Биология

Биология пәнінен 2017-2018 жылғы жаңартылған бағдарлама бойынша (ОМЖ ҚМЖ) сабақ жоспарлары дайын болды. Жоспар соңғы әдістеме бойынша жасалған. Бағасы  5000 тг. Оның ішіне бір жылға арналып жасалған Орта және қысқа мерзімді сабақ жоспары кіреді.

24 тамыз 2017 - Админ | 1600 көрілім

Сабақтың  тақырыбы:  Жыныс жасушаларының бөлінуі – мейоз. Онтогенез.

Сабақтың мақсаты:

1.      Білімділік: Жыныс жасушаларының бөлінуі – мейоз, оның жүру кезеңдері мен биологиялық маңызы туралы түсінік беру. Сонымен қатар организмнің жеке дамуы – онтогенез, оның кезеңдері мен ерекшеліктері туралы түсінік беру.

2.      Дамытушылық: Жыныс жасушаларының дамуы, организімнің дамуы  туралы түсінік қалыптастыру. Берілген тапсырманы орындауда еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3.      Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін нақтылау, ойларын қорытындылауға, ұжымшылдыққа, шапшыңдыққа және уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.

7 сыныпқа арналған сабақ жоспары  "Ақ сұлама"

11 қаңтар 2017 - Баян Ибрагимовна | 232 көру

 

 

 

Мақсаты:  Сорғыш құрттар класының құрылыс ерекшелігімен тіршілік әрекеті туралы білім беру.
Міндеттері:
Білімділік:  Оқушыларға сорғыш құрттар класының  өкілі бауыр сорғышының құрылыс ерекшелігі және паразиттік тіршілікке бейімділігі туралы түсіндіру. Сорғыш құрттардың даму айналымы және иелерін алмастыруы туралы білім қалыптастыру. 
Дамытушылық: Тақырыпты өз сөзімен айтып беруге оқушыларды дағдыландыру. Оқушылардың ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру. 

 

 

26 желтоқсан 2016 - Айнур Габдуллина | 478 көрілім

Сабақ мақсаты

 

Оқушыларға биология ғылымы туралы түсінік бере отырып, оның салалары, жер бетінде өсімдіктердің таралу ерекшеліктері туралы білім беру

Сілтеме

Әдістемелік    нұсқаулықтар

Биология оқулығы  6 сынып

Авторлары: Р.Әлімқұлова, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева Қ.Қайым, Қ.Жұмағұлова

Ғаламтор материалдары

Табыс критерийі

1) Ботаника ғылымы туралы, ерекше қорғауға алынған өсімдіктер туралы  айта алу;

2) Көпжылдық және біржылдық өсімдіктерді салыстырып, өсімдіктердің тіршілік формаларына сипаттама бере алу;

 3) Өсімдіктердің маңызын түсіндіре алу; 

Күтілетін нәтижелер

1.Ботаника ғылымы туралы, ерекше қорғауға алынған өсімдіктер туралы  айта алады;

2.Көпжылдық және біржылдық өсімдіктерді салыстыра алады;

3.Өсімдіктердің тіршілік формаларына сипаттама бере алады;

4.Өсімдіктердің маңызы туралы  біледі;

13 тамыз 2016 - Нұрсұлу Тауова | 2237 көрілім

Сабақтың тақырыбы:  Жабық  тұқымды өсімдіктер

                   Агимбекова Базаргүл Алтынбекқызы

                 «Жанай орта мектеп-бақша» КММ –нің

                          биология – география пәндері   мұғалімі

13 шілде 2016 - Базаргүл Алтынбекқызы | 1407 көрілім

Сабақтың тақырыбы:  Организмнің ішкі ортасы. Қан оның құрамы.

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Қанның адам өміріндегі маңызы, құрамы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру және медициналық тұрғыда қан жасушаларының белсенділігін меңгерту арқылы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың  «Сын тұрғысынан ойлау» оқыту стратегиясының  элементтерін қолдану арқылы белсенділігін арттыру, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың жеке басының  тазалығын, денсаулығын сақтауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға тәрбиелеу

16 маусым 2016 - Базаргүл Алтынбекқызы | 616 көрілім

Мақсаты:6 сынып курсы  тақырыптар бойынша оқушылардың   білімдерін, мемлекеттік

                                     стандарттың орындалуын тексеру.

Базалық білім:

Тірі ағзалардың саналуандығы, олардың ерекшеліктері;

Тіршілік, табиғат, биология, ботаника, зоология түсініктері;

Біржасушалы және көпжасушалы ағзалардың ортақ белгілері мен айырмашылықтары;

Жасуша, оның құрамы, құрылысы, қызметі;

21 сәуір 2016 - Айгүл Назымова | 1971 көру

бактерияның таралу жолдары

3 сәуір 2016 - Дария Кожракова | 550 көрілім

Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылы

№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесінің биология пән мұғалімі

Нурсалимова Умитхан Лукпановна

7  б сынып

Сабақтың тақырыбы

3 сабақ

Бунақденелілермен, жануартектес азықтармен қоректенетін құстардың және жыртқыш құстардың пайдасы.

Сілтеме

Алматы «Атамұра»  2012жыл, 276 бет

Жалпы мақсаты

Бунақденелілермен, жануартектес азықтармен қоректенетін құстардың және жыртқыш құстардың пайдасы  туралы түсінік беру.

Оқу  нәтижелері

Бунақденелілермен, жануартектес азықтармен қоректенетін құстардың және жыртқыш құстардың пайдасын біледі.

Негізгі идеялар

Бунақденелілермен, жануартектес азықтармен қоректенетін құстардың және жыртқыш құстардың пайдасын білу.

Тапсырмалар

1. Тапсырма. Сыни тұрғыдан ойлау, жұппен жұмыс.

Үйден өз ізденістері арқылы құстарға байланысты шағын хабарламаларын жұптар бір – біріне беру арқылы орындап, талдап, оқыту үшін  бағалайды.

2.Тақырыпты ашу  («Бетпақ дала» аңызы бойынша тақырыпты ашу.СТО)

3-Тапсырма .INSERT әдісі  арқылы мәтінмен жұмыс.

4- тапсырма. «Дауылға қарсы тұру» әдісі.

5- тапсырма. Құстардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын көрсет.

Білу (3мин)

7 мин

Топқа бөлу (молекула ойыны арқылы бөлу)

1-            Тапсырма. Сыни тұрғыдан ойлау, жұппен жұмыс.

Үйден өз ізденістері арқылы құстарға байланысты шағын хабарламаларын жұпта талқылайды.

Түсіну

(4 мин)

2- Тапсырма. («Бетпақ дала» аңызы бойынша тақырыпты ашу).Аудио материал.

Қолдану

(15 мин)

3-Тапсырма .INSERT әдісі  арқылы мәтінмен жұмыс. (Алматы 2014ж)

Мәтінді оқып, төмендегідей сызба бойынша ашық жолдарда белгі қойып отырыңыз:

«V»-бұл маған белгілі;

«+»- бұл мен үшін жаңа, мен ол туралы тұңғыш рет оқып отырмын;

«?»- мен бұл жерде не айтылғанын түсінбедім;

«!»- бұл өте қызықты, ол туралы әріптестеріммен әңгімелесуім керек.

Сергіту сәті

(2 мин)

Бейнекөрініске қарап, қазақша әуенге сергіту сәтін жасайды. (қызыл өрік)

Талдау

(5 мин)

4- тапсырма. «Дауылға қарсы тұру» әдісі. («дауылға қарсы тұру» әдісі бойынша топтар бір біріне доп лақтырып, сұрақтар қояды.)

Жинақтау

(4 мин)

5- тапсырма. Құстардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын көрсет.(дәптермен жұмыс)

Құстардың маңызы


 


 

Табиғаттағы                                                                       Адам өміріндегі

Бағалау

(2 мин)

Топ ішінде  бағалайды (табыс критериі арқылы) ( 4 минут)

Рефлексия

(2мин)

Кері байланыс 

Өте сенімдімін               Сенімдімін                           Сенімсізбін

                              

Үйге тапсырма беру. (1 мин)

 Бунақденелілермен, жануартектес азықтармен қоректенетін құстардың және жыртқыш құстардың пайдасы оқу. 5сұрақ дайындау.


 

30 наурыз 2016 - Умитхан Нурсалимова | 1850 көрілім

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Раушангүлділер тұқымдасының құрлыс ерекшеліктерін, тіршілік формаларына және маңызына талдау жасау

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

·       раушангүлділер тұқымдасының табиғатта, өсімдіктер жүйесінде алатын орынын түсінеді;

·       раушангүлділер тұқымдасының табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін, маңызын біледі;

·       әсемдік пен әдемілікті түсінеді, нәзіктікті құрметтейді.

29 наурыз 2016 - Умитхан Нурсалимова | 1067 көрілім

Мақсаты:  Жемістердің құрылысын, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін ажырата білу.Жемістердің көптүрлілігін, кездесетін жерлерін және бұрыннан білетін білімдерін кеңейту

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Оқушыларды  жемістер түрлеріне тән белгілерді, ерекшеліктерін ажыратады. Жемістер тобының ерекшеліктерімен, танысып есте сақтау.

15 наурыз 2016 - Шолпан Ергуатова | 1051 көру
Беттер: 1 2 3 Келесі Соңғы

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Нургиза Кульджина
Аузы қисайыпты
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Нургиза Кульджина
Иассауидан қалған сөз
10 қараша 2017 - НҰр+1 - 0 - 0
Әжуа:
Әжуа:
8 қараша 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0