Су әлеміне саяхат. (Шомылу маусымының ашылу салтанаты)

8 тамыз 2016 - Айгерім Каликова

  Тәрбиелік мақсаты: Су туралы мағұлмат беру. Судың адам өміріндегі алатын орыны зор екенін түсіндіру.

·        Тазалық- денсаулық кепілі.

·        Шынықсаң, шымыр боларсың.

·        От пен су тілсіз жау.

нақыл сөздерін басшылыққа ала отырып тәрбиелеу.

 Түзету мақсаты: Түрлі ойындар арқылы жалпы және ұсақ моторикасын дамыту, жәй әуен арқылы жүйкені жайландыру.

  Көрнекілігі: Су толтырылған қауыз, шелектер, пластик табақтар, қақпағы тесіліп ішіне су толтырылған пластик шынылар, шарлар, жалаушалар, резин ойыншықтар, доптар, шомылу киімдері.Сұлу су бикесі, шайтан, нефтун костюмдері, музыка әуені.

Шараның жүрісі:

  Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар!

Бүгінгі тәрбиелік шарамыздың тақырыбы: «Су әлеміне саяхат».

Бүгінгі жаздың жайма шуақ тамаша күнінде су асты әлеміне саяхатқа баруға дайынбызба!

-         Балалар: Иә дайынбыз.

-         Жүргізуші: Олай болса балалар, су әлеміне қош келдіңіздер!

Судың адам өмірінде алатын орны зор екен, балалар! Шөлдесек су ішеміз, қарнымыз ашса су қосып тамақ пісіреміз. Суға жуынамыз. Үйіміздің еденін сумен жуып, тазалаймыз.

  Жасыл желек бау-бақша, гүлдерді сумен суарамыз, төрт түлік мал шөліркесе, сумен шөлін қандырады.

  Жалпы адам өміріне емес, бүкіл тіршілік атаулыға су ауадай қажет екен. Жаз мезгілінде ыстықтаған адамдар өзен, көл, жайыққа суға шомылады.Суға кішкене балалар жалғыз баруға болмайды.Суға батып кету қаупі бар. Сондықтан, ересек адамдармен бірге барған дұрыс. Сонымен су бізге не үшін керек?

Балалар жауабынан кейін жүргізуші балаларды мақтайды.

  Жүргізуші: Енді көзімізді жұмып су асты әлеміне түсейік, баяу әуен жүріп тұрады. (Балалар көзін жұмып тұрған кезде қауызды айнала су бикештері тұра қалып, баяу әуенге би билейді).

Балалар, енді көздеріңді аша беруге болады.(Балалар биді тамашалайды).

  Жүргізуші: Су бикештері, рахмет сіздерге билеріңіз үшін! Біздің көңілімізді көтеріп тастадыңдар, енді балалармен бірге ойын ойнайық.

1.     «Су тасу» ойыны.

 Ойын шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді, 2 жерде су толы табақ, 2 жерде бос табақ.Сол су толы табақтағы суды бос табаққа кішкене шелекпен тасып жарысады. Қай топ бірінші тасып бітірсе, сол топ жеңіске жетеді.

 Жүргізуші: Балаларды мақтап, рахмет айтады.

(ойын біткен кезде тосыннан шайтан келіп, бір сұлу су бикесін ұрлап әкетеді)

  Балалар жүргізушіге шайтанның су бикешін ұрлап әкеткенін айтады. Сол сәтте шайтандар улап-шулап билеп, мерекенің шырқын бұзады.

 Шайтан: Сендер мені мерекеге шақырмаған соң, мен сендерге ренжіп, су бикешін ұрлап әкеттім.Менің шартымды орындасаңдар, мен сендерге су бикешін қайтарамын. Менімен бірге ойын ойнаңдар.

2.     «Сумен атыспақ» ойыны.

  Балалар су толтырылған,қақпағы тесілген пластик шыныларды қысқылып шайтандармен атыспақ ойнайды.

  Ойын аяқтала келе алыстан Нептун нөрінеді. Шайтандар Нептун атаны көріп қаша жөнеледі, балалар бір шайтанды ұстап қалады.

 Нептун: Балалармен амандасады. Шайтанға су бикешін қайтаруды бұйырады. Шайтандар кешірім сұрап, енді тентек болмайтындарын айтып, дос болып бірге ойнайтындарын айтып, уәде береді.

3.     «Нысанаға лақтыру» ойыны.

  Ойын шарты: Су бикеші, шайтандар, балалар екі топқа бөлініп, су толы пластик табаққа кезекпен дәлдеп доп лақтырады.

  Нептун: Міне, тамаша балалар, су бикештері, шайтандар бәрің тату-тәтті араласып, ойын ойнаңдар. Сендерді шомылу маусымының ашылуымен құттықтаймын. Әрі қарайда дос болып жүріңдер, мерекені жалғастырайық.

4.     «Cу құйыну»

Алдын ала күн көзіне жылытылған табақтағы суларды төбеден төмен қарай құяды.

5.     Қауызға шомылу.

 Жүргізуші: Балалар өте тамашы ойын көрсеттіңдер, бәрі жақсы, сіздерге көп-көп рахмет!                                                                                                                                 

Қорытындылау, балаларды мадақтау

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышАЛТЫН САҚА ОЙЫНЫ

ҰстаздарғаОйын-бала өмірінің маңызды бөлшегі (Семинар-практикум)

МатематикаСыныптан тыс жұмыс «Ойнайық, та ойлайық!»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062496

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар