12 жылдық білім берудің ерекшеліктері

15 қазан 2014 - Админ

                               Диханбаева Жанаркул Шабденбекқызы-бастауыш мектеп мұғалімі,

                               Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы,

                              Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы

 

 

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай»

                                                                                                    Сократ.

 

     Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтеріліуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттілігін алға тартады.

     Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі- деп атап көрсетілген. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаметальді білім беру,  қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру және т.б. басым бағыттарды 12 жылдық мектептің бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттілігі туындап отыр.

     Қазір өркениетті елдерде білім берудің аяқталған сипатынан үздіксіз білім беруге көшу қалыптасуда, қоғамның дамуына сәйкес мектептің бастауыш сатысында тұрғаны дамыту, оның жеке мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігі туындауда.

   Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интелектуалды деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

   Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп.

Бастауыш саты- білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі  міндеті- жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен  дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға- Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі»,- деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

    Әрбір бала- бір тұлға, оны көре білу сол бір әлемге жол табу әр ұстаздың міндеті. Мектептегі сынып жетекшілер алдындағы (проблема) міндеті: халықтық педогиканы пайдалана отырып, өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.

   Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің  бірі- 12 жылдық оқыту моделі. Осы бағытта ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу саласында 12 жылдық оқыту бағдарламасы бойынша, біздің Ғани Мұратбаев мектеп-гимназиясында Бұйрық № 151 § 2 07.07. 2003-2004 жылы эсперимент сыныбы ашылды. Қазір олар 8-ші сыныпта дәріс алуда, білім сапасы мен тәрбиесі жақсы.  6 жасар мен 7 жасар балалардың айырмашылығы, 6 жастағы балалар айтқанды тез ұғады және тез ұмытады.Бірақ білім алуға деген құштарлықтары зор.Мұғалім- мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып, жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді.

   Мұғалім жұмысындағы, әсіресе сабақ беруіндегі басты ерекшеліктері:

  1. Ақпараттық – коммуникативтік мәдениетін,
  2. Зерттеушілік мәдениетін,
  3. Өмірлік білімнен өмір бойы білім алуын,
  4. Техникалық мәдениетін қалыптастыруыды  қажет етеді.

 Еліміздің егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі- білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгерулермен тығыз байланысты.

   Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым- оқыту болса, кез келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер етді.

    Жаңа технология мен жаңа ақпарат көздерін күнделікті сабағыма енгізіп отырып, алдыма мынадай мақсат қойған едім. Біріншіден, оқушының жас ерекшелігін ескеру, екіншіден, оқушылардың қабілет деңгейін анықтай отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету, ойлау қабілеттерін арттыра түсу, ата-анасымен байланысты нығайту арқылы әр оқушы стандарт көлемінде тиянақты білім алып шығуға көңіл бөлу. Қабілетті оқушылардың даму деңгейін шығармашылыққа ұштастыру.

  1-ші сыныптан бастап математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі, қоршаған дүние пәндерінде дамыта оқыту технологияларын қолдандым. Бұл технологияны сабақта қолдана отырып, мынадай тиімді жақтарын барын байқадым:

  1. Оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады.

  2. Жеке дара қабілеттері айқындалады.

  3. Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады.

  4. Сабаққа деген қызығушылығы артады.

  5. Шығармашылық жұмыстар топпен, жұппен, жеке дара жүргізуге дағдыланады және т.б.

    Қорыта айтқанда, қазіргі таңдағы мұғалім тек білім беруші емес, білім алуды ұйымдастырушы болып танылады.   

         Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі- әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға  қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар:

                                                 дені сау

                                                 шығармашыл

Мен жеке тұлғамын               белсенді

                                                 жоғары интелекті

                                                 терең білімді.

                                                 кәсіби сауатты

 

    Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан-жақты дамып, өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын болады.

  Сонымен қатар, қазақстандық білім беру үрдісінде соңғы уақытта, көбінесе, оқушының жалпы білім, білік, дағдысын қалыптастыру ғана басты назарда болып келеді.  Оқу –тәрбие процесі баланың жеке ерекшелігі ескерілмей құрылады.

    Қазіргі білім беруде біршама өзгерістер болуда. Оның кейбір тұстары ғана емес, оқыту мен тәрбиелеу жүйесі түбірімен өзгеруде. Жоғарыда аталған мәселені шешу мен қайшылықтарды жоюдың тиімді жолдарының бірі-білім беруде оқушының жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін тұлғаға бағдарланған тәсілдің дүниеге келуі.

   Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан-жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қалыптастырады.

    Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту проблемалары бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді,  мұндағы басты міндет- баланың жалпы және өзіне өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Бала оқу үрдісінде субъектіге айнала отырып, қабілеті мен қажеттілігіне байланысты қарқынмен дамуға мүмкіндік алады. Педагог оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылады.  

    Жаңа білім сапасының жетістігі оқушының жемісті іс-әрекетіндегі әлеуметтендірудің құралы болып табылады. Ғылыми және жоғары технологиялық өндіріс жағдайында жастардың ғылыми, технологиялық, гуманитарлық дайындығына қойылатын талап  жоғарылап отыр. Танымдық қабілеттер мен жалпы оқу білім, білік дағдыларын дамытудың негізі болатын орта білім берудің  маңызы артуда. Орта  білім берудің  құрылымын жаңарту оқушының қызығушылығын, қажеттілігі мен мүмкіндігін кеңірек ескертуге, оқыту деңгейі бойынша оқу материалын ұтымды бөлуге, білім мазмұнының құрамдас бөліктерінде кездесетін кейбір қарама-қайшылықтарды жоюға, жеке оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

   Сондықтан 12 жылдық білім беруге көшу қазақстандық білім жүйесін реформалауды, шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен» «білім әркімге өмір бойы» үлгісінде сапалы түрде көшуді және әлемдік білім кеңестігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.

  12 жылдық жалпы білім беру мектебі «Жеке тұлға жетістігі» негізгі идеасы үлгісімен таңдалынып алынды.

   12 жылдық оқытудағы негізгі әдістер: оқушының жеке бас ерекшелігін, ішкі қажеттіліктерін ескере отырып жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мен тәрбиелеу.

   12 жылдық оқытудағы басты мақсат -  қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына  сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

                                                      2003 жылы эксперимент сыныбы ашылды.

                                                       Бала мектепке 6 жастан барады

                                                       «Алматыкітап баспасынан шыққан                                                 

                                                        оқулықпен оқиды. Жеңілден ауырға           

                                                        принципі бойынша жасалған .

                                                        12 жыл оқиды.1 сыныпта сабақ 5 күндік,                    

 12 жылдық білім берудің            баға қойылмайды, ауызша бағаланады                                

      ерекшеліктері                          Денсаулығын сақтау (сергіту сәті, психолог,

                                                        медбикелердің жұмысы)

                                                        Шығармашыл (зерттеуге оқыту пәні)

                                                      Өз бетінше білім алу(зерттеу пәнінің әдістері)

                                          Бағалау                        өз бетінше бағалау

                                                                               өзін -өзі бағалау

                                                                                портфолио

                                                                               12 балдық жүйе

                                                       Білім мазмұнының жаңаруы

                                                       (зерттеу, авторлық бағдарлама)

 

 

                  Жаңа нәрсені көру үшін жаңа нәрсе ойлап табу керек.

        Зерттеушілікке оқыту – баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде  құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында болмасын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру.

   Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді. Ол- белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл –адамның танымдық әрекеттерінің бірі.

   Осылайша, жобалау мен зерттеу – басынан –ақ әрекет түрлерінің бағыттары, мәні мен мазмұны жағынан түрліше.

    Жобалаудың зерттеуден айырмашылығы – жобалау тәжірибеге бағдарланған. Жобаны жүзеге асырушы адам жаңаны ғана емес, өзінің алдында тұрған нақты проблеманы шешеді.

   Жобаны әзірлеу- әдетте шығармашылық іс, бірақ шығармашылық ақиқатты іздеу міндеттерінен тыс түрлі сыртқы жағдайларға байланысты болады. Теориялық жобаны дайын алгоритмдер мен сызбалардың көмегімен орындауға естен шығармаған жөн.

     Жобалаудың проблеманы шешу жолына қарай шегі болғанымен, зерттеу сияқты тереңдей береді.

     Зерттеу мен жобалау мүмкіндіктерін бағалай келе, баламен жұмыс барысында жобалау әдістері мен зерттеушілікке оқыту әдістерінің пайдасын түсіне білу керек. Жобалаумен қатар, зерттеушілік жұмыстарды орындауға болады. Әдістемелік тұрғыда жобалау әдісі бойынша жүргізілетін зерттеудің шынайы болжам жасаудың, олардың нәтижелерін жоспарға сәйкес  тексерудің нақты жоспарын құруды көздейтінін ескеру қажет.

     Ал зеттеушілік еркін, белгілі бір сыртқы жағдайлармен шектеусіз жүргізілуі тиіс.

   Нәтижесі туралы сөз болғанда ескеретін жағдай, зерттеу жұмысының барлық кезеңдеріндегі негізгі күтілетін нәтиже- баланың жаңадан алған білімін шығармашылықпен игеру қабілетін; алынған материалдарды өңдеу және зерттеушілік әдебінің дағдыларын дамыту. Оның кішкентай ғана зерттеу нәтижесін басқалармен шатастыруға болмайды.

    Мұғалім үшін нәтиже- баланың қолдан жасаған макеті немесе суреті емес, оның өз бетінше алған ең құнды шығармашылық зерттеу жұмысы, жаңа білімі мен білігі, жай орындаушы ғана емес, анық шығармашылық психикалық жаңа көзқарасы.

   

Оқушының зерттеушілік әрекетінің жетекшісі төмендегі ережені сақтауы тиіс:

1)      оқушылардың өз бетінше әрекет етуге үйрету;

2)      нақты нұсқауларға қарағанда баланың ұсынысына көңіл аудару.

3)      Талқылау кезінде баға беруге асықпау.

4)      Білім алу барысында балаларға көмектесу:

-          өз бетінше проблеманы шығару;

-          проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;

-          пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау;

-          ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау;

-          өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну.

5)      Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету.

Оқушының зерттеу әрекеті процесін мынадай бірізділікте көруге болады:

1)      зерттеу проблемасы мен бағытын анықтау;

2)      зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу міндеттерін анықтау);

3)      зерттеу әдістерін таңдау;

4)      зерттеуді жүргізу (ақпараттарды жинау  және өңдеу, бақылау, эксперимент, т.б.);

5)      алынған материалды талдау және тарату (алынған материалды белгілі ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып құру);

6)      қорытындылау. Есеп беруге дайындалу (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама жасау, т.б.);

7)      презентацияны жариялау (қорғау және сұрақтарға жауап беру);

8)      аяқталған жұмыс қорытындысын талқылау. Рефлекция.

Сонымен, оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады.

  Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Шығармашылық зерттеушілік –ізденіс кез келген кәсіптің ажырамас бөлігі. Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.

     Зерттеу негіздері бағдарламасының жобасы жасалды. Зерттеуге оқыту пәні бойынша 1-4 сыныптар аралығында күнтізбелік жоспар жасалды. Мектепішілік (мен зерттеуші боламын) тақырыбында 10 оқушы жұмысын қорғап, мақтау қағаздарымен марапатталды. Аудан көлемінде 4 оқушы жұмысын қорғап, бас жүлде, І-ІІ орындарды иеленді.

         Ал енді «Портфолио дегеніміз не?» деген сұрақтың басын ашып алуымыз керек.

 

Бастауыш сынып портфолиосын жүргізудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

·         Әр оқушы үшін табысты жағдай жасау, өзін-өзі бағалау, өзіне сенімділігін жоғарлату;

·         Әр баланың жеке қабілетін ең жоғары шегінде ашу;

·         Өз бетінше танымдыққа дайындығын қалыптастыру және оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту;

·         Шығармашылық іскерлікке қалыптастыру және дамыту;

·         Жеке тұлғаның рухани және адамгершілік қасиетін қалыптастыру;

·         Рефлексия біліктерін білу, қызығушылығын, бейімділігін, шеберлігін қалыптастыру және ұштастыру;

·         Өмірлік идеяларды қалыптастыру, өзін-өзі кемелдендіруге ынталандыру.

 

Портфолио тұжырымдамасы

 

·         Портфолио- болашақта белгілі бір оқушының оқудағы жетістіктерін жинақтау ретінде тұрақты және ұзақ уақыт білім алудың нәтижесін байқатады.

·         Мектеп бітірушінің портфолиосы біріңғай емтиханның нәтижесіне немесе жоғары оқу орнына түсудегі емтиханға толықтыру қызметін атқара алады, себебі абитуриент туралы ақпараттың аздығын толығымен жабады.

·         Портфолио материалы бір жыл емес, барлық оқыту кезінде жинақталады.

·         Портфолио оқушының оқу шығармашылығының әлеуметтік және басқа іс-шараның барысында жасаған өнімі бойынша білім беру нәтижесінің аутентикалық бағалау түрі болып табылады.

 

                                                     Құжаттар портфолиосы

  Портфолио түрлері                 Жұмыс портфолиосы

                                                    Пікірлер портфолиосы

 

 

 

Бұның бәрі не үшін қажет?

 

·         Қызығушылығын артырады

·         Бағалау дағдыларын дамытады.

·         Мақсат қояды, жоспарлайды және оқу ісін ұйымдастырады.

·         Табысты мамандандыру үшін толықтыру құжаты болып табылады.

 

Сыныбымызда оқушыларға арналған «Оқушы портфолиосы» жасалды. Сол портфолио бойынша жұмыс жүргізілуде.

      Болашақ 12 жылдық мектептегі білім сапасы –экономикасы дамыған демократиялық қоғам жағдайында әр түрлі салада мәселені өздігінше шешуге мүмкіндік жасай алатын оқушылардың білім алу нәтижесінде жеткен жетістігі деп түсінеміз.

Осыған ұқсас жазбалар:

БаяндамаМЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ САБАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Ұстаз үніҚоғамдық қатынастардың жаһандану жағдайындағы мұғалімнің жаңа мәртебесі

БаяндамаОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ ОҚУЛЫҚ: ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қоғамдық пәндерГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕМЕЛЕР МЕН ТИІМДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ

Білім жаңалықтары​12 жылдық білім беруде мектеп алдындағы бір жыл даярлық қарастырылады - А. Сәрінжіпов

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110005

Пікірлер (1)
Азамат # 27 сәуір 2016 в 13:09 0
Білім беру саласындағы бұндай өзгеріс дмуға жетелейтіні сөзсіз.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар