Ауа-Жердің қорғаны. Ауаны қорғау

1 сәуір 2014 - Админ
Ауа-Жердің қорғаны. Ауаны қорғау

Қостанай облысы

                                                                     Әулиекөл ауданы

                                                                  №2 Аманқарағай орта мектебі

                                                             Бастауыш сынып мұғалімі                                             Аяпбергенова А.Б

 

Сабақтың мақсаты:

  1. 1.     Білімділік:

Оқушыларға  ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру.Алған білімді жүйелеп, бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

 

  1. 2.     Дамытушылық:

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ойлау, сөйлеу және таным қабілеттерін  дамыту

 

  1. 3.     Тәрбиелік:

Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

 

Көрнекіліктер:

Тақырып бойынша слайд-флипчарттар, үрлейтін шарлар, жұлдыздар. Тірек-сызба.

 

Сабақтың түрі:Зерттеу   сабағы.

Сабақтың типі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз ойын ортаға салу, әңгімелеу, салыстыру.

Пәнаралық байланыстар: қазақ тілі, әдебиет,өнер, физика, астрономия

 

Сабақтың бөлімдері

Сабақтың мазмұны

Ұйымдастыру  бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд№ 1

Оқушылардың назарын  сабаққа аудару.

«Көренбейтін сиқыршы»  Жер бетінде көзге көрінбейтін сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ, күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелген көресің, оны көрінбейтін сиқыршы алап бара жатқанын сезесің. Мұндай  сиқыршыны көрмейсің де, бірақ күнделікті ісі, мінез құлқы бізге таныс. Сені үнемі қоршап жүреді. Бұл не?

Оқушы жауабы: — Бұл –Ауа.

Мұғалім: Олай болса, канеки, кім осы ауа туралы не біледі?Оқушы жауаптары:

              мөлдір, түссіз

                                              иіссіз

 

салмағы жоқ

      пішіні жоқ

 

 

 

Мұғалім сөзі:

Мінеки, балалар, біз ауа туралы еске түсірдік. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да  осы айтқандарыңызбен сабақтасады. Назарларыңызды тақтаға аударыңыздар!

Жаңа сабаққа  дайындық

Бүгінгі   сабағымыздың тақырыбы: Ауа-Жердің қорғаны. Ауаны қорғау.

Слайд №2 .

Жаңа сабақ

 

Слайд№3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ауаның құрамы» кесте

 

 

 

Слайд№4

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірталас.

 

 

 

 

Рөлдік ойын.

Мұғалім сөзі: балалар, ауа айналаның бәрінде бар екен дәлелдейміз.1-тәжірибе.Шарды үрлеп, сонан соң оның желін шығарады. –Үрлегенде және желін шығарғанда шар қандай күйге түсті? .2-тәжірибе.Екі ұртынды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадың?

Мұғалім сөзі: -Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз-Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атаймыз.Ол біздің ғаламшарымыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды.Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады.Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді.Ауаның құрамы мен оның қасиеттерін алғаш Джозеф Пристли мен Антуан Лавузье зерттеді.

 

 

                                          Көмірқышқыл газы 1%

Оттегі 21%

 

 


Азот78%

 

 

Ауа-көптеген газдардың қоспасы, оның құрамында азот-78%, көмірқышқыл газы-1%, оттегі-21%

 

.

Мұғалім: Ауа таза болу керек пе?

Оқушы.-Иә. Сау-саламаттықпен бақытты өмір сүру үшін адамға ең алдымен таза ауа керек. Ауаны ластамау керек!

Мұғалім: Адам ауаны неге ластамау керек?

Адамға тыныстау үшін таза ауа керек. Ауаның құрамындағы оттегі алдымен өкпеге барады.

 Әр топ мүшелері өздері үшін ауаның маңызын түсіндіру керек.

1-топ адамдардың атынан сөйлейді.

2-топ  экологтардың атынан сөйлейді.

3-топ жануарлар атынан сөйлейді.

 

 

 

Слайд 5

Ауаны ластану себептері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергітту сәті

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

 

 

1.Түрлі қалдықтар.

2. Орманды кесу.

3.Ауаға залалды  заттардың шығырылуы.

4.Радиация.

5. Пайдаланылған газдар.

6.Улы газдар.

 

 

 

Саусақпен мұрын қысайық,

Әншіге біраз ұқсайық.

Әрбір сөздің дыбысын

 Қандай екенін ұғайық.

-Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?

Ауа аузымыз арқылы шығатындықтан дыбысымыз өзгереді.

 

 

Сендердің алдарыңда «Зерттеу парақшасы» жатыр.Сол арқылы оқулықтардан жауаптарды табыңыз. Әр топқа әр түрлі  сұрақтар қойылған. Дайындалуға 5 мин. беріледі. Ауызша.

                          

Дәптермен жұмыс :атмосфера-Ауа қабаты, бізді және біздің ғаламшарымыз Жерді қоршап тұр.

 

-Адам өміріне қажетті бес жағдайды топтастыру.

             Тамақ                           Ауа

                                           

 

                 Жылу                                 Жарық

 

Су

Топпен жұмыс: 1-топ: Бес жолды өлең жазу.Мысалы:

                                Ауа.

                             Түссіз, мөлдір.

                                 Сығылады, серпіледі, көрінбейді.

                           Ауа бізді қоршап тұр.

                                   Оттегі.

2-топ: «Ауаны қорғандар!» тақырыбында сурет салу.

3-топ:-Ауаның құрамы қандай? Тірек –сызба салу.

 

 

 

 

 

Сабақты бекіту.

 

«Орман-ғаламшардың жасыл өпкесі» деп неліктен айтады?

 

Сеңдер ауаның қандай қасиеттерін білесіңдер?

 

 

 

 

Бағалау: Топтарға  баға қою және жеке бағалау парығы арқылы бағаланды.

Топ басшы өзінің тобындағы 4 балаға және өзіне баға жұмыс кезеңдеріне   қойды.

 

 

Үй жұмысы:

43-44бет. Мазмұны.  «Ауаны қорғау» әңгіме жазып келу.

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147946

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар