Қамқор болып өсемін

Атырау қаласы

№ 4 облыстық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі

Мырзашева Гульжанар Тилекбаевна

Күні:

Мектеп: № 4 обл.мектеп-интернат

Сабақтың тақырыбы: Қамқор болып өсемін

Құндылық: зорлық-зомбылық көрсетпеу

Қасиеттер: Мейірімділік,қамқорлық,қайырымдылық т

Мұғалім: Мырзашева Г.Т.

Сынып: 1 «в» Оқушылар саны: 18

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: — қамқорлық туралы түсінік беру;

    -Адамға, табиғатқа қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту;

    -қайырымды,қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта,

оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз… Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін…

Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, міне ғажап, жайқалып төгілген шие, алма, алмұрт, анар, өрік ағаштары бизге иіліп сәлем бергендей. Жүздерінен мейірімі төгілген балалар бір-біріне көмектесу үстінде.Бірі гүлге су құйып жатса, екіншісі құстарға ұя жасап жатыр, үшіншісі қарттарға көмектесу үстінде.Тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар… Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен», деп қарайды.Ия, ия шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал, енді «бір, екі,үш»деп, бұрынғы қалпымызға келейік.

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

— Балалар, біздің сабағымыз бүгін ерекше бізге ұстаздар және сиқырлы кітап парақшалары қонаққа келіп отыр.Сиқырлы кітап парақшалары бізге әр тапсырманы орындаған сайын, бір сиқырлы кітапты сыйға тартады.Олай болса, осы сыйқырлы кітабымызды алуға асығайық.

2. Үй тапсырмасын тексеру

«Жақсы деген немене, жаман деген немене» көрініс

. Әкесі жақсы бала деп қандай баланы айтты?

. Қандай жаман әрекеттерден қашық болуымыз керек?

    -, Жақсы адам болу үшін не істеуіміз керек?

    -Адал болу;

    -Мейірімді болу;

    -Білімді болу;

    -Үлкенге көмектесу;

    -Ананы сыйлау, үлкенді сыйлау;

    -Қамқорлық жасау

-Дұрыс айтасыңдар жақсы адам болу үшін жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренейік.

Балалар, мінекей бізге сыйқырлы парақша қандай кітапты сыйға тартқанын көрейік.

3.Мұғалім сыйы:

Балалар, сыйқырлы кітап ұнады ма?

— Жарайды, олай болса, жана Серік айтып кетті ғой жақсы болу үшін, қамқорлық жасау керек деп.Ендеше біздің бүгінгі тақырыбыз «Қамқор болып өсеміз» деп аталады.

Сыйқырлы парақшамыздың сіздерге деген тосын сыйы бар екен,қане тамашалайық.

1)Көрініс: «Жәй ғана әжей»

Төмендегі сұрақтар арқылы әңгіме ұйымдастыру.

-Балалар, Нұрдәулет танымайтын әжейге қандай қамқорлық жасады?

-Әжей сөзіне сұрақ қойыңдаршы?

-Кім?

-Жарайсыңдар ал кім? Сұрағы қандай сөздерге қойылады?

-Адамға

-Өте жақсы бұл көріністе адамға деген қамқорлықты байқадық.

2)Мультфильм көрсету.

-Мультфильмде балалар құсқа қандай қамқорлық жасады?

-Ағашқа қандай қамқорлық жасады?

-Ағаш және құс сөзіне сұрақ қойыңдаршы?

-Не?

-Өте жақсы, олай болса осы ағаш, құс деген сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады?

Табиғат

-Өте жақсы

Олай болса, балалар, құстарға қамқорлық жасау керек деп ойлайсыңдар ма?

-Неліктен?

-Ағашқа ше?

(Оқушылар жауабы тыңдалады)

-Қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар, табиғатқа, қиналған адамдарға қайырымдылық, жақсылық жасау дегенді білдіреді екен.

Сіздердің қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

(балалардың жауабы тыңдалады)

-Жарайсыңдар балалар, мінекей сіздерге сыйқырлы кітапты сыйға тарту етті, қабыл алыңыздар.

Сұрақтар арқылы оқушылардың ойларын еркін жеткізуге ықпал ету.

4.Дәйексөз

Сонымен балалар, үлкенге де, кішіге де, табиғатқа да үнемі қайырымдылықпен қарап қамқор болып жүрейік.

«Қайырымдылық жылы – жүректен»

-«Қайырымдылық» дегеніміз адам бойындағы мейірім – шапағаттан туратын ізгілік.Қиналған, науқас, қарт адамдарға аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, көмектесу жанашырлық көрсету жылы жүректіліктілікті білдіреді.Осындай жылы жүректен туған сол жақсылық, қайырымдылық болып табылады.

— Балалар, халық даналығын түсіндік қой.Солай ма?

-Иә

-Олай болса, біздің сыйқырлы парақшамыз тағы бір сыйқырлы кітабын сыйға тартты.

5.Топпен ән айту: «Болайықшы осындай»

Сөзі мен әнін жазған: А.Меңжанова

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер — азамат болады.

Қиындықты жеңіл кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай

Болайықшы, досым — ай!

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.

-Өте жақсы, балалар, сиқырлы парақшамызды тағы бір кітабын сыйға тартты.

6.Шығармашылық тапсырма:

1-тапсырма:

Оқулықтың 72-бетіндегі суреттерді қарап, қамқорлық туралы әңгіме құраңдар.

2-тапсырма: СИтуациялық сұрақтар

    1.Сен көшеде келе жатып, бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің…

    2.Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің шөлдеп мазасызданып кетті…

    3.Сен көшеде келе жатып екі-үш баланың кішкене күшікті тапен атқылап жатқаның көрдің сен не істер едің…

-ой бәрекелді, барлық берілген тапсырманы орындай білдіңдер.Сиқырлы парақшамыз нұрлана түсті.Сендерге Сыйқырлы кітабын тарту етіп жатыр.Қане, қарайық.

7.Үй тапсырмасы:

Балалар, экранға назар аударыңдаршы.Не көріп тұрсыздар.

-Күннің суретін.

-Анамыздың суретін.

-Өте жақсы, күннің ортасындағы сөзі оқиықшы.

-Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

-Балалар Алдымызда қандай мереке келе жатыр!

-8-наурыз, аналар, әжелер, апалар мерекесі.

-Бізің қамқоршымыз кім?

-Ана

-Қандай қамқор жасайды?

(Балалардың жауабы тыңдалады?)

-Олай болса, бізге қонаққа әжей келе жатыр, сендердің жауаптарыңды жасырын тыңдап тұрды.Сол әжей сендерге үй тапсырмасын дайындап алып келіпті.

Әжей сөйлейді.

Әжейдің тапсырмасын мен оқып берейін.

-Балдырғандар, мына суретке қарап, қандай қамқорлық жасау керектігі туралы әңгімелеп келіңіздер.

Балалар, әжейді құр жібермейі, әжейге арнап өлең айтып берейікші.

Апам үшін күнде де,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.

Сыпырамын үй-ішін,

Жуамын аяқ табақты.

Апам бірақ мен үшін,

Оқымайды сабақты.

Балалр өте жақсы мінеке, сіздерге тағы да сыйқырлы парақшамыз, сыйқырлы кітапты сыйға тарту етті.

8.Соңғы тыныштық сәті:

    -Балалар, тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

    -Балалар сіздерге бүгінгі сабағымыз үшін рахмет айтамын.Бүгінгі сабағымыздың әр сәтін жүрегімізге түйіндеп қояйық дегім келеді.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147920

Пікірлер (1)
Салима # 4 желтоқсан 2015 в 20:46 0
сабағыңыз маған ұнады

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар