Диалогтік оқыту дегеніміз не? (Коучинг жоспары)

10 қараша 2015 - Гулжан Өскенбаева
Диалогтік оқыту дегеніміз не?   (Коучинг жоспары)

№1 Коучинг сабақ жоспары

Сабақтың

тақырыбы

Диалогтік оқыту дегеніміз не?

Мақсаты

Диалогтік оқыту туралы заманауи түсінікті қалыптастыру

Күтілетін

нәтижелер

1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады.
3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.
4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.

Түйінді

идеялар

Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы

Табыс

критерийлері

Бағдарламадағы тиімді идеяларды өзінің оқытушылық тәжірибесіне енгізетін мұғалімдердің тілек білдіруі

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері.А.Әлімов,үлестірме материалдары,ғаламтор материалдары

Әдіс-тәсілі

-Топқа бөлу, кері байланыс, Джигсо әдісі

Көрнекі

құрал-жабдықтар

Интербелсенді тақта, плакаттар, жабсырмалар, түрлі-түсті маркерлер,қаламдар, слайдтар

Коучингтің

өту барысы

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.(2мин)

Психологиялық жағымды

ахуал орнату(5минут)

1.-Сергіту сәті.

««Өзгеру»

Қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер беріледі

Бізге өзгеру керек пе?

Нені өзгертер едіңіз?
Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?2.-Топқа бөлу.Тіл үйренудегі стратегиялар бойынша. Жұмысымыз ары қарай жалғасу үшін топқа бөлінеміз

«Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады.

Мұғалімдер сөздерге байланысты топтарға бөлініп, алынған мысалдарды құрастырады.

Кіріспе

Миға шабуыл

(15 минут)

3. Сіздердің назарларыңызға «Әлем өзгереді, мен өзгеремін» фильмін ұсынамын
Бірінші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұны өзара бірлескен 7 модуль шеңберінде ұсынылады
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық

Мұғалімдер өз ойларын түйіндейді.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

(20 минут)

4. Топ ережесін қабылдау
5. «Сөйлеу мәдениеті» бейнефильмін көру.
6. Бейнефильм мазмұны бойынша ой бөліседі.
Бағыттаушы сұрақтар:
— Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?
— Үш бейнежазбалардың айырмашылығы бар ма? Қандай?
— Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?

Топ мүшелері бейнефильмді көреді.Әңгімелесу арқылы өз идеяларын ұсынады.

Мағынаны ашу кезеңі

(20 минут)

7. Диалогті оқыту дегеніміз не?
8. Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар
-Әңгіме-дебат
-Кумулятивті

— Зерттеушілік

Алдарыңызға диалогті оқытудың үш түрін беремін. Оқып танысып шығыңыздар және осы сипаттама бойынша бейнежазбалардың қай әңгіменің түріне жататындығын анықтаңыздар. Топ ішінде талдаңыздар
Осы диалогтік оқытудың үш түрінің қайсысы ең маңыздысы(қосымша мәлімет).Диалогтік оқытуға постер әзірлеуФормативті бағалау. «Бағдаршам»

Мұғалімдер көріп талдайды.Мұғалімдер сұрақтарға ойлана отырып, жауап береді.

Сергіту сәті(2 минут)

«Сұрақ-жауап»психологиялық жаттығуын жүргізу.

Мұғалімдер сұрақтарға жауап беруді, идея ұсынуды үйренеді.

Әңгіме-дебат әдісі

(15 минут)

«Ақ шашты ана,қара шашты ана»

«Оқушыны құндылыққа тәрбиелеу»постер жасату

Мұғалімдер арасында пікір-талас болады.Өз идеяларын ұсынып, талдау жасайды.

Бағалау

(1 минут)

«Екі жұлдыз, бір тілек» Топтар өзара бағалайды. Постерлерге жабыстырады

Топтар өзара бағалайды. Постерлерге жабыстырады

Коучинг соңындағы көңіл-күйді анықтау

(2 минут)

«Блоб ағашы»

Сауалнама жүргізу

Өз ойларын жазады.

Қорытынды

(3 минут)

«Болжау ағашы» Рефлексия

Кері байланыс

Стикерлерге бір сөйлемнен жазып қорытады.

Ой толғаныс

(5 минут)

Кәсіби қоғамдастық пікірін тыңдау

Мұғалімдер өз пікірлерін білдіреді.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаОқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Диалогтік оқыту (коучинг)

Мектеп жоспарыЫнтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс

БаяндамаДиалогтік оқытудың тиімділігі

КембриджОқу үшін бағалау және оқытуды бағалаудың оқушылар үшін маңызы (коучинг жоспары)

Ұстаз үніБасқару және көшбасшылық

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124467

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар