Ұстаз шәкіртімен мақтанады

10 сәуір 2014 - Админ
Ұстаз  шәкіртімен мақтанады

 Опашова  Жанагул Жалеловна

№162 орта мекептің  тәрбие  жөніндегі  орынбасары

Қызылорда   облысы

Жаңақорған ауданы

Қожамберді  ауылы.

 

 

 К. Д.  Ушинский: «Педагогика  теориясын  қаншама  жетік  білгенін, педагогтық  әдептің  қыр- сырын  меңгермейінше  бұған  оның  қолы  жетпейтіндігін» айтады. Педагогикалық  шеберлік- тек қана  мұғалімінің  жалпы,  жан- жақты  және  әдістемелік  сауаттылығын  ғана емес,  ол- әр сөзді  оқушыларға  жеткізе білу,  олардың  толық  қабыл алуы.  Ұстаздық шеберлік: мұғалімнің өмірге көзқарасы,  оның идеялық нанымды,  моральды  бойына  сіңірген адам  екендігін, пәнді  жетік  білген  ,  ойын  оқушыға толық жеткізетін, оқушылардың бойына  әдеп,  әдет,  дағды  сияқты  моральдық  нормаларды  сіңіре  білгендігі, оқыту мен  тәрбиелеудің  әдіс- тәсілдерін  меңгерген  ,  білгендерін  қызықты да  ,  тартымды төиткізе алатын , педагогикалық әдеп  пен  талантын  ұштастырған  адам  ғана  шеберлікке ие болады.

    Қожамберді ауылында  №162 орта мектеп  ежелден тарихы бар, ауданда алғаш рет ашылған  өз тарихы бар мектеп. Қапзіргі уақытта 37 мұғалім, 160 оқушы білім алады.   2011ж мектепке басшылық  қызметке  Дүйсебаев Серік Жаманқұлұлы  келді. Мектеп  шағын болғанымен  , оқу- тәрбие жұмысында  оқушылардың  сапалы білім , саналы   тәрбие беріп,  олардың өмірдегі   өз жолын  табуына  көмектесу. Мектеп  оқушыға  кең еркіндік  береді.  Мектептің  педагогикалық  процесі  демократиялық  және  ізгілік негізінде  құрылған.   Мектептің мақсаты – заманына сай  саналы  да өрелі, әрі дені  сау,  парасатты  азамат  болып  өсуді   талап етеді. Мектеп басшысы Дүйсебаев Серік  Жаманқұлұлы  оқушылар мен  педагогтардың  ұйымдастырушысы  әрі  білікті  тәлімгері мен басқарушысы. С. Ж. Дүйсебаев  өзінің ұзақ жылғы  мектепті  басқару  тәжірибесінде   балаға  деген  шынайы  махаббат  сезімін  ,  оқушылар  мен  мұғалімдер  және  ата- аналар  ұжымына  сенім  білдіруді , ізгілік   және  демократизм  принциптерін  ,  педагогикалық  ынтымақтастықтық  идеясын  басшылыққа  алды.  Осының  нәтижесінде  мектепте өз мамандықтарын  сүйетін,  еңбекке жауапты қарайтын , білікті  ,  іскер  педагогикалық  ұжым  құрылды.  Мектепте  оқушылардың  жан- жақты  жарасымды  дамуына  бағытталған , өзін- өзі  басқару негізінде  құрылған  сыныптан тыс  ,  мектептен  тыс  жұмыстардың  мол тәжірибесі жинақталған.

  Биылғы 2013-2014 оқу жылындағы  І жарты жылдықта мектептің  жеткен жетістіктерінің  өзі , мектептің оқу- тәрбие жұмысының  жан- жақты  жетілдіруде  жасалып жатқан  шаралардың  көрсеткіші айтуға тұрарлықтай. Жыл соңындағы ҰБТ қорытындысы -76,1.Аудан мектептер арасында ондыққа ілікті.ҰБТ-ға дайындық жұмысы  жан- жақты  тексеруден өтіп, талдап отырады.

     2013 жылы қазан айында  аудандық ішкі саясаттың ұйымдастыруымен өткен  жастар саясатын  дамыту, жастардың  бос уақытын  тиімді пайдалану, таланатты  жастарды  қолдау  мақсатында өткен  «Жайдарлы жастар  маусымы» атты   аудандық  көңілді тапқыштар  сайысында  үздік өнер көрсеткені  үшін «Қожамберді жастары» 8-9 сынып оқушылары  «Дипломмен» және бағалы сыйлықпен марапатталды.  Қараша айында 11-сынып оқушысы Асылтұрсынова Жазира  облыстық  олимпиадалар  және қосымша білім  беру  орталығы  ҰБТ- ға  дайындық курстарында  физика пәні  бойынша  үздік  нәтиже  көрсеткені үшін  «Мадақтама» алды. 

     Тұңғыш Президент  күніне  арналған  аудандық  байқауда  шығармашылық  жетістіктерімен  ерекше  өнерімен  жүлделі ІІ орынды 9-сынып оқушысы Мұятов Даулетбақ алды. 4-сынып оқушысы Дөнесова Қаракөз және 5- сынып оқушысы Асылтұрсынов Нұртілеу Тұңғыш  Президент  күніне арналған  аудандық байқауда  шығармашылық  ізденісі үшін аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

     1қыркуйек-1қараша 2013 ж аралығында Астана қаласында  өткен Оқыту  және дамыту  орталығы  ұйымдастырған  оқушы мен  студенттердің  «Жас ғалым»  атты  ІІ Республикалық  ғылыми жұмыстар  конкурсына 6 оқушы қатысып, жүлделі орын алды. Олар 9-сынып оқушысы Пернебеков Қуаныш ІІ Республикалық  ғылыми  жұмыстар  конкурсында  «Көккесене- тарихи орын» зерттеу жұмысынан ІІІ орын, ғылыми жетекшісі: Аймаханов Ержан,  7- сынып оқушысы Әбдіраманов Ақжол  «Жас ғалым» ІІ Республикалық  ғылыми жұмыс «Қазақ  халқының  салт-  дәстүрлері» зерттеу жобасы ІІІ орын,ғылыми жетекшісі: Көркем Жайл.  9-сынып оқушысы Мұятов Даулетбақ  «Техника ғасыры-  адам тағдыры» зерттеу  жұмысымен  қатысып, «Ғылыми зерттеулігі» номинациясында ІІ орын, ғылыми жетекшісі Опашова Жанагул.  7-сынып оқушысы Әлібеков  Асылбек  ғылыми  «Халық дәстүрі- асыл қазына»  зерттеу жұмысымен  қатысып, «Ғылымға деген құштарлығы» номинациясы бойынша ІІІ орын, ғылыми жетекшісі  Ильяшова Гүлнар. 7- сынып оқушысы Аронрашитов Ермахан  «Салт- дәстүр – асыл қазына» атты  зерттеу  жұмысы  ІІІ орын, ғылыми жетекшісі: Бекмурзаева Есенкул .11- сынып оқушысы Нұрлыбаев Дінмұхаммед  «Жас ғалым»  атты  ІІ Республикалық  ғылыми жұмыстар  конкурсында  «Диалект сөздердің жер- жерде  қолдану  ерекшелігі» атты зерттеу жұмысына қатысып, « Ғылымға  деген құштарлығы» номинациясында ІІІ орын, ғылыми  жетекшісі :  Сыздықова Шарипа  иеленді.

      Желтоқсан айында өткен  Республикалық  пәндік  олимпиаданың  ІІ кезеңінде  аудандық пәндік олимпиададан 11-сынып оқушысы Қабланов Аязби орыс тілінен ІІ орын пән  мұғалімі: Алтыбаева Айша, 11-сынып оқушысы Асылтұрсынова Жазира  қазақстан тарихынан ІІ орын, пән мұғалімі Сатершинов Елшібек ,  география пәнінен 9- сынып оқушысы Мұятов Даулетбақ  ІІІ орын, пән мұғалімі: Қуантаева Аягөз. 11- сынып оқушысы Әнуарова Ұлжан  құқықтану  пәнінен ІІІ орын, пән мұғалімі: Сатершинов Елшібек.

   Адам белсенділігінің  табиғатын тани  білу, еңбек және  моральдық  белсенділік  дәрежесін  бойынша  адамның  қоғам  мен  ұжым  үшін жарамдылығын  жете  анықтау  мұғалімінің басты міндеті.  Оқушылармен қатар  мұғалімдердің де шығармашылық жұмыстары   биіктерден көріне білді. « Ұстаз ұлағаты» атты  республикалық  оқытушылар  конкурсында « Презентациялар  және  олардың білім  беру  процесіндегі ролі»  бағытында бастауыш пән мұғалімі Әбдімәжитқызы Мереке ІІ орын алды.  «Ұстаз ұлағаты»  атты Республикалық  оқытушылар  конкурсында  «Сабақ»  номинациясы бойынша ІІ орын қазақ тілі пән мұғалімі: Айдарова Айман иеленді.

   Мектеп басшысы С. Ж. Дүйсебаевқа желтоқсан айында  «Қазақ ұлттық  аграрлық  университетінен  2013 жылы бітірген  шәкіртіңіз  Әбдірашитова Ақерке   Қазақстандағы  бірегей  аграрлық  білімінің  қара шаңырағы , Қазақ Ұлттық  аграрлық  университетінің студенті , университет  мақтанышына айналған. Осындай  шәкірт  тәрбиелеген  сізге  зор  ризашылығымды  білдіріп,  еліміздің  ауыл шаруашылығын  өркендетуге  сүбелі  үлесін қосады  деп  ойдамын» деп, КазҰАУ ректоры ҚР ҰҒА вице- президенті Т. Есполовтың «Алғыс хаты» келіп, мектеп ұжымын бір қуантып тастады.

   2014ж   8- қаңтар күні  8- сынып оқушысы Ақбаев Ратбек облыстық   «Табиғат тынысы»  газеті  ұйымдастырған «Мен табиғатты сүйемін» атты  мектеп оқушылары арасында  экологиялық тақырыпта  жазылған   мақалалардың  бәйгесінде  І орын алып,  Дипломмен және  кір жуатын машинаны сыйлыққа ұтып алды. 5- сынып оқушысы Асылтұрсынов Нұртілеу  де  облыстық осы «Табиғат тынысы»  газеті ұйымдастырған байқауда «Сананың тазалығы- қала тазалығы»  тақырыпта  жазған  шығармасынан ІІ орын алып, «Дипломмен» және   шаңсорғыш  затын  сыйлыққа  алды.

 

   Мектеп директоры – С. Ж. Дүйсебаев: « Мектепті  алға  бастауды  анық  ойласақ, істі  кадрдан  бастауымыз қажет. Келешектің  адамын  қалыптастыру, еңбекке  баулу ,  адамгершілікті  дамыту,  мұның  бәрі  сегіз  қырлы  бір сырлы дейтін   мұғалімдердің  қолдарынан  келетінін  үнемі ескертіп,  жақсы  ұстаз  бен  жас шәкірт арасында  мәңгі  үзілмес  алтын  желінің  мықты  тартылуына   жұмыс жасап  келеді.  Ол  мұғалімнің  оқушыға сенуі,  оқушының  мұғалімді   сүюі»- деп  оқу- тәрбие  процесін,  ізгілендіру  идеясын  басшылыққа   ұстайды.  Мектеп  алдағы  уақытта  да үлкен  жетістіктерден   көрініп, жас  ұрпақ  бойына  еңбексүйгіштік  дағдыларын  қалыптастыруда  өте құнды  тәжірибе  жинақтайды  деп ойлаймын.

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147906

Пікірлер (1)
Ботакөз # 19 қаңтар 2015 в 19:57 0
Дүйсебаев Серік ағай іскер, ұйымдастырушылық қабілетті өте жоғары басшы.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар