Ана- біздің күніміз, Біз- ананың гүліміз

20 мамыр 2014 - манат Тәжит

Қарағанды қаласы

№ 6 жалпы білім беретін орта мектебі

Тәжит Манат Жанатқызы

Тақырыбы: Ана- біздің күніміз, Біз- ананың гүліміз

Мақсаты:

    1)Балаларға ананың өмірдегі орнын танытып,

    оның еңбегін ақтауға, қадірлеуге үйрету.

    2)Өнері мен білімдерін дамыту.

    3)Адамгершіліке, сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд

Мұғалім: Бүгін — 8- наурыз халықаралық әйелдер күні. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей. Өйткені көктем секілді, әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе! Ана. Бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде бұл қасиетті сөз, нәзік, мейірімді жылы естіледі. Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа!

Құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8- наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына қуаныш пен амандық тілей отырып бүгінгі мерекені ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Сумайя: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Бақытқа толы өмірі-

Шаттыққа шаттық ұлассың.

Аяулым: Бақытты ғой шынында

    Анасымен балалар.

    Құтты болсын мереке

    Аман болсын аналар!

    Ақнұр: Сіздерменен жадырайды өңіміз

    Сіздерменен жадырасады сәніміз

    Ұзақ болсын мерекеңіз

    Құттықтаймыз бәріміз!

Әмина: Әлпештеген аялаған

    Ақ сүт берген апатайым.

    Сәлем жазып бүгін саған,

    Мейрамыңмен құттықтаймын.

    Арлан: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

    Аналардың мерекесін бастайық.

    Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсің солай әрбір күнің, әр айың

Дінмұхаммед: Ана – өмірдің қуанышы тірегі,

    Бала оның жұбанышы жүрегі.

    Ана алдында ел жауы да бас иген,

    Олар дәйім тыныштықты тіледі.

Жарқын: Әлпештеген баласын,

    Ана –бақыт, ана-күн.

    Әркім сүйіп өзінің,

    Мақтан етер анасын.

    Али: Ана деген асқақ ән,

    Орындайтын әрқашан.

    Одан қымбат адамды,

    Таба алмайсын ешқашан.

Азамат: Ақыл құйған санама,

    Алғыс айтам анама.

    Күн алыста ал анам,

    Үнемі менің жанымда.

Ақжол: Кеменгерсің, данасың,

Арқа тұтар панасың,

Еңбегінді ақтаймын.

Аман болшы, анашым!

Хор: «Анашым »

Мадина: Мейірімі- жел жібек,

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп,

Құлыным деп құшады.

Тимур: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Дильда: Менің әжем әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Айқын: Баршаның мәңгі жадында,

Атыңыз сіздің- нұрлы аңыз.

Жаралған мына өмірде

Асқардай биік тұлғаңыз.

Көрініс: Әжесі мен немересі

    -Жүрегім кім менің?

    -Мен!

    -Тірегім кім менің?

    -Мен!

    -Жаным кім менің?

    -Мен!

    -Ботақаным, бағлан қозым,

    Не деген тәтті баласың өзің!

    -Қасында боп әрдайым,

    Мен ешқайда бармаймын.

Хор: «Анашым »

Ән: «Әже»

Аяжан:Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Алуа: Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып.

Мәпелеген анашымды,

Жүрсем деймін шаттандырып.

Данияр К: Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз!

Ән: «Ана » Әбілда Алуа

    Мұғалім: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Ананың өмір жолы басқа. Яғни, ол бәрінен ерекше, ешкімге ұқсамайды. Ол бізге жарық өмір сыйлайды. Сондықтан, өмірде ананың орны бөлек. Ананы ешкіммен теңестіре алмаймыз. Ана- құдіретті ұғым.

    Ойын: «Қай ана қанша жылы сөз айтады?»

Алихан: Оқуды да ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды аялап,

Мерекесін тойлаймыз.

Нұржан: Мерекеде көктемгі,

Құттықтаймыз сіздерді.

Жайнап өскен қызғалдақ,

Қыздар әсем ел гүлі.

Данияр Ж: Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ, ақ анам.

Менің анам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

Нұрсұлтан: Біз өнерлі баламыз,

Суретті де саламыз.

Суреті менің анамның,

Көрікті ме, қараңыз!

Сұлтан: Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Апашымды сыйлаймын.

Ермұхан: Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным тампаған.

Бақыты үшін балаңның,

Аман –сау бол, ақ анам.

Бекназар: Анашым анам,

Қымбатсың маған

Тәрбие бердің,

Көп алғыс саған.

Көрініс; Не тәтті?

Жиренше шешен жолда келе жатса алдынан екі бала кездеседі.

Жігіттер: Ассалаумалейкум, биаға!
Шешен: Уалейкумассалам! Жол болсын, жігіттер!
-Дүниеде не тәтті?

— Бал

-Жұмсақта не жұмсақ

— Мамық?

— осы сұрақтарынызға мен жауап берейін.
Шешен; Айта, ғой, балам.
2-жігіт: Тәттіде ананың сүті тәтті.
Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.
Шешен:Өзің бір болайын деп тұрған бала екенсің!
Жарайсың, балам.Мұратына жет, қатарыңның алды бол.

Ойын: «Мимикамен көрсету»

    1.Баласын мәпелеп отырған ана.

    2.Жұмысқа асығып бара жатқан адам.

    3.Баласына ұрсып жатқан ана.

    4.Балаңызға ренжіп тұрған кейіпіңіз.

    5.Балаңызды мақтан тұтып тұрған кейіпіңіз.

Хор: «Құттықтаймын, мама!»

Қорытынды:

Ана менен баланың айырмасы,

Бірі- ән де, бірі- оның қайырмасы- дей келе аналарымызға ұзақ өмір, әрқашанда көктемдей құлпырып, жаздай жайнап, күздей күлімдеп, қыстай қатты денсаулық тілеймін. Құттықтау сөзі ата- аналар мен ұлағатты ұстаздарға беріледі. «Ана- біздің күніміз, біз- ананың гүліміз»- атты ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға көп- көп рахмет!!!

Хор: «Атамекен»

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыАсыл әжем ақ әжем

Іс-шара мәліметтері8 наурыз мерекелік сценарийі

Ұстаз үніКөктем аруы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141096

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар