Семіздік және оның денсаулыққа әсері

28 қыркүйек 2015 - Алтынгүл Берсүгірова

Берсүгірова Алтынгүл Әмірқызы

Қармақшы ауданы, Қызылтам ауылы

№79 негізгі мектебі

Семіздік және оның денсаулыққа әсері

(Пікір алмасу сабағы)

Мақсаты: Салауаттылық негізін қолдай отырып, семіздіктің қауіптілігін, осы заманғы қатерлі қауіп екенін оқушы көңіліне ұғындыру.

Көрнекілігі: слайд-шоу, қосымша мәліметтер, бейне-көріністер

Барысы:

I.Кіріспе

II.Семіздік, оның пайда болу себептері. Қазақстандағы семіздіктің жиілігі

III.Өтілетін материалға сәйкес бейнекөрініс

III.Бейкөріністен кейінгі туылған пікірлер /оқушылардың ойлары/

IV.Маман кеңесі /оқушылардың дәрігерге қоятын сұрақтары /

V.Сауалнама.

VІ.Қорытынды /Салауатты өмір салты бейне көрініс/.

I. Кіріспе. Семіздік туралы жалпы мағұлмат

ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдерде халықтың аурушандығы белең алды. Оның негізгі үлесі «метоболизм процесінің өзгерісінен туындайтын аурулар» немесе «жұқпалы емес аурулар» деп аталып жүрген сырқаттарға тиесілі. Осы аурудың бірі-семіздік.

Біз күнделікті тұтынатын азық-түліктің денсаулыққа пайдалы-зиянды екендігін көп жағдайда ескере бермейміз. Балмұздақ, шырын, тоқаш, сорпа сияқты тағамдардың әрқайсысының энергетикалық құндылығы –каллориясы бар. Көпшілігіміз тағамның энергетикалық құндылығына да аса мән бермейміз. Ағза күнделікті пайдаланатын тамақ өнімдерінен қоректік заттар мен энергия алады. Қоректік заттар дегеніміз – нәруыздар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер. Көп жағдайда қоректік заттар май түрінде қорға жиналады.

Май дегеніміз не, майдың құрамы қандай? Май көміртек, сутек және оттек элементтерінің қосылысы-үш атомды спирт глицерин мен май қышқылынан түзіледі.Майлар құрылыс материалы ретінде жасуша мембранасының құрамына кіреді. Бірақ майлар, негізінен, энергия көзі ретінде жұмсалады. Кейбір майлардың құрамында А, Д, Е, К витаминдері болады.

Тағам құрамындағы майдың мөлшері әртүрлі. Жармада, жеміс-жидекте, көкөністе майдың мөлшері аз. Майлардың тәуліктік қажетті мөлшері 80-90 г. Жүректің қызметіне май қышқылы, ал мидың қызметіне глюкозаны жұмсалады. Денеге түсетін жүктеме мөлшері аз болғанда бұлшықет глюкозаны, ал жүктеме мөлшері көп болғанда майды пайдаланады.

Дені сау ересек адамның ағзасындағы таза майдың мөлшері 10-20 кг болады. Май қоры тері астындағы май қабатына жиналады.

Майдың жоғары коллориялы екендігін ескере отырып (май — 9,3 Ккал/г, ал глюкоза – 4,1 Ккал/г), адам ағзасында үнемі 100-180 мың Ккал «отын» қоры болатынын есептеп шығару қиын емес. Осы энергияның артық қоры 40 күндік адамның энергетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алады. Алайда, тіршілік барысында жұмсалған энергияны толықтырып отыру қажет.

Семіздік — ғылыми тілмен айтқанда, май тінінің артық жиналуымен сипатталатын созылмалы ауру. Қарапайым тілмен айтқанда, семіздік ағзаға түсетін энергия шығарылатын энергиядан басым болғанда дамиды. Бұл баланстың бұзылу себептері әртүрлі, тағамның түрі мен тамақтану сипатына, өмір салтына байланысты. Алайда, тамақтану семіздіктің дамуында ең басты рөл атқарады.

Барлық артық салмақты семіздік деп атауға болмайды. Майдың артық жиналуымен байланысты жағдайды сипаттау үшін ғалымдар екі кілтті түсінікті «артық дене салмағы» және «семіздік» қолдануды ұсынады.

Артық дене салмағы деп-адамның бойының ұзындығына байланысты дене салмағының бекітілген стандарттан жоғарылауын айтамыз, бірақ сонымен қатар, майдың жиналуы сырт көзге байқалмайды. Артық дене салмағы семіздіктің дамуында жетекші орын алатын қауіпті фактор ретінде қарастырылады.

Ересек адамдарда семіздікті анықтаудың арнайы кестесі бар.

Ересек адамдарда артық салмақтықты анықтау кестесі

Бойының ұзындығы (см)

Салмақ жетіспеушілігі

Қалыпты салмақ

Артық салмақ

Ер

Әйел

Ер

Әйел

Ер

Әйел

150

52,8

47,5

55,6

50

58,4

52,5

152

53,8

48

56,4

50,5

59,2

53

154

54,3

48,6

57,2

51,2

60,1

53,8

156

55,2

49,6

48,1

52,2

61

54,8

158

56,2

50,6

59,2

53,3

62,2

56

160

57,1

52,8

60,4

545

63,4

57,2

162

58,5

53

61,6

55,8

64,7

58,6

164

59,6

54,1

62,7

57

65,8

59,9

166

60,8

55,3

64

58,2

67,1

61,1

168

62,2

56,5

65,5

59,5

68,8

62,5

170

63,6

57,9

67

61

70,4

64,1

172

65,2

59,3

68,6

62,4

72

65,5

174

66,5

60,5

70

63,7

73,5

66,9

176

67,9

61,5

71,5

65

75,1

68,3

178

69,3

63,1

73

66,4

76,7

69,9

180

70,8

64,1

74,5

67,5

78,2

70,9

182

72,2

65,3

76

68,7

79,9

72,1

184

73,9

66,2

77,8

69,7

81,7

73,2

Адамның семіздікке шалдыққандығын бел аумағының мөлшерімен де анықтауға болады. Әйелдерде бел аумағының мөлшері 88 сантиметрден, ал ер адамдарда 102 сантиметрден аспауы қажет. Балаларда артық салмақ пен семіздік центильдік (пайыздық) кесте бойынша бағаланады. Центрильдік кестеде балалардың жасы, жынысы, бойының ұзындығы, дене салмағы ескеріледі. Мысалы, баланың бойының ұзындығы 104 см болса, ұлдарда 15,8 -17,5 кг, қыздарда 15,5-17,3кг қалыпты салмақ деп есептеледі.

Бала бір жастан асқан соң жылына шамамен 2 кг салмақ қосып отырады. Жыныстық жетілу кезінде жасөспірімдер жылына 5-8 кг дейін салмақ косуы мүмкін.

II. Қазақстандағы семіздіктің таралу жиілігі

Дүние жүзінде семіздік пен артық салмақ қосқан адамдардың саны 2 миллиардқа жетті. Қазақстанда 4 миллионнан астам адам семіздікке шалдыққан. Бұл біздің елімізде тұратын халықтың санын ескергенде, үлкен көрсеткіш. Мамандардың зерттеулерінің нәтижесінде он адамның сегізінің қан қысымы жоғары екендігі белгілі болды. Әсіресе, семіздіктің жыл өткен сайын «жасарып» бара жатқаны эндо­кринолог мамандарды қатты алаңдату­да. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында артық салмақ қосу көбеюі алаңдататын жағдай. Бес жасқа дейінгі балалардың шамадан тыс семіріп кетуі Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жиі тіркелген.

Семіздік бойынша Шығыс Қазақстан облысы (9,8%) Павлодар облысы (9,8%) және Оңтүстік Қазақстан облысы (11,8%), Алматы қаласы (13,7%) жоғарғы көрсеткіш көрсетсе, Атырау облысы (2,2%), Батыс-Қазақстан облысы (2,3%) и Жамбыл облысы (2,6%) төменгі көрсеткіш көрсетті. (3- сурет).

[img width=«615» height=«378» src=«file:///C:/Users/9734~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.jpg» alt=«Описание: Безымянный» v:shapes=«Рисунок_x0020_5»>

Семіздіктің Қазақстан аймақтарында таралу жиілігі.

САУАЛНАМА

1. Жасыңыз:

2. Жынысыңыз (ер,әйел):

3. Салмағыңыз (кг):

4.Бойыңыздың ұзындығы ( см):

5.Әкесі-шешеңізбен жақын туыстарыңыздың арасында толық адамдар бар ма?

6.Күніне неше рет тамақтанасыз?

7.Қаңдай тағамдарды (тәтті, майлы, майлы-тәтті) ұнатасыз? (тағам аттарын жазу)

8.Чипсы және гамбургерді жиі жейсіз бе?

9.Қаңдай сусындарды ішкенді ұнатасыз және оны жиі ішісің бе?(сусын аттарын жазу)

10.Спортпен шұғылданасыз ба? ( спорт түрін жазу)

11.Бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

12 Қант диабеті, қалқанша без, жүрек-қантамыр, бауыр ауруларымен дәрігерде есепте барсыз ба?

13.Нәресте кезіңізде немен тамақтандыңыз (ана сүтімен немесе жасанды тамақпен)?

14.Ұйықтағанда үнемі қорылдайсыз ба?

VI.Қорытынды.

Семіздік – қауіпті ауру. Семіздіктің алдын алу шараларын жүргізіп, ауруды дер кезінде анықтап емдемесе, адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төнеді. Дүние жүзін қармап келе жатқан бұл дерт өз елімізге де қатерін тигізіп отыр. Семіздіктің пайда болуы түрлі катерлі аурулардың алғышарты болмақ. Семіздік арқасында еңбекке жарамды, туған халқын қорғап, адал қызмет атқаратын азаматтарының саны өкінішке орай азайып бара жатыр. Осы орайда Қазақстан халқының әрбір тұрғындары салауаттылық негізін қалыптастыра отырып, семіздіктің алдын алуы қажет. Күнделікті пайдаланатын тағамын өз мөлшерінде пайдалана отырып, семіздік дертін үдетпеуге және оның алдын алуға бар күшімізді салайық.

Осыған ұқсас жазбалар:

Іс-шара мәліметтеріДенсаулық фестивалі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110066

Пікірлер (3)
Нургиза Кульджина # 29 қыркүйек 2015 в 09:48 0
Адамдар көбінесе тамақтан семіреді деп ойлаймын.Қай кезде де адам тамақ ішкенде өле тоя ішпей, өзін тоқтата білу керек қой. Кейбір адамдар тамақ десе бәрін ұмытып, айналадағыларға қарамай жей береді.
Базаргүл Алтынбекқызы # 5 қазан 2015 в 21:18 0
Метаболизм процесінің бұзылуы, дұрыс тамақтану ережесіне,адам ағзасындағы жасушаларға да байланысты ғой, сондықтан салауатты өмірді насихаттағанымыз дұрыс, меніңше тамақты көп ішуден емес шығар...
Салиха # 15 қазан 2015 в 00:36 0
Ауру-астан,дау...тегин айтылмаган болса керек?!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар