрақтары.Сапалық сын есімдер. Сапалық сын есім жасайтын сындық сапалық қасиеттер (түсі, дәмі, көркі, көлемі т.б.). Қатыстық сын есімдер. Қатыстық сын есімдердің жасалу жолдары. Сын есімдердің тек зат есімдермен байланыстылығы.

     Көне түркі ескерткіштеріндегі сын есімдер.

    Сын есімнің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі. Сын есімнің зат есіммен табиғи бірлігі. Сын есімнің адам танымымен қатысы. Бір затқа тән бірнеше сындық белгілер, бірнеше затқа тән, ортақ сындық белгілер болатындығы.

   Сын есімнің мағыналық топтары мен оның құрамдық, тұлғалық сипатының арақатынасы.

  Сын есімнің синониммен, антониммен, омониммен байланысы. Сын есімнің тіл тарихымен байланыстылығы. Сын есімдердің ойды көркемдеп жеткізудегі рөлі. Сын есімдерді талғампаздықпен қолданудың сөз мәдениетімен бірлігі.

   Сан есім (14 сағат)

   Сан есім заттың санын, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сөз табы екендігі. Сан есімнің сұрақтары. Дара және күрделі сан есімдер. Сан есімнің зат есіммен байланыстылығы.

   Сан есімнің түрлері.

   Есептік сан есім.Дара есептік сандар. Күрделі есептік сан есімдер. Есептік сандардың қолданылатын орындары.

  Реттік сан есімдер.Реттік сан есімдердің жасалу жолдары. Реттік сан есімдердің қолданылатын орындары, жазылу емлесі.

  Жинақтық сан есімдер. Олардың жасалу жолдары. Жинақтық сан есімдердің қолданылатын орындары.

  Топтық сан есімдер. Олардың жасалу жолдары. Топтық сан есімдердің қолданылатын орындары, емлесі.

  Болжалдық сан есімдер. Болжалдық сан есімдердің жұрнақ арқылы жасалуы. Болжалдық сандардың қосарланып, тіркесіп жасалуы. Болжалдық сан есімдердің қолданылатын орындары, жазылу емлесі.

  Бөлшектік сан есімдер. Олардың жасалу жолдары. Бөлшектік сан есімдердің қолданылатын орындары.

  Көне түркі ескерткіштеріндегі сан есімдер.

  Сан есімнің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі. Сан есімнің сөз табы ретіндегі ерекшелігі. Сан есімнің зат есіммен табиғи бірлігі. Сан есімнің адам танымымен қатысы. Қазақ тіліндегі киелі сандар. Сан есімдердің көркем шығармаларда қолданылуы. Сан есімдердің тіл тарихымен байланыстылығы. Сан есімнің ұлттық ұғымдармен сабақтастығы. Сандық, мөлшерлік ұғымды білдіретін сөздер.

  Есімдік (14 сағат)

Сөз табының есімдік деп аталу сыры. Есімдіктің зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретіндігі. Қай сөз табының орнына жүрсе, сол сөз табының сұрағына жауап беретіндігі.

  Есімдіктің түрлері.

  Жіктеу есімдіктері, қолданылатын орындары, сұрақтары.

  Сілтеу есімдіктері, мағыналық ерекшеліктері, қолданылатын орындары, сұрақтары.

  Сұрау есімдіктері, қолданылатын орындары.

  Өздік есімдіктері, қолданылатын орындары, сұрақтары.

  Жалпылау есімдіктері, қолданылатын орындары, сұрақтары. Жалпылау есімдігінің сызықшамен жазылуы.

  Белгісіздік есімдіктері, қолданылатын орындары, сұрақтары. Белгісіздік есімдіктерінің жазылу емлесі.

  Болымсыздық есімдіктері, қолданылатын орындары, сұрақтары. Болымсыз есімдіктерінің жазылу емлесі.

   Көне түркі ескерткіштеріндегі есімдіктер.

   Есімдіктің сөз табындағы орны, рөлі. «Есімдік» терминінің мәні. Есімдіктің есім сөздермен қатысы. Есімдіктердің ойды білдірудегі мәні. Есімдіктің тіл тарихымен байланыстылығы. Есімдіктердің құрамдық, тұлғалық ерекшеліктері. Есімдіктердің антонимге, синононимге, омонимге қатысы. Есімдіктердің тіл мәдениетімен бірлігі.

  Етістік (19 сағат)

  Заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөздер етістік деп аталатындығы. Етістіктің мағыналық топтары: амал-әрекет етістіктері, ойлау-сөйлеу етістіктері, өсу-өну етістіктері, бағыт-бағдар етістіктері, көңіл-күй етістіктері, бейнелеу-еліктеу етістіктері. Етістіктің сұраулары. Дара етістіктер. Күрделі етістіктер, олардың мағыналық бірлігі, жасалу жолдары.

   Болымды және болымсыз етістіктер. Етістіктің түбірлері болатын және болуға тиіс реальды іс-әрекетті білдіретіндігін мысалдармен дәлелдеу. Болымсыз етістіктердің жасалу жолдары. Болымды және болымсыз етістіктерді салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу.

  Салт және сабақты етістіктер. Олардың субъекті мен объектіге қарым-қатынасы.

  Етістіктің сөз табы жүйесіндегі орны, рөлі. «Етістік» терминінің мәні. Етістіктің зат есіммен табиғи бірлігі. Қазақ тіліндегі етістіктердің өзіндік ерекшеліктері, білдіретін мәндері.

  Етістіктің тіл тарихымен байланыстылығы. Етістіктің сөздік құрам тармақтарымен байланысы (көнерген сөз, жаңа сөз, термин сөз, диалектілер, кәсіби сөз т.б.).

  Етістіктің түрлері.

  Етістер. Етістердің етістіктің өзге түрлерінен ерекшелейтін сипаттары. Етістердің субъекті мен объектінің амалға қатысын, керісінше, амалдың субъекті мен объектіге қатысын білдіретін грамматикалық сипаты. Етіс жұрнақтарының мағыналары мен қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінетіндігі.

  Ортақ етіс.Жұрнақтары. Ортақ етіс жұрнақтарының грамматикалық мағынасы мен қызметі.

  Өзгелік етіс. Жұрнақтары. Өзгелік етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі.

  Ырықсыз етіс.Жұрнақтары. Ырықсыз етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі.

  Өздік етіс. Жұрнақтары. Өздік етіс жұрнақтарының беретін мағынасы мен қызметі.

  Есімше.Есімшелердің етістіктен қосымшалар арқылы жасалатындығы. Есімшенің етістікке де, сын есімге де қатыстылығы жайында мағлұмат беру. Есімшенің түрлері, олардың беретін мағыналары.

  Көсемше. Көсемшенің жасалу жолдары. Көсемшенің түрлері, олардың беретін мағыналары.

  Тұйық етістік – қимыл есімдері. Қимыл есімдерін жасайтын қосымшалар. Қимыл есімдерінің іс-қимыл процесінің атауын білдіретіндігі.

  Көне түркі ескерткіштеріндегі етістіктер.

  Есімше мен тұйық етістіктердің өзіндік ерекшеліктері. Етістіктің синониммен, антониммен, омониммен қатысы. Етістіктерді дұрыс қолданудың сөз мәдениетімен бірлігі.

  Үстеу (15 сағат)

  Үстеулердің мағына жағынан заттың қимыл, іс-әрекетінің және заттың сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін қолданылатындығы. Үстеулердің сөйлемде етістікті сипаттайтындығы, істің, қимылдың мән-жайын, амалын, мезгілін, мекенін білдіретіндігі. Үстеудің сұрақтары. Дара және күрделі үстеулер. Дара және күрделі үстеулердің құрылысы мен құрамы.

  Үстеудің түрлері. Үстеудің түрлері үстеу болатын сөздердің мағыналарынан келіп шығатындығын білдірту.

  Мезгіл үстеулері, мағыналары, сұрақтары. Мезгіл үстеулердің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

  Мекен үстеулері, мағыналары, сұрақтары. Мекен үстеулердің қолданылатын орындары.

  Мөлшер үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Мөлшер үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

  Қимыл-сын үстеулері, мағыналық ерекшеліктері, сұрақтары. Қимыл-сын үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

  Күшейту үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Күшейту үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

  Мақсат үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Мақсат үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

  Себеп-салдар үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары. Себеп-салдар үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

  Топтау үстеулері, мағыналық белгілері, сұрақтары. Топтау үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

  Үстеудің сөз таптары жүйесіндегі орны, рөлі. Үстеудің етістікпен табиғи бірлігі. «Үстеу» терминінің мәні. Үстеудің сөз табы ретіндегі ерекшеліктері. Үстеудің етістікпен табиғи бірлігі. Үстеулердің тіл тарихымен байланыстылығы. Үстеулердің сын есіммен қатысы. Үстеулердің тұлғалық, құрамдық сипаты. Үстеулердің синониммен, антониммен, омониммен қатысы. Үстеулердің ойды көркемдеп, нақтылап жеткізудегі мәні. Үстеулердің дұрыс қолданудың сөз мәдениетімен бірлігі.

  Еліктеу сөздер. (7 сағат)

  Еліктеу сөздер жайында алғашқы ұғымдарын қалыптастыру. Еліктеу сөздер деп аталатын атаудың мәні. Еліктеу сөздер табиғат құбылыстарының дыбыстарына және айналадағы заттардың қозғалуына байланысты белгілерге, түрлі хайуан, аң-құстардың дыбыстары мен адамның сөйлеу аппаратынан шыққан дыбыстарына еліктеуден пайда болатыны, мұнымен қоса, адамның, заттың сыртқы тұлғасының, пішіннің күйін көрсететіндігі. Сұрақтары. Еліктеу сөздердің құрамы, жасалу жолдары.

  Еліктеу сөздердің түрлері.

  Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздер. Бұл екеуінің арасындағы мағыналық жақындықтар мен айырмашылықтар. Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздердің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты. Еліктеу сөздердің сөйлемде көбінесе тіркесіп келетіндігі.

  Еліктеу сөздердің сөз таптары жүйесіндегі орны, рөлі. «Еліктеу сөз» терминінің мәні. Еліктеу сөздің өзіндік ерекшеліктері. Еліктеу сөздердің ұлттық таныммен сабақтастығы. Еліктеу сөздің басқа сөз таптарымен байланысы. Еліктеу сөздің сөзжасаммен сабақтастығы. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамы. Еліктеу сөздердің екпінмен қатысы. Еліктеу сөздердің эмоционалдық-экспрессивтік реңкі. Еліктеу сөздердің тіл мәдениетіне қатысы.

  Одағай (7 сағат)

  Одағайлардың басқа сөз таптары сияқты мағына жағынан ешбір ұғымды білдірмейтіндігі. Олардың мағыналары адамның әр түрлі сезіміне, көңіл-күйіне қатысты болатындығы.

  Одағайдың түрлері.

 Көңіл-күй одағайлары. Жағымды көңіл-күйді білдіретін одағайлар. Көңіл-күй одағайларының қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

  Ишарат одағайлары. Бұған адамға арнайы айтылатын мағыналары бұйыру, жекіру, тыйым салу одағайлары жататындығы. Ишарат одағайларының қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

  Шақыру одағайлары, бұған төрт түлік малға, ит, мысық сияқты үй хайуандарына арнап айтылатын одағайлар жататындығы. Шақыру одағайларының қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.

  Одағайлардың емлесі.

  Көне түркі ескерткіштеріндегі одағайлар.

  Одағайдың сөз таптары жүйесіндегі рөлі, орны. «Одағай» терминінің мәні. Одағайдың өзіндік ерекшеліктері. Одағайдың тілдегі орны. Одағайлардың ойды білдірудегі қызметі. Одағайлардың ұлттық таныммен байланысы. Одағайдың жиі қолданылатын орындары. Одағайдың тіл мәдениетіне қатысы.

  Шылау. (8 сағат)

  Шылаудың өз алдына сөз табы екендігі. Шылаудың көмекшілік сипаты және басқа көмекші сөздерден айырмашылығы мен ұқсастығы, жалпы қызметі жайында түсінік қалыптастыру.

  Шылаудың түрлері.

Жалғаулық шылау. Септеулік шылау. Демеулік шылау. Олардың қызметі, емлесі.

  Көне түркі ескерткіштеріндегі шылаулар.

  Шылау сөздердің сөз таптары жүйесіндегі орны, рөлі. «Шылау» терминінің мәні. Шылау сөздердің сөз табы ретіндегі ерекшеліктері. Шылаудың тек өзіне ғана тән қасиеттері. Шылау сөздердің көмекші сөздерге ұқсастығы мен ерекшеліктері. Шылау сөздердің басқа сөз таптарымен байланысы. Шылау сөздердің тіл тарихымен байланыстылығы. Шылаулардың ойды білдірудегі қызметі: танымдық, экспрессивтік. Шылауларды қолданудың тіл мәдениетіне қатысы.

  Көмекші сөздер (3 сағат)

Көмекші сөздердің тілдік табиғаты, олардың дербес толық мағынаға ие бола алмайтындықтан, негізгі сөздердің шылауында тіркесіп, көмекшілік қызмет атқаратындығы. Көмекші сөздердің түрлері.

  Көмекші есім. Көмекші есімдердің мағынасы. Көмекші есімдердің зат есімдермен тіркесіп, бір ұғым беретіндігі.

  Көмекші етістік.Көмекші етістіктің түрлері. Көмекші етістіктің сөйлемде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалатындығы.

  Көмекші сөздердің тілде атқаратын қызметі. Көмекші сөздердің сөз таптарына қатысы. Көмекші сөздердің шылаудан, одағайдан ерекшеліктері. Көмекші сөздердің күрделі сөздерге қатысы. Көмекші есім мен көмекші етістіктің ойды нақты білдірудегі қызметі.

 

IV. Тіл мәдениеті (16 сағат)

  Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті. Жұрт алдында сөйлеудің түрлері: мұғалімдердің, оқушылардың, баяндамашылардың, дикторлардың сөйлеу ерекшеліктері, ауызша тілдің жазба тілден айырмашылықтары. Ойды жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары (ым-ишара, дауыс ырғағы, күші, қимыл қозғалысы) тақырыптың мазмұнымен астарласып, соның мақсатын ашатындай қызмет атқаруын талдату.

  Жұрт алдында айтылатын ауызша сөздің жазба сөзге қарағанда құрылысы жағынан ықшам келетіндігі. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің жиі қолданылатындығы. Жазба тілде қойылатын тыныс белгілері. Ой айту, дауыс ырғағы, дауыс кідірісі арқылы берілетіндігін байқату.

  Жазудың маңызы. Сөзді дұрыс жазу мәдениеті. Орфографиялық нормадан ауытқуға болмайтындығы, оны сақтаудың міндеттілігін түсіндіру. Емле ережесіндегі соңғы толықтырулар мен өзгерістер тіл фактілері негізінде талқыланып, олардың дағдыға айналуын қадағалау.

  Жазудың адам ойын жүйелі, тиянақты, толық жеткізудегі мүмкіндік жасайтындығын ұсынылған тақырыптарға құрылған ауызша және жазбаша мәтін үлгілерін салыстыра көз жеткізу.

  Сөз таптарының әрқайсысының тіл мәдениетімен қатысы. Сөз таптарының ойды анық, дәл, нақты білдірудегі мәні. Сөз таптарының ауызша және жазбаша тіл мәдениетімен байланыстары: орфографиялық, орфоэпиялық нормалар.

  Оқшау сөздердің ауызша және жазбаша тілдегі қолдану ерекшеліктері.

  Ұсынылатын тақырыптар: қазақтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, өнері; ауыл-қала тұрмысындағы айырмашылық; табиғаттағы өзгерістер; отбасындағы қызығушылық, береке; сынып мүддесі, ұлттың мақтанышы, көрнекті адамдардың өмірі жайлы сыр т.б..

 

 

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

    

Міндетті деңгей:

Қазақ тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі және мәтін бойынша:

-          Сөздерді орфографиялық нормаға сәйкес жаза алу;

-          Сөздерді орфоэпиялық нормаға сәйкес жаза алу;

-          Мәтіндерді түсініп оқу, сұрақтарға жауап бере алу;

-          Мәтіннің түрлерін ажырата алу.

Морфология бойынша:

-          Сөздерді тұлғасына қарай айыра алу;

-          Зат есімдерді мәтіннен табу, сөздіктермен жұмыс істеп, сөздік қорын молайту;

-          Сын есімді сөз табы ретінде ажырата алу, сын есімнің үнемі зат есіммен байланысатындығын мәтіннен таба алу, өзі дұрыс қолдана алу;

-          Сан есімнің мағыналық топтарын білу, сан есімнің байланысатын сөз таптарын ажырата алу, қолданылу сипатын анықтау;

-          Есімдіктерді дұрыс тану, қолданылу ерекшеліктерін аңғару;

-          Етістіктің мағыналық түрлерін мәтіннен ажырату, өзі білмейтін етістік сөздерді сөздік қорына енгізу;

-          Одағай, шылау сөздердің өзіндік белгілерін тану, қолданылу орындарын анықтау;

-          Оқшау сөздердің ортақ белгілерін тауып, орнымен қолдану;

-          Үстеу мен еліктеуіш сөздердің сұрақтарын, мағыналық түрлерін білу, қандай сөз таптарымен қарым-қатынасқа түсетінін іс жүзінде меңгеру;

-          Атауыш сөздер мен көмекші сөздердің қызметін танып білу.

Тіл мәдениеті бойынша:

-          Жұрт алдында сөйлеудің түрлерін аңғару;

-          Сөздерді түрлендіріп қолдана алу;

-          Дұрыс жазу мен дұрыс сөйлеуге төселу;

-          Ауызекі сөзде оқшау сөздерді орнымен жұмсай алу.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліЭвфемизм мен дисфемизм

Қазақ тіліСөз тіркесінің байланысу тәсілдері. Интонация арқылы байланыс

Қазақ тіліАтаулы сөйлем 8 класс

Қазақ тіліЖалқы есім және жалпы есім

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072400

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар