Коучинг-үйрену шеберханасы

27 мамыр 2015 - Бекей Чунгэл

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Егеменді елдің, келер ұрпақтың болашағы, келешегі білімде жатыр, ол үшін білімді, білікті ұстаздар керек», – деген сөздері мектептегі әр ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгейлік бағдарламасының мақсаты мектептегі еңбек тәжірибесі әр түрлі ұстаздарды қатыстырып, оларға мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізуіне ықпал етуге болады [1]. Сондықтан мен өз тарабымнан бірінші деңгейлік бағдарлама негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсіл енгізу мақсатында өз мектебімдегі әр түрлі пән мұғалімдерінен фокус тобын құрып, үздіксіз жұмыс жүргізіп, тәжірибе алмасып келемін. Оның бір мысалы – бүгінгі күннің заман талабына сай коучинг өткізу, коучинг арқылы әріптестерге үйретумен қатар өзімнің де аларым көп.

Коучингтің мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіруге әсері мол. Коучинг кезінде мұғалімдер өз білімдерін тереңдетеп, өз мүмкіншіліктерін пайдаланып, әр түрлі әдістерді қолданып, бір-бірімен тығыз байланыста жұмыстар жүргізеді. Коуч әріптестеріне кеңесші есебінде ғана әрекет етпей, олардың шығармашылық мүмкіндігін ашуға бағыттап отыруы абзал. Коучинг өткізудегі негізгі мақсат – ынтымақтасу арқылы мұқият тыңдау, бірлесіп шешім қабылдау, проблемалық жағдайларға шешім іздеу, мұғалімдердің өз мүмкіншіліктерін пайдалану және жетістікке жету жолдарын іздеп, ұстаздардың өз сауалына жауапты өзі таба білуіне көмектесуге бағытталған.

Коучинг өткізу кезінде әріптестерді алдын-ала жаңалықтармен хабардар етіп, ұстаздардың бүгінгі күндегі қалыптасқан тәжірибелеріне өзгерістер енгізу кәсіби шеберлікті қажет етеді. Сондықтан коуч өзіне сеніммен қарап, бағдарламаның жалпы идеясын жан-жақты түсініп, үйреншікті әдіс-тәсілдерді өзгертіп, талдау жасап әрі түсіндіруге тырысып баққан жөн. Коучингке қатысқан әріптестер тақырыпқа байланысты өз ойларын еркін жеткізіп, талдау жасап, ортақ бір пікірге келіп отыруы тиіс. Коучинг нәтижесін анықтау үшін әр тақырыпқа сай фокус тобындағы мұғалімдер сабақ беріп, қалған топ мүшелері сол сабақтарға қатысып, өз пікірлерін айтып, жетістіктерін бағалап тәжірибе жинақтайды. Коучинг барысында сыни тұрғыда ойлау, сұрақ қою, топтық, жұптық, жеке жұмыстар, рөлдік ойындар, диалог оқыту, постер құру, стикермен жұмыс жасау, сергіту сәттерін бейнеролик, түрлі қимыл ойындары арқылы Кембридждік жеті модуль бойынша түрлендіріп өткізудің тиімді әдістерін пайдалануға болады.

Коучинг тиімді болу үшін:

тақырып өзектілігі;

ақпараттардың тақырыпқа сай болуы;

тиімді әдіс-тәсіл таңдай білу;

мұғалімнің сабақ барында табысқа жетуіне қолдау көрсету сияқты тұстарды негізге алған пайдалы.

Жалпы өткізілген коучингтердің нәтижесі бойынша пән мұғалімдері коучингте үйренген әдіс-тәсілдерін сабақтарына тиімді қолдану нәтижесінде оқу сапасы артып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы жоғарлап, жаңа тақырыптар бойынша білім деңгейі көтерілгенін байқауға болады.

Диаграмма №1


Бұрын мұғалім сабақтың 65% өзі сөйлесе, жаңа тәсіл бойынша керісінше оқушыларға көбірек ой бөлісуге мүмкіндік беріледі. Бұл оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға жетелейді.

Сонымен қатар, қай жағдайда да оқушы деген жеке тұлғаға нәтижелі білім берудің жолын іздеуді мақсат еткен ұстаздар қауымының кез-келген тақырыпта коучинг өткізуі үшін іс-әрекет толғанысы бірінші орында болу керек. Іс-әрекет үстіндегі толғаныс Синектің «Неге?», «Қалай?», «Не?» конустық метафорасынан құрылады. Іс-әрекеттен кейінгі толғаныстан соң әр топ өздерінің іс-әрекеті мен тәжірибелеріне қатысты бірқатар ойлар мен мәселелерді анықтап, өз шешімдерін постерге түсіріп, қорғайды. Коучинг соңында кері байланыс жүргізіліп, әріптестердің пікірлері мен ұсыныстарына көңіл бөлінеді. Фокус тобындағы әріптестердің бірлесе отырып өткізген әрбір коучингі ұстаздар үшін білімдерін жетілдіретін шеберхана екендігін білім сапасының артқандығынан-ақ байқауға болады.

Диаграмма №2

Диаграммада пән мұғалімдерінің сапа көрсеткіштері алдыңғы жылға қарағанда жоғарлағандығы байқалады. Ағылшын тілі – 3%, биология – 3%, география – 7%, тарих – 5%, қазақ тілі – 14%, еңбек – 2%, дене шынықтыру – 3%-ға өскендігі көрсетілген. Сондықтан коучинг өткізудің білім сапасын арттыруға үлесі жоғары деп айтуға негіз бар.

Сызба №1

«Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз», – деп Сенека Луций айтқандай ұстаздар өз білімін үздіксіз жетілдіріп, ізденіп, әріптестермен тәжірибе алмасып жүргені жөн деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткелік мектептері» ДББҰ. 2012

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150716

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар