Ғ ғ дыбысы мен әрпі

18 қазан 2015 - kazbek kassimov

Сабақтың тақырыбы: Ғ ғ дыбысы және әрпіСабақтың мақсаты: Білімділігі:Ғ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра отырып, «Ғ» дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту.Дамытушылығы: Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасату, буындап оқуға жаттықтыру, жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.Тәрбиелілігі: Ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап. СТО технологиясыныңстратегиялары.Көрнекіліктер: Кеспе әріптер, суреттер, әліппе дәптерлері.

Сабақтыңжүрубарысы:

І.Қызығушылықты ояту.1. «Бүгінгі күнге ізгі тілек» (Күн бейнесі)

Табиғатқа жан бітіріп, жерге сәуле төгіп, айналаға шуақты нұрын шашатын не? (Күн.) Олай болса «Тіршілік нәрі, өмір мәні, көңіл сәні, табиғат жаны, бар бала әні» күнмен сәлемдесіп алайық.

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.

2. «Күн тапсырмасы»

Күн бейнесіқалташаларына өтілген дыбыстардың және Ғ дыбысының әріп таңбалары салынған. Балалар өтілген әріптерді танып атайды.

Тәрбиеші: Әріптердің ішінде бізге таныс емес бір әріп бар екен. Бұл біздің бүгінгі өтетін жаңа дыбысымыз Ғ дыбысының әріп таңбасы.

Ғдыбысы туралы білгілерің келе ме?.. Олай болса, орнымызға отырайық.

ІІ. Мағынаны тану.

1. Ғ дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту.

Мынау не балалар. (Компьютер)

Ал, осы компьютер деген кезде сендердің естеріңе қандай сөз түседі. (Интернет)

Интернет арқылы біз бүкіл жер шарындағы жаңалықтармен хабардар боламыз, сондықтанда интернеттің қазақша атауы «ғаламтор» деп аталады.

Кәне, ғаламтор деп айтайық.

Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр.

Ғ дыбысын дыбыстату.

Ғ дыбысы кедергімен айтылып тұр. Бұл Ғ дыбысы қандай дыбыс деп ойлайсыңдар. (Дауыссыз дыбыс)

Қандай түсті текшемен белгілейміз. (Көк)

Берілген ұғым:Ғ дыбысы дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілейміз.

2.«Ғажайып түс»ертегісі арқылы «Ғ» дыбысы бар сөздермен таныстыру. (Ертегі желісі бойынша тақтаға Ғани, балға, таға, шалғы, торғай, қарға, ғарышкер, ғарыш, ағаш, сағат суреттері ілінеді)

Ертегі мазмұны: Ерте, ерте, ертеде бір атай мен әжей өмір сүріпті.ОлардыңҒанидеген баласы болыпты. Атай шебер ұста екен. Ол темірден балға, таға, шалғы жасаумен айналысыпты. Ғани үнемі атасына көмектеседі екен. Күзде орақпен шөп шабысады. Бірде шөп шауып жүріп Ғани шаршап аспанға қарап жатыпты. Сол кезде көкте ұшып жүргенторғай, қарғалардыкөріп, меніңде қанатым болып көкке самғасам ғой деп армандап, ойланып жатып ұйықтап кетіпті. Түсіндеғарышкерболып,ғарыштасамғап жүр екен. Өте қуанышты сезімде жатқандаағаштардыңжелмен ырғалған дыбысынан оянып кетеді.Сағатынақараса кеш бола бастаған. Ғани өзінің ғарышқа ұшқанын жақсылыққа жорып, атасына түсін айтуға үйіне қарай қуана жүгіре жөнелді.

3.«Ұқсас затты тап» ойыны. Ғ дыбысы бар сөздер суреттерімен жұмыс «Ғ» дыбысының сөздегі орнын анықтау.

Ертегі ұнады ма? Баланың аты кім еді? (Ғани)

Ғани дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? Ғ дыбысы.

Олай болса, Күн тапсырмасындағы жаңа әріп Ғ дыбысының әріп таңбасы екен. (Тақтаға Ғ.ғ әріптері қойылады)

Тақтадағы суреттерге қараңдаршы Ғ әрпі неге ұқсайды. (Тақтадағы суреттерді Ғ әрпімен салыстырып, шалғыға ұқсайтынын табады)

Берілетін ұғым:Ғ әрпінің таңбасымен танысады,

4.«Буынға буын қос» ойыны: Тақтадағы ертегі желісі бойынша берілген сурет аттарын буынға бөліп айтқызу арқылы Ғ дыбысының сөздегі орнына талдау жасалады. Ға-ни, ға-рыш-кер, ға-рыш сөздерінде Ғ дыбысы сөздің бірінші буынында, бал-ға, та-ға, шал-ғы, тор-ғай, қар-ға, а-ғаш, са-ғат сөздерінде сөздің екінші буынында естіліп тұрғанын, яғни Ғ дыбысы сөздің басында, ортасында келетіні туралы түсінік беріліп, өздеріне ұнаған сурет атын текшемен жазғызу.

Берілетін ұғым: Ғ дыбысы келетін сөздермен танысады, буынға буын қосу арқылы ғ дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін үйренеді, дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажыратады.

ІҮ.Сергіту сәті.Қарға, қарға, қарғалар

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қар болар

Көзден жасы сорғалар

Ү. Дәптермен жұмыс.Балалар ертегідегі Ғанидың арманы не еді? (Ғарышқа ұшып, ғарышкер болу) Сендердің де ғарышкер болғыларың келе ме?.. Сендердің балалық армандарың үлкен азамат болғанда орындалады деп сенемін, ол үшін білімді болуымыз керек. Білімімізді әліппе- дәптер тапсырмасын орындаумен сынап көрейік.

1).Берілген суреттерде Ғ дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұрғанын айту.

2).Қарындаштың тапсырмасы Ғ әрпінің баспа тұрін жаздыру.

3).Кітаптың тапсырмасы буындарды, сөздерді оқыту.

4).Сөйлем құрату.

ІІІ. Ой толғаныс. Топтастыру.

«Ойлан тап» ойыны

Барлық балаға әр түрлі сөздер жазылған карточкалар таратылып беріледі.

Сөздерді оқып ғ дыбысы бар сөздерді тақтадағы Ғәрпінің айналасына топтастыру

Берілетін ұғым: Сөздер ішінен Ғ дыбысын ажыратып, Ғ ғ әріп таңбасын тануын бекіту.

Тәрбиеші: Ал енді Ғ дыбысы бар сөздерді атаңдар, балалар Ғалым, балға, таға, шалғы, торғай, қарға, ғарышкер, ғарыш, ағаш, сағат сөздерін атайды Әрбір сурет бойынша Ғ дыбысының сөздегі орнына талдау жасайды. Ғалым, ғарышкер, ғарыш сөздерінде Ғ дыбысы сөздің басында, балға, таға, шалғы, торғай, қарға, ағаш, сағат сөздерінде сөздің ортасында келіп тұрғанын айта келіп, Ғ дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру.

Нәтиже:

1. «Күн тапсырмасы» арқылы балаларда сабаққа деген қызығушылық

туады.

2. «Ғажайып түс» ертегісі арқылы балаларда армандау, қиялдау

сезімдері оянады.Ғ дыбысы бар сөздермен танысып, сөздік

қорлары дамиды.

3.Заттарды ұқсастық белгілері бойынша салыстыру қабілеттері

дамиды.

4.Жаңа Ғ дыбысының ерекшеліктерімен толық танысып,

Ғ әрпін таниды.

«Таға» сөзін текшемен жаздыру.

ҮІІ. Қорытынды.

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141199

Теги: ғ дыбысы
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар