Араша

17 қыркүйек 2014 - Ляззат Аймухамбетова

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Құмсай ауылы

Құмсай бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Аймухамбетова Ләззат Сәндібекқызы

Әдебиеттік оқу 4- класс

Сабақтың тақырыбы: Араша. Қ. Баянбаев

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың өлеңді жүргізіп, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру. Ондағы негізгі ойды анықтау, түсіну, кейіпкерлердің әрекетіне баға беру, өз ойы мен пікірін еркін баяндап беру машығын қалыптастыру. Диалог жайлы білімдерін кеңейте түсу.

2) Әлсіздерге әлімжітік жасамау, қайрымды, қамқор болуға, мейірімділікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

3) Сөздік қорын байытып, тілін, логикалық жүйелі ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, өз бетінше жұмыс, ізденіс әдісі, оқулықпен жұмыс, жазба жұмысы.

Көрнекілік: слайд (жануарлардың анимациялық суреттері), карточка, кесте

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика

Сабақтың барысы

І. Алғашқы ұйымдастыру

Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеп алу.

-Балалар, бүгін бізде ашық сабақ. Сендерге қонақтар келіп отыр, сондықтан олармен амандасып, мына ұранды жаттап алып айтайық.

Әрбір адам: Туысым, досым, жұрағатым.

Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісің: Тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің: Шындық, бірлік, адалдық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Құрап келген мысалдарын оқып беру. Жақсы шығарманы мадақтап, кем қателік болып жатса түзету.

<img width=«57» height=«55» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtml1/01/clip_image002.jpg» v:shapes="_x0000_s1027">ІІІ. Жаңа сабақ

1. Ой қозғау. Ребус шешу. ара шана ,, суреттері шешуі: АРАША

— Араша сөзін қалай түсінесіндер? — деп оқушылардың ойын тыңдау. Оған мағынасы жуық сөз табу. Қамқор, көмек

2. Өтілетін сабақтың тақырыбын ашқан соң авторға қысқаша тоқталу.

Қастек Баянбаев 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971-1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.

3. Өлеңді оқып беру. Оқу барысында слайд көрсетіліп тұрады.

4. Сөздік жұмыс: бүлік төбелес, көркем сөздер: бөрткендей дәндей, жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, ұзын сирақ сары бала, Маубас,

5. Оқушылар тізбектей оқиды.

6. «Сәйкестендір» ойыны Шарты: Тақтадағы қима қағаздағы сөздердің қай жануарларға қатысты екенін тауып, суретінің тұсына қою.

Шыбын

Торғай

Мысық

Төбет (ит)

Құнан (ат)

бөрткен дәндей

әлсіз жәндік

кәдімгі

ашулы

бейшара

мұртын талдап тараған

үстін сәндеп жалаған

шапшаң әрі епті

маубас

жайын ауыз

жуан төс

томар мойын

тұман көз

ашу қысқан арландай

құрақ мойын

қыл құйрық

шын жүйрік

жымиған қос құлағы

7. Сергіту сәті

Торғай, торғай, торғайсың, таяу келіп қонғайсың. Слайдтан көрініс көрініп тұрады.

Жем шашайын тойып ал, сонда аязға тоңбайсын.

Бар менің мысығым, көрсең оның пысығын.

Қақпалақтап ойнайды, ол әжемнің ұршығын.

Секіріп өт ордан да, секіріп өт жолдан да.

Күшік қуса жетпесің, машина басып кетпесің!

Атқа ерін саламын, секіріп мініп аламын.

Жүйрік желдей шабамын, бәйгеден мен озамын!

8. Қосымша материал. «Артық болмас білгенін»

— Ал енді, балалар, осы жануарлар қанша жыл өмір сүретінін білесің бе?

Шыбын үш апта, мысық пен ит 15-20 жыл, жылқы 30 жыл өмір сүреді. Ал кәдімгі торғай тіршілік ету жағдайына байланысты 2-3жыл қала ауыл ішінде, ал жабайы жағдайда 10 жыл өмір сүреді екен.

9. — Өлеңдегі кейіпкерлердің адамға қандай пайдасы бар?- деп оқушылардың ойын тыңдап, қорытынды шығару

10. Диалог туралы анықтаманы жазып алу

11. Өлеңді рөлге бөліп оқу.

ІV. Қорытынды. .

12 Сабақты бекіту мақсатында слайдтан ұяшықтар шығады. Балалар ұяшық нөмірін таңдап, сұрақтарға жауап береді.

1. Өлең неліктен «Араша» деп аталған?

3. Ақты төгіп шашқан кім? Аққа қатысты тыйымдар айт

5. Кер құнанға қатысты көркем сөздерді ата

2. Мәтіндегі басты кейіпкерлерді ата

4. Төбетке қатысты сөз тіркестерін есіңе түсір

6. Диалог дегеніміз не?

Сабақты өлеңнің негізгі ойын ашатын мақал мәтелмен қорыту:

1. Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.

2. Ашу шабыстырады, ақыл табыстырады.

V. Үйге тапсырма.

1. Өлеңді қара сөзбен мазмұндау.

2. Өлең мазмұны бойынша сурет салып, кішкентай буклет арқылы сюжетті диафильм құрастыру.

VІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, отырған оқушыларды мадақтау. Барлығын бағалау

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышЖ. Қашқынов "Ұнатам күзді мен"

Бастауыш3 сынып "Көл" Т.Молдағалиев

БастауышАра мен шыбын

2 сыныпҮйшік (орыс ертегісі)

БастауышШ.Уалиханов. "Абылай хан" әдебиеттік оқу 4-сынып

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1129957

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар