​4-маусым – Рәміздер күні

6 шілде 2015 - Админ
​4-маусым – Рәміздер күні

Гүлмира Иманбердиева,

«Өркениет» балабақшасының тәрбиешісі,

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Ұзынағаш ауылы

.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Бүлдіршіндердің бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет қасиетін қалыптастыру ,ұрпақтарымыздың Отансүйгіштік сезімдерін ояту, туған жерін, елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, нышандар,Қазақстан картасы.

Үнтаспадан ән тыңдау.

Сөздік жұмыс: Менің елім – Қазақстан!

Мен Отанды сүйемін.

Елтаңба, ту, гимн

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Қажетті құралдар: түрлі-түсті қағаздар, желім, ылғалды мата, т.б.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балаларды ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері:Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.

Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.,

Іздену ұйымдастырушы

Балалар біздің ұлтымыз кім?

Біздің мемлекеттік тіліміз қандай тіл?

Біздің Отанымыз, еліміз қалай аталады?

Бүгін бізде ерекше күн Қазақстан Республикасының рәміздері күні

Ту, Елтаңба, Әнұран

Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев туралы түсінік береді.Елбасы туралы тақпақтарды еске түсірейік.

Ғажайып сәт: «Елбасының тілек хаты»(Бейбітшілік құсы көгершін ұшып кіреді.)

Тәрбиеші: Елбасының тілек хаты

«Сәлеметсіңдерме, балалар. Мен сендердің дені сау, үлкен азамат болуларына шын жүректен тілектеспін.Балабақшаларыңда көңілдерің шат, қуанышты күндер өткізіп жатқандарыңа мен нық сенімдімін.Балапандар жақсы күндерің көп болсын.Сау-саламатта болыңдар».

Сергіту жаттығуы:

Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн

Жаса-жаса, алтын күн.

Тәрбиешінің әңгімесін зер салып тыңдайды.

Тәрбиешінің нұсқаулығын орындайды.

Гимн дегеніміз- Отан әні «Менің Қазақстаным» Қазақстан Республикасының Әнұран авторлары: Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов, Н.Ә.Назарбаев

Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім – сағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп.

Мұзафар Әлімбаев.

Мемлекеттік ту дегеніміз – Елдің тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышаны.

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков

«Біздің ту»

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Елтаңба дегеніміз – қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі, біздің ұлттың алтын бесігі.

Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалиханов.

«Елтаңба»

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза үй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Ойын: «Достық»

Қазақ

Қазақ тілі

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы

Тәрбиешінің әңгімесін зер салып тыңдайды.

1-бала: Елбасымыз жолдайды,

Халық оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

2-бала: Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

Ойынды қызығушылықпен ойнау.Қалықтап ұшқан көгершінге қарап, қол соғады.Сәттілік тілеп, көгершінді шығарып салу.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Оқу іс- әрекетін қорытындылау.

Ән орындалады.

Рефлексті коррекциялау

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:ҚазақстанРеспубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі туралы және Қ.Р рәміздерін танып білу

Болуы керек: танымы, тілдік қоры, байланыстыра сөйлеуі, ойлауы, зейіні, т.б.

Баланың қолынан келуі: сурет бойынша сұраққа жауап беру.Берілген әндерді, тақпақтарды айту.Оқу іс – әрекетіне белсенді қатысу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096914

Пікірлер (2)
Базаргүл Алтынбекқызы # 15 шілде 2015 в 20:17 0
Елбасымыздың еңбектерін білуге, рәміздердің маңыздылығы туралы ой- толғаныстарын дамытуға берері зор.
Нургиза Кульджина # 25 қыркүйек 2015 в 11:45 0
Балабақшаның балалары мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үйреніп, авторларын біліп жатса оған құба-құп дейміз.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар