"Кенді пайдалы қазбалар. Қара металл кендері." Дүниетану

26 ақпан 2016 - Балжан Базилбаева

4сынып

Тақырыбы: Кенді пайдалы қазбалар. Қара металл кендері.

Мақсаты:

1.  Пайдалы қазбалар, кенді пайдалы қазбалар, қара металл кендері туралы түсіндіру.

2.Ой-өрісін, тіл байлығы, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ел байлығын босқа ысырап етпеуге, туған жерін мақтан етуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

 Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер,  темір, күміс. алтын, көмір, қорғасын, алюминий, болат.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын  сабаққа аудару  

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Жер бедері деген не болды?

 -  Ең биік тау қандай тау?

-Шоқы деген не?

-Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?

«Алатау»сөзі қандай мағына береді?

ІІІ.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

 Кенді пайдалы қазбалар.Қара металл кендері.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Пайдалы қазба   деген не? Ойланып есімізге түсірейік.

Олар қандай топтарға бөлінеді?

Кенді пайдалы  қазбаларға  темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий,  никель және т.б.кендер  жатады. 

Металл  мен  олардың қоспалары  алынатын  тау  жыныстары  кен деп аталады.Ал кенді байыту дегеніміз кенді бос тау жыныстарынан бөліп алу. Металдар қара және түсті металдар болып бөлінеді.

Сарамандық жұмыс.

Бірнеше қолда бар металл түрлерін магнитке жақындатып көрейік. Не байқадық?

Металдардың кейбірі магнитке жабысады, ал кейбірі магнитке жабыспайды.

Магнитке жабысқан металдар қара металл, ал жабыспағаны түсті металл.

 Қара металл түрлеріне тоқталсақ, қара металл кендерінен көбінесе темір қорытылады.

Дүние жүзі бойынша өндірілетін металдың 95% темір үлесіне тиеді.

Шойын мен болаттың түсіне қарай қара металл деп атап кеткен. Қара металл ішіндегі бастылары—магнитті теміртас, қоңыр және қызыл теміртас… Негізгі қорытылып алынатын заты темір болғандықтан  бәрін темір кені деп атайды. Ол картада қара үшбұрыш  түрінде белгіленеді.Оны ашық әдіспен де, шахталық әдіспен де өндіреді. Темір кені жер қойнауында түрлі тереңдікте кездеседі. Өндірілген кен металл қорытатын домна пештеріне жіберіліп, шойын қорытады. Шойынды басқа арнаулы пеште балқыту арқылы болат алынады.

Еліміздегі барланған темір кені қорының 90 проценті Қостанай мен Атасу аймағында  шоғырланған.Олардың ең ірісі  Соколов-Сарыбай.

Оқулықпен жұмыс. Өз беттерінше іштей оқыту.

Теріп оқу.(кен, кенді байыту, темір кені, өндіру әдістері)

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.

Қара металдарды және түсті металдарды топтап жазу.(магнит арқылы тексерген бойынша)

Ү.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу

 

VI.  Бекіту кезеңі:

-Пайдалы қазба  аталу себебін айт

.- Кен деген не?

Кеннің қандай түрлері бар?

-Шойын қалай өндіріледі?   Болат ше?

-Қара металдан  қандай металдар  қорытылып алынады?

Қазақстан картасынан шартты белгі бойынша темір кен орындарын тап.

VII. Үйге тапсырма беру кезеңі  44,45- беттерді оқу, мазмұны.

Дәптерге қандай әдіспен өндірілетінін  жазу, бос орнына   қандай жұмыстар жүргізетін едік?

Бағалау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084965

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 27 ақпан 2016 в 23:12 0
Қазақ елі- жерге де, кенге де бай ел екенбіз, байлығымызды аялай білейік!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар