Ардақты ұстазым (Сыныптан тыс шара)

10 сәуір 2014 - aliya sartova
Ардақты ұстазым  (Сыныптан тыс шара)

Сартова Алия

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы

Сам орта мектебі

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: Ардақты ұстазым

Мақсаты: Ұстаз еңбегі туралы түсінік беру. Ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, шарлар, нақыл сөздер.

Барысы:        

    -Армысыздар, құрметті  ұстаздар, сіздерді  бүгінгі  мерекелеріңізбен  құттықтаймыз! Мұғалімдер күні- әлемдегі ең көрікті мерекелердің бірі.Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт шығармашылық табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін.

Ұстаз деген – ұлылардың анасы,

Ұстаз деген – ұлылардың данасы.

Ұстаз деген – жақсылардың жалғасы,

Ұстаз деген – ұлылардың қаласы,- дей келе ұстаздардың күніне арналған «Ардақты ұстазым» атты кешті бастауға рұқсат етіңіздер.

 

1-жүргізуші: Ұстаз кетіп барады өмір көшім,

Қай кезде де ұстазым көңілдесің.

Анама да ұқсайсың әр кезде сен,

Бірге туған әкемдей көрінесің.

Елжірейсің, қарайсың ұзақ маған,

Жүз кешірім, алында жүз ақталсам,

Іздейсің бе балалық күндерімді.

 

2-жүргізуші: Егемен еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың білімімен тәрбиесі жолындағы асқақ та абыройлы қызиетке жігер мен талантты, еңбекқорлық пен ұстамдылқты қатар ұстап үнемі биіктен көріне берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз.

Ұстаз сөзі- күн нұрына парапар,

Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.

Ізгілікпен мейрімге толы ол ,

Шуақ болып жүректерге таралар.

 

1-жүгізуші:Құрметті ұстаздар, сіздерге көп рахмет және сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

 

2-жүргізуші: Мұғалімдер мерекесіне арналған шағын мерекелік қойылымызды тамашалауға рұқсат етіңіздер.

Ұстаз болу- жүректің батылдығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның ақылдығы.

 

 

Әсемай:«Ұстаздар»

         

Ұлылардың қосылды құрамына

         «Ұстаз» деген ұлы есім.

         Өмір деген алмас шың болса егер,

         Теңер едім сол шыңның шынарына.

Баланы білімге алғаш жетеледің,

         Кім білсін еткен еңбек өтелерін ..

         Ұрпақты ұлылыққа ұғындырып,

         Талап тамған жолдармен төтеледің.

     

       Көрініс:Ұстаз бен  шәкірт

 

 

Мейрамбек:

Ұстаз деген- жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегңн,

Сен де одан адам болып жаралдың.

 

Фарида:

Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен елеңген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

 

Қабыл:

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иейік мәңгілік !

 

Мұғалім:

       -Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету — өте қиын шаруа. Бұған Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің екінші сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтанда ұстазға жүктелетін міндет өте көп» деген сөзі дәлел. Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке баулу- ұстаздың басты парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген, білігі мен білімі жоғары болуы керек. Сонда «мектеп те, мұғалім де – бала үшін»қызмет етпек.Н.Ә.Назарбаев: «Мұғалімдер қоғамның ең білімді, ең отаншыл бөлігі болып табылады. Сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл – ойын жетілдірудесіздер. Ол үшін кейде  ата – аналарына қараған да сіздердің беделдеріңіз үлкен. Жас ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары олардың патрриотизмі, туған жерге деген махаббаты көп ретте сіздерге байланысты.» десе, атақты педагог – ғалым  В. А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шымшытырығы мол рухани жан  дүниесіне үңіле  білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.» деп, ұстаздық өнерге  ерекше баға берген.

 

Ән: «Мұғалім ол біздің» сынып оқушыларының хоры.

Ән: «Ардақты ұстазым»  орындайтын — 6 «а» сынып оқушысы Дүйсенова Мәдина

 

Қорытындылау:

-          Осымен сіздерге арналған кешіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңа көп рахмет! Шәкірттеріңіз білімді, дендеріңіз сау болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119660

Пікірлер (1)
қазақ # 20 қыркүйек 2016 в 17:38 0
Саламатсыз ба?! "Ұстаз бен шәкірт" деп көрініс қойыпсыздар. Ол қандай көрініс?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар