ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми- техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес… Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т.б.салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі. Мұғалім — қоғам айнасы. Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, Интернет желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Осыған ұқсас жазбалар:

ИнформатикаКомпьютердің қосымша құрылғылары

ИнформатикаИнформатика пәнінен 1-4 сыныптардың оқу бағдарламасы

ИнформатикаИнформатика әлемі (сайыс сабақ)

ИнформатикаИнформатика пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар

МатематикаКүйкен орта мектебі ! Баяндама Жиенқұлова Дариға

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141906

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 29 ақпан 2016 в 23:09 0
Компьютер заманы болғандықтан ғарыштық бағдарлама біртіндеп, Қазақстанда даму үдерісінің қозғаушы күші болары сөзсіз

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар