Менің инновациялық сабағым

11 қаңтар 2016 - Айгүл Өмірқызы

МЕНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САБАҒЫМ

Шалова Айгүл Өмірқызы

 № 56  мектеп-лицейі

Астана қаласы

 

     Мектеп – білім ордасы, оның жүрегі —  ұстаз. Ұстаз  - мектепте басты тұлға болып табылады, себебі ешбір заманға сай технология ұстазды алмастыра алмайды. Мен ұстазбын. Жеті жылға жуық уақыт №56 мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасап келе жатырмын. Менің ұстаздық кредом: жеке тұлғаны қалыптастыруға ат салысу, жасөспірімдерді білім нәрімен сусындату, оларды өмірден өз орнын таба білуіне көмектесу және бағыт — бағдар беру.

   «Ұстаздық ету — уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» деген ұғым нағыз жас мамандарға арналып айтылған деп білемін.

 Қазақтың белгілі ағартушысы Ж.Аймауытовтың «Қазіргі қазақ мектебіне қажеттісі – білім беруші мұғалім емес, баланы өмір сүруге үйретуші ұстаз» деген сөзі бар. Қай уақытта болмасын білімді де білікті, тәжірибесі мол ұстаздардың орны ерекше.

ХХІ ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры болғандықтан оқушыларға ғылым негіздерін оқытып қана қоймай, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, еңбек етуге үйретуіміз керек. Сондықтан да мұғалімнің басты мақсаты -  оқушылардың білімі мен біліктілігінің қалыптасуына жағдай жасау, шығармашылықпен айналысу. Шығармашылықпен айналысқан ізденімпаз ұстаз қашанда шәкірт жүрегінен орын табады.

          Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу процесінде мұғалім басты рөл атқарса, қазір оқушының іс-әрекетімен мектептер бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс тәсілдер баршылық. Көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады»,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті.

Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан мен өзімнің ұстаздық міндетімді инновациялық білім беру технологияны  оқытумен атқарып келемін. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту басты орын алады.

Бүгінгі білім бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Мұғалім заман ағымына сай өз білімін жетілдіру арқылы мектепке жаңалық әкелу қажет.  Сол себепті Назарбаев зияткерлік мектептері мен Кэмбридж университетінің ұйымдастыруымен «Өрлеу» ҰБАО АҚ-да өтілген Қазақстан Республикасының  педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының ІІІ деңгейінде дәріс ала отырып, курс жаңалықтарын өз тәжірибемде ұтымды қолдану үстіндемін. Бағдарлама нәтижесінде – тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табыса алатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін оқушылар дайындалады.

        Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер әлеуметтік  тұрғыдан білім беру болып табылады.  Ал «қалай оқу керектігін үйрету» мен «диалог негізінде оқыту және оқу» әдістері әлеуметтік–сындарлы көзқарасымен тығыз байланысты. Бұл әдіс–тәсілдер біздің білім беру жүйемізге өте тиімді. «Қалай оқу керектігін үйрету» әдісі оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім алу жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. Сондықтан да осы жеті модуль менің білім беру үдерісіме толық енді деп ойлаймын. Оның дәлелі –  жүргізілген сабақтарымда бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып, оқытуда өзгерістердің енгізілгені деп білемін.

Оқушыларға алдағы уақытта болатын барлық сабақтар топтық жұмыстар түрінде және көптеген өзгерістер кездесетіні туралы баяндадым. Алдымен сынып оқушыларымен бірлесіп, топ ережесін құрып алдық. Топ ережесі бойынша барлық оқушылардан тәртіпті сақтау, өз ойларын толық жеткізу, ұйымшыл болу, уақытты тиімді пайдалану, бір-бірін сыйлау, әр сабақта белсенділік таныту сияқты қағидаларды ұстануды сұрадым.  Әр сабағымды бастамас бұрын мен сергіту сәттерін ұйымдастырып, сыныптағы психологиялық ахуалды назардан тыс қалтырмадым. Осы орайда оқушылардың сенімін, ынтасы мен тәуелсіздігін дамытудың сергіту сәттерін  ұйымдастыра отырып, сыныпта жақсы ынтымақтастық атмосфера қалыптасты. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, ынталандыру, сабақ мазмұнын  түсіну, өздерін реттей алу,  топтасып жұмыс жасаудың қажеттілігін сезіну, ұйымшылдыққа тәрбиелену  сияқты қасиеттерді бойларына сіңдіруді басты назарда ұстауға тырыстым.

   Әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.   Жаңа тәсілдерді қолдану арқылы сабақты дұрыс жоспарлауды бастадым. Ендігі кезекте мақсат оқушыларға бағытталған болу қажет екенін түсіндім. Сабақтың міндеттерін іске асыру үшін мен  соған орай, сабақ мазмұнында атқаратын іс-әрекеттерді де жоспарладым. Өзімнің қандай нақты нұсқау мен бағыт бағдар беретінімді, қандай нақты да мағыналы сұрақ қоятынымды, оқушылар соған байланысты не істеу керек екенін  ойластырып, әрбір міндетті іске асыруға тырысып отырдым. Сабақтың мазмұнына қарай мен:      -ұйымдастыру; -орта құру; -жағдай жасау; -жағдай туғызу; -бағыт беру;-құрастыру сияқты міндеттер қойып отырдым.

 Мен бұрынғы дәстүрлі сабақ жоспарлауымда күтілетін нәтижені анықтамайтынмын, ал күтілетін нәтиже сабақ жоспарлаудың ең маңызды тұсы екенін түсіндім. Сабақтың мақсаты мен міндетін іске асыратын оқушы әрекетінен күтілетін нәтиже міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Күтілетін нәтиже  сабақтан кейін оқушылардың іс-әрекетіне баға беруге көп көмегін тигізді. Сабақтың тақырыбы бойынша оқушылар нені: — жасай алады;  -үйрене алады; — мүмкіндік ала алады; қандай шешімге келе алады; -бағалай алады деген күтілетін нәтижелер қойылды.

Оқушылардың барлығы топпен жұмыс жасауды ұнататындарын байқадым. Бұл мен үшін қуантарлық жағдай болды. Топтық жұмыстың  тәрбиелік мақсаты – топ  жұмысында оқушылар біріге, бірлесе жұмыс істеуді үйрену арқылы іске асырылады. Оқушылар топта бір-бірінің пікірлерін сыйлауды, ойын мұқият тыңдауды, ұжымның шешімімен санасуды үйрене бастады. Әр сабақта оқушыларды топтарға бөле отырып, олардың қарым-қатынасын нығайта түстім.  Оның тиімділігі, біріншіден – оқушылар  топта бірлесе отырып, жұмысын қорғай отырып, өздеріне тиесілі құрылғымен, оның түрлері мен ерекшеліктерін атап өтеді, екіншіден – баланың сыни тұрғыдан ойлауы қалыптаса түседі. Топтық әңгіме барысында айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі, әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынуы, бір-біріне сұрақ қоюы байқалады.

  Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылса оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, сабақ берудің тиімді құралына айналады және жақсарта алады. Сабақ барысында оқушының білім алуына қолдау үшін сұрақ қоюдың әр түрлі жақтарын пайдалануға тырысамын. Диалог әдісіне қатысты оқушыларымның пікірі мен үшін маңызды. Сол сияқты диалогтік  әдісте оқушылар  бір-бірін тексеретіні, бағалай алатыны  білінеді. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алуға әбден болады.  Оқушыларым жақсы әсерде қалады деп айта аламын. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алады. Сабақтарда үндемейтін оқушылар өз ойларын айтып, сұрақтарға барынша жауап беруге тырысып бағады.

  Сабақ барысында баланың сыни тұрғыдан ойлауына керекті басты ерекшеліктердің бар екендігіне көзімді жеткізіп, толықтырғым келіп отыр. Кез-келген тақырыпқа сәйкес, өз ойын синтездеу арқылы анықтама жасай алатын, өткені мен болашағын барлауды есепке ала отырып, нақты дәлелдер негізінде сөйлеуге машықтанған,   барлық қорытындыларға баға беріп,  көзқарастар мен пікірлердің маңыздылығына назар аударатын тұлға  сыни тұрғыдан ойлай алады.  Сабақтар барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету стратегияларын қолдану маған жеңілге тиген жоқ. Бастапқы кезде уақыттың жетпей  қалуы мені көп қобалжытты. Бұған болған себеп: оқушылардың баяу қозғалуы, өз ойларын еркін жеткізе алмауы, негізгі идеяларын қағаз бетіне тез және жүйелі түрде түсіре алмауы. Уақыт өте келе мен оқушыларымнан бір өзгеріс байқадым. Ол оқушылардың бір-бірінен қысылмай ойын еркін жеткізуі. Ең бастысы өзгелердің пікірі құнды екенін түсіне бастауы мені таңқалдырды. Әр сабақ сайын сыныпта «Біреудің сөзін бөлме!», «Талқылауды мұқият тыңда!» деген қағидаларды айта отырып, үлесі көп болды.  Сабақтарымда мен Блум таксономиясын пайдаланамын. Сабақтың кіріспе,  негізгі бөлім, қорытынды кезеңдерін Блум етістіктерімен байланыстырамын. Оқушылардың: «біздің топтың ойынша...»,  «топтың пікірі бойынша… », «біздің топтың шешімі бойынша...» деген сөз тіркестерін жиі қолдануы, олардың сәл де болса өзгерулерін байқатады.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы өзінің іс-әрекетін, өзін-өзі бағалауын қамтиды. Модульдің бұл түрі сабақтар кезінде ерекше байқалады. Сабақтарда ой қозғап отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сын көзбен қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға бағытталады. Шығармашылық жұмыс жасау барысында оқушылардың барлығы жұмыла кірісіп,  белсенділіктерін арттырады. Бұл модульді қолдану арқылы,  сенімі аздау оқушыларға, барлық балалар өздерінің пікірлерін ұсынуға, жұптармен әңгімелесу сабақтың негізгі идеясына байланысты не ойлайтындарын түсінуге көп көмегін тигізеді.

     Бағдарламаның  игі бастама ретінде оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды ерекше атап өткен жөн. Оқуды бағалаудың мақсаты – оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Ал оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үрдісі.Әрбір сабаққа дайындалған кезде мен «Оқушыларым не істей алар екен?», «Бұл тапсырманы орындау оларға қиын бола ма екен?» деген сұрақтар ойландыратын. Сабақ жоспарын құруда оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас ерекшеліктерін ескеріп отырамын. Бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттыру үшін және өзін-өзі бағалауы үшін  тиімді. Дәстүрлі сабақта оқушылар мұғалімнің бағалауына әбден үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды, келесі сабақта жақсы баға алу үшін не істеу керек деген талдау жасалмағандықтан, оқушылар үнсіз кете беретін. Ал, жаңаша оқыту әдісінде оқушыларды бағалауға көбірек көңіл бөлу керектігін ұйғардым. Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыра отырып, оларды психологиялық тұрғыдан дайындау қажет. Себебі, оқушы алдымен өзіне өзі баға беріп үйренсе, оның оқуға деген жауапкершілігі мен белсенділігі артады. Алғашқыда  оқушылар өзін-өзі бағалауда қиналғандары байқалды. Мені қуантқан жағдай, олар өздері туралы көп ойланды, өздерінің іс-әрекеттеріне есеп бере алды, яғни бұл жерде өзін-өзі реттеу әрекеті анық байқалды. Өзін-өзі реттеу әдісі оқушылардың  топтық ережеге бағынуы, үндемейтін оқушының сөйлегені, топтағы өздерінің рөлдерін жауапкершілікпен орындағаны айқын көрініп жатты.     Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдері белгілі  критерийлері бар жиынтық бағалау арқылы анықталады. Оқушылар үшін  тиімді, пайдалы жағы, оқушылар бірін-бірі  бағалауы. Осы тұста сын тұрғысынан  ойлауды оқушының жауабынан байқауға болады.Дәстүрлі сабақтарда баға қою менің тарапымнан болса, енді оқушыларға бағалау парағы таратылып, өздерін, топ мүшелерін бағалауға қалыптасты. Бағалауда  адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан баға ізгі болу керек деген  тезиспен байланыстырамын. Оқушы өз ойын айтқанда, тапсырманы орындағанда, бағалауда  ынталандырып, мадақтап, мақтап сенімділігін арттыруға ықпал етемін. Осы жүйе барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы бойынша жүргізіледі. Әр сабақтың соңында кері байланыс парақтарын алып отырамын. Оқушылар сабақтан алған әсерін, ұнағаны, ұнамағаны мен қатар, сұрақтарын жазып отырады. Кері байланыс парақтарынан мен оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгере алғанын, түсіне алмаған тұстарын жазған сұрақтары арқылы біле аламын. Келесі сабағыма дайындалуда кері байланыс парақтары көмегін тигізеді.

  Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық  технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

   Заманауи жахандану үрдісінде жаңалықты бесенеден байқап, елеп алып, өзінің ортасына жаңалық енгізу арқылы оған өзгелерді тартып, қоғамының жақсы жаққа өзгеруіне тікелей ықпал етуші – көшбасшы. Көшбасшы  сабақта белсенділік танытып қана қоймай, топ мүшелерін, жалпы сыныпты алға қарай жетелеп отырады. 

Осыған ұқсас жазбалар:

ТарихСабақта диалогтік әңгімені қолдана отырып, оқушылардың когнитивті дамуын жетілдіру

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115491

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар