1
0
Балым Айтмаганбетова
Балым Айтмаганбетова
Осы парақшаның сілтемесі:
http://ped.kz/users/kukaepon2014

Қолданушының контенты

Қолданушы бөлмесі

Балым Айтмаганбетова, 2 желтоқсан 2014:
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясымен
оқытудың тиімділігі.
Қазақстан Республикасының « Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұрпақтың және жалпы адамзаттың, құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалаптастыруға, дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағатталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсеткені барша ұстаздар қауымына таныс деп білемін.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Қазақстан – 2050 стратегиясы қалаптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында « Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция» деген сөзіне сүйене отырып Қазақстан Республикасының болашағы жастардың қолында десек, білімді, ойы ұшқыр тұлға қалаптастыру, тәрбиелеу ұстаздардың қолында. Сол себепті заман талабына сай, бүгінгі ғылым мен техниканың қатар дамып келе жатқанын ескеріп, оқу үдерісінде, жаңа технологияларды жолға қою тұлғаның алған біліміне деген қызығушылығы мен ізденушілігін арыттырады деп сенемін.
Сол үшін де әрбір ұстаз өзі өткізетін дәрісін мазмұнды да, әрі қызықты етіп өткізуі үшін жаңа технологияларды қолданып келеді. Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану кезінде сабақтың жан – жақты мазмұнды, әрі оқушыларға әсерлі, түсінікті өтетініне көзім жетті. Тағы бір айта кететіні, тұлғаны тиянақтылыққа, ойлау қабілетінің ашылуына, өз ойын жасқанбай айта алуына кең жол ашады. «Сыни тұрғыдан ойлауға уйрету» модулінің «топпен жұмыс» әдіс-тәсілі арқылы да көп нәрсені жүзеге асыруға болатынын байқадым. Топтық жұмыс барысында, білімалушылар сабақтың бастапқы кезінде тақырыпты ашуға сәл қиналатындығын бақылайтынмын, осы әдіске білімалушылар қалыптасып, тақырыпты топтық талдау жасау, бірінің айтқанын бірі түсіну арқылы, өздігінше тақырыпты ашуға үйренеді. Мәтінмен жұмыс барысында үлгірімі жақсы оқушылар, мәтінің мағынасын тез айқындап, жанындағы үлгірімі төмендеу серіктестеріне түсіндіріп үлгіріп жатқанын да көрдім. Сабақтың келесі бөлімдерінде «суретті сөйлету» әдісін қолданғанымда, білімалушылардың сөйлеу шеберлігінің шыңдалып, сыни тұрғыдан ойлауға, сындарлы сөйлеуге уйреніп шығармашылық қабілетінің дамуына мол мүмкіндік бергенін де айтып өткім келеді.
Қорытынды жасай келе айтарым, өз іс тәжірибемнен жаңа технологияларды қолданып өткізген дәрістердің, оқушының бойына білімнің нәрі болып сіңетініне және оқушының келесі сабаққа деген қызығушылығын, ізденіп, берілген тапсырмаларды ұстазбен қатынаста болып орындауларына куә болып та жүрмін.
Ұлы данамыз Ы.Алтынсарин «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтып кеткендей, білімді ұрпақты тәрбиелеу сонымен қоса бағыт беру ұстаздың қолында екенін ұмытпауымыз керек.
Жазған: Айтмаганбетова Балым Сериковна
Арқалық политехникалық колледжінің тарих пәніңің оқытушысы.

Пользователь еще не загружал песни.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар