Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – өмір талабы

20 тамыз 2016 - Жазира Касабаева

 Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – өмір талабы   

Касабаева Жазира Назаркызы

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Қарағанды қаласы

Білім – бір құрал. 

Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды,

 не істесе де келістіріпістейді.

АхметБайтұрсынұлы

        

Елбасы­ның  Қазақстанхалқына Жол­дауында, жаңа Мемлекеттік бағ­дарламада, «Жалпыға ортақ Ең­бек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында ай­рық­ша мәнберіліп  айтылған. Дү­ние­жүзілікэ кономикалық  фо­­рум­­да  жарияланған  әлемел­­дерінің  бәсекеге  қабі­летті  рейтингідегі соңғы  нә­ти­же­лер­ден  байқауға  болады.

      Елбасының  тапсырмасы бо­йын­­ша оқу­шы­лардың  функционалдық са­уат­­тылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлт­тық  іс-қимыл жоспарқабылданды. Бұл – Елбасының  білім са­ла­сын жаңарту туралы бас­тама­ларын іске асырудағы  ма­ңызды тетіктердің бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы мен өмірге  келген функционалдық сауаттылықтың  мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету.  Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен  ғасырдың   60 жылдары ЮНЕСКО құжаттарын дапайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

      Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық  деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, еліміздің  болашағы – жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт талабына сай  келеді. 

       Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсеалу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас    жасай алу деңгейінің  көрсеткіші. Олай болса, функционалдық      сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол  тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының  мәдени   және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. 

      Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және  даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 

15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmerfor International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің  мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларына дами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды. 

    РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың  әмбебап  құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының жәнет.бәлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға  негіз болады. 

    Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың негізгі бір тетігі-оқу нәтижелерін бағалау жүйесін өзгерту. Яғни бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта  сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау-оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау дегеніміз – әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алу шының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ  және т.б.), сондай-ақ  халықаралық  зерттеулерге (TIMSS, PISA және PIBLS) қатысуы арқылы жүзеге  асырылады. Сыртқы бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға  қатысты.

      Функционалдық  сауаттылықтың  тағы бір тетігі ретінде қосымша білім мен мектептен тыс       сабақтар мен қамтуды жатқызуға болады.  Жалпы білім беретін  мектептегі және мектептен тыс ұйымдардағы әртүрлі бағыттағы үйірмелер, секциялар желісін кеңейту есебінен балаларды қосымша білім берумен қамту  ұлғайтылады. Басты назар ғылыми-зерттеу жобаларына, техникалық шығармашылыққа, өнер тапқыштыққа, модельдеуге, нано технологияларға, робот  техникасына,  лего жобалауға және т.б. аударылады.

   Функционалдық сауаттылықтыңтағы бір тетігі-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз   ету. Ата-анасы баланы жас кезінен адами құндылықтар  дарытып, саналы өмір          сүруге баулуға борышты.  Ата-ананың бала тәрбиелеуде функционалдық сауаттылығын көтеру мектеп  мұғалімдері мен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол  ұшынберуі, олардың қабілетін дамытуға, бойына  рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мәнез-құлық, әдеттерден арылуға көмек беретін функционалдық сауаттылықата-ана бойында да болуға тиіс. «Балаға берілген дұрыс  тәрбие-бұл бақытты  кәрілік, қате  тәрбие  біздің келешектегі сорымыз, біздің көз  жасымыз» деген С.А.Макаренконың сөзін ата-аналарға берілген кеңес деп   есептеймін. 

     Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін  қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің  дамуын  ескере    отырып, функционалдық сауаттылығына қолжеткізуді  қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы  пайдалана  алатын  тұлға  өсіру – білім беру мамандарына жүктелген  үлкен  міндет деп түсінгеніміз жөн. Сөзімді  қорыта келе, Марк Туллий  Цицеронның «Барлық нәрсені  біліп, анализ жасай  білу аз.  Сонымен  қатар, соған  байланысты  сауатты қадам  жасай  білу  керек» деген қанатты сөзімен аяқтағым    келеді.

 

 

 

 

 Қолданылған  әдебиеттер  тізімі:

1.  Н.Ә.Назарбаев.Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты    бағыты. — 2012 ж. «Анатілі» газеті, № 5. – 7-8 бет.

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын  дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға     арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары. ҚР Үкііметінің № 832 қаулысы. 2012 жылғы 25    маусым, Астана, Үкімет Үйі.

3. ҚР  Білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту  тұжырымдамасы

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152378

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар