0
0
Бактыгул Куздеубаева
Бактыгул Куздеубаева
Осы парақшаның сілтемесі:
http://ped.kz/users/ustas

Қолданушының контенты

Қолданушы бөлмесі

Бактыгул Куздеубаева, 7 желтоқсан 2014:
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№153 Ш.Есенов мектеп- лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Күздеубаева Бақтыгүл Сайфуллақызы

Пәні: Адам өмірінің қауіпсіздігі
Сыныбы: 3 «Ә»
МОТ. № 4 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың көшеде және жолда жүру тәртібінің негізгі ережелері
Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол белгілері, оларды оқу, тану дағдыларын қалыптастырып дамыту, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдығы: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер,слайдтар;
1. Шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке.
2. Сағат
3. Ортақ бағалау парағы.
4. Фишкалар
5. Үй тапсырмасы (әр командаға 2 сұрақтан)
6. Конкурс тапсырмалары.
7. Жауап үлгілері
Ойынның жүру барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Психологиялық ахуал
Арманға алда күткен асығамыз
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
1. Ойын :«Бақытты сәт»
1- топ «Жас инспекторлар»
Жол тәртібін білейік ,
Аман-есен жүрейік!
2-топ «Үлгілі жолаушылар»
Басталар әр қадамың аттауменен
Жол жүру ережесін сақтауменен.

«Бақытты сәт» ойыны
I гейм «Бой сергіту»
II гейм «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
III гейм «Жұмбақтас»
IY гейм «Сен – маған, мен – саған »
Y гейм «Көсемдікке ұмтылу

А) І гейм. «Бой сергіту»
Командаларға 10 сұрақтан беріліп,оларды талдауға 5 минут бөлінеді.Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады.

«Жас инспекторлар» тобының капитаны – Бақдәулет
1) Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек?
Көшеде жолдың оң жағымен жүру керек.
2) Бағдаршамның сары көзі жанғанда не істеу керек.
Бағдаршамның сары көзі жанғанда жүруге дайындалу керек.
3) Балалар қай жерде ойнауға болады?
Балалар ойнайтын арнайы алаңдарда ойнаулары тиіс.
4) Теміржол өткелдерінің қандай түрлері бар?
Теміржол өткелдерінің 2түрі бар.1-түрі шлагбаумы бар,2-түрі шлагбаумы жоқ теміржол өткелдері.
5) Көлікте қандай негізгі ережелерді есте ұстау қажет?
Көлікке мініп –түскенде итеріспеу,үлкенге жол беру, шығуға алдын-ала дайындалып, басқаларға кедергі келтірмеу керек.
6)Реттеуші қолындағы алатаяғын жоғары көтеріп тұрса , ол бағдаршамның қай белгісіне сәйкес келеді?
Реттеуші қолындағы алатаяғын жоғары көтеріп тұрса, ол бағдаршамның сары белгісіне сәйкес
келеді.
7) Сүйектердің зақымдануының түрлерін ата.
Сүйектердің зақымдануының 4 түрі бар .Қақ жарылу, опырылу,кесілу,езілу.
8) Аялдамаға тоқтаған көліктің қай жағынан өтуге болады?
Аялдамаға тоқтаған көліктің алдынан да артынан да өтуге болмайды,сол айналада жол өткелі
болуға тиіс, содан өту керек.
9) «Жаяулар өтетін жер» кейде қалай аталады.
«Жаяулар өтетін жер «Зебра» деп аталады.
10) Веналық қанның түсі қандай?
Веналық қанның түсі қою қоңыр түсті болады.

«Үлгілі жолаушылар » тобының капитаны – Ақбота

1)Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда не істеу керек?
Бағдаршамның жасыл көзі жанғанда жол ашық , жүре беруге болады.
2) Балалар қай жерлерде ойнауға болмайды?
Балалар жол үстінде және оның жиегіне жақын жерлерде ойнауға болмайды.
3)Жасы нешеге толмаған балалардың велосипедпен жолға шығуларына тыйым салынады?
Жасы 14 – ке толмаған балалардың велосипедпен жолға шығуларына тыйым салынады.
4)Темір жол өткелдері не үшін қойылады?
Бұл белгі жүргізушілерге алда теміржол өткелінің бар екендігін ескертеді.
5) Қоғамдық көліктерге көліктердің қандай түрлері жатады?
Қоғамдық көліктерге автобустар,трамвайлар, бағдарлы таксилер жатады.
6) Көше қиылысы деген не?
Көше қиылысы дегеніміз бір көше мен екінші көшенің түйісуін көше қиылысы деп атайды.
7) Жарақаттың неше түрі бар?
Жарақаттың бірнеше түрібар.Сыну, ауыртып алу, жаралану, күйік.
8) Жолаушылар автобусқа қалай мініп түсуге тиісті?
Аялдамаға келіп тоқтаған автобус толық тоқтаған кезде ғана оған мініп-түсу керек.
9) Реттелмейтін көше қиылысы дегеніміз не?
Қиылыста жүрісті реттейтін бағдаршам орнатылмаса, ол тұсты реттелмейтін көше қиылысы деп атайды.
10) Артериялық қанның түсі қандай?
Артериялық қанның түсі ашық қызыл болады.

ІІ гейм. « Бөшкеден шыққан бас қатырғылар».
Команда мүшелері бөшкеден нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, команда капитандары жауап береді. 4 сұрақтан.
1) Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ «тоқта, жүр дейді»
(бағдаршам)
2) Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
(полиция қызметкері)
3) Бір ғажабы –бұл жерде бір нәрсені ел күтеді,
Отырады біреуі, тік тұрады біреуі,
Неғылған жер бұл өзі,
Айтыңдар, кім біледі?
(Автобус аялдамасының орны)
4) Ілулі тұрған не белгі,
Машинаға «тоқта» деп белгі береді,
Жол үстіне ақ бояқпен,
Жолақша боп сызлған,
«Өтіңдер»,-деп белгі береді
(Жаяулар өткелі)
1)Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр
(Бағдаршам)
2)Екі аяқты, бір ізді,
Үстіне мені мінгізді,
Мінгізгенмен ол менің,
Аяғымды жүргізді.
(Велосипед)
3) Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім
(Жол)
4)Аудан, мектеп, үй, стадион, салынып жатқан жерлерде, тура жүрсең түсетін шұңқырлар бар жерлерде жол үстінде қандай белгі тұрады?
(Жаяулар жүрісіне тыйым салу белгісі)

ІІІ гейм «Жұмбақтас»
(Әр топ бейнетаспа арқылы берген сұраққа жауап береді. Мұнда сұраққа жылдам жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны көтереді.
1- сұрақ Бағдаршамды кім ойлап тапқан?
Бағдаршам 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.
2-оқушы: Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.
2. Жол белгілері және жол таңбалары не үшін қажет?
Олар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол үстіндегі жағдайларды ескерту үшін жасалады.

3. Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?
Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімеге айналып жолда жүру ережесін ұмытып кетуі мүмкін.Сондықтан жол өткелдерінде әңгімені қойып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.

4. Тежеу жолы дегеніміз не?
Белгілі бір жылдамдықпен жүріп келе жатқан автокөлікті кенеттен тоқтатумүмкін емес. Оның жылдамдығын бәсеңдету үшін уақыт қажет.Жүргізуші жүріп келе жатқан автокөліктің тежеуішін басқан мезгілден ол тоқтағанға дейінгі аралықты тежеу жолы дейді.

5.Бағдаршам болмаса келесі бетке қалай өтуге болады?
Бағдаршам болмаса алдымен көлік келе жатқан сол жағымызға қараймыз, жолдың ортасына жеткенде оң жағымызға қараймыз.

6.Реттеуші деген кім?
Реттеуші – жол полициясының сақшысы. Ол көбінесе көшелерде бағдаршам мүлде жоқ болса немесе көлік шамадан тыс көбейген кезде жолда жүру тәртібін реттейді.

ІҮ гейм. «Сен-маған, мен-саған» Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.(Үй тапсырмасы)
«Жол белгілерінің топтарын табу» 2 топ таңба белгілерін көрсетеді және анықтама беру керек.

1) «Жас инспекторлар » «Ескерту» белгісінің таңбасын көрсет және анықтама бер

«Үлгілі жолаушылар» жауабы:
Ескерту белгісі-қызыл жолақпен көмкерілген тең қабырғалы үшбұрыш.
Өзі қызыл ,үшбұрыш,ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып сәтсіздікке ешқашанда қалмаған.


«Үлгілі жолаушылар» «Тыйым салу» белгісінің таңбасын көрсет және анықтама бер»

«Жас инспекторлар » жауабы:
Тыйым салу белгісі-қызыл жолақпен көмкерілген, сары түске боялған дөңгелек.
Қызылмен боялған шеңберім аумақты.
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.

2) «Жас инспекторлар » «Анықтама» белгісінің таңбасын көрсет және анықтама бер.

«Үлгілі жолаушылар » жауабы:
Анықтама белгісі –көк түсті дөңгелек.
Бегімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартымды, міндетті орында!

«Үлгілі жолаушылар» «Нұсқау белгісінің таңбасын көрсет және анықтама бер.»

«Жас инспекторлар » жауабы: Нұсқау белгісі- көк түсті төртбұрыш.
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

Ү гейм. «Көсемдікке ұмтылу»

Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді.Ең көп дұрыс жауап берген (4-7) балалар өз командасына қосымша ұпай (өздеріне баға: 4-5 жауап -4 балл-«4» бағасын, 6-7 жауап – 5 балл – «5» бағасын) алады.


«Жас инспекторлар »
1) Бағдаршам деген не?
Бағдаршам дегеніміз көше қиылыстарында автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің жүрісін реттеу үшін орнатылатын үш жарық көзі бар құрал.
2) Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді?
4 топқа бөлінеді. Ескерту, тыйым салу, Нұсқау, Көрсеткіш белгілері.
3) Көлік күтетін жерді қалай атайды?
Көлік күтетін жерді аялдама деп атайды.
4) Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?
Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы 1-ші қатарда тұрады және оң бұрылысты білдіретін жарығын жағады.
5) Жүрісті реттеп тұратын адам кім?
Жүрісті реттеп тұратын – ол жол полициясының сақшысы реттеуші.
6) Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады?
Велосипедті көшеде 14 жастан бастап тебуге болады.
7) Реттеушінің алатаяғы не қызмет атқарады?
Реттеуші алатаяғы автокөлікті тоқтатуға белгі беру қызметін атқарады.
8)Тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?
Көліктің қасынан өтерде жүргізуші байқамай қалып, есігін ашып қалса қағып жіберуі мүмкін,сондықтан абай болған жөн.
9) Реттеушінің негізгі жұмыс құралы не?
Реттеушінің негізгі жұмыс құралы – алатаяқ пен ысқырық.
10) Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді?
Тыйым салу белгілері қызыл түспен белгіленеді.








Ү гейм «Үлгілі жолаушылар»
1) Жаяу жүргінші қандай жерлермен жүреді?
Жаяу жүргіншілер жиек жолдың тек оң жағымен жүреді, бұл-қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады.
2) Топталып келе жатқан жаяу жүргіншілер жол бойымен қалай жүру керек?
Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек.
3)Жол өткелінен жүгіріп өтуге болама?
Жол өткелінен жүгіріп өтуге болмайды.Өйткені жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін.
4) Көліктің солға бұрылатынын қалай білуге болады?
Солға бұрылатын көлік жолдың ортасына шығып сол жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.
5.Көше деген не?
(Қала немесе ауыл ішіндегі автокөліктердің, басқа да көлік түрлерінің, адамдардың жүруіне арналған жолдарды көше деп аталады)
6) Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өтуге болады?
Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да ,артынан да өтуге болмайды.Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек.
7) Нұсқау белгілері қандай түспен белгіленеді?
Нұсқау белгілері көк түспен белгіленеді.
8) «Бордюр» дегеніміз не?
«Бордюр» дегеніміз – жол бойында орналасқан арнайы тас қаптал.
9) Реттеушінің сигналдары қандай?
Реттеушінің сигналдары- бұл денесі мен қолдарының жолмен жасаған қимылдары.
10) Ысқырық не үшін қажет?
Ысқырық кейбір жүргізушілер белгіні байқамай қалған жағдайда, дыбысты естірту үшін қолданылады.

1.Сабақты қорытындылау.
2.Үйге тапсырма : Жол ережелеріне байланысты сурет салып келу.
3.Оқушыларды бағалау.

Пользователь еще не загружал песни.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар