Елбасы- елімнің тірегі

21 ақпан 2015 - Балжан Базилбаева

Алматы облысы Алакөл ауданы

Безродных атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы

бар мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі Б.Т. Базилбаева

.

Тақырыбы: Елбасы- елімнің тірегі.

Мақсаты:Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер саясатының мектеп өміріндегі, бақытты балалық шақ пен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ашу, бастауыш сынып оқушыларына Елбасы жайлы ақпарат бере отырып, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд.

Сабақтың барысы:

ҚР мемлекеттік Гимні орындалады.

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар.

Хормен: Құтты болсын, Президент күні!

1- Желтоқсан Президент күніне арналған «Елбасы – елімнің тірегі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

Қазір біздің сынып оқушылары кішкене мәліметтер айта кеткенді жөн көріп отыр. Соған назар аударайық.

Видео-слайд жүріп тұрады.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

Дильназ Тойшыбекова:

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР Президенті.

І Жүргізуші:

Елімде бейбіт тыныш заман болсың,

Тілеймің әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!..

ІІ Жүргізуші:

Тағы да видео -слайдқа назар аударайық.

4а сынып үздік шығармаларын оқиды.

Оқушы:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.

Оқушы:

Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның,

Жақсылығы тарайды.

Оқушы:

Тәуелсіздікті елге сыйлады,

Бейбітшілікті қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы.

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Оқушы:

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

Оқушы:

1991ж 16 желтоқсан ҚР Жоғары Кенесінің жетінші сессиясында “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі түралы” Коституциялық Заңы қабылданды.

Оқушы:

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.1992ж.

Оқушы:

4 маусым Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.

Оқушы:

12 қараша ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” жарлығы шықты. 1993ж.

Оқушы:

1998ж 20 қазан ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы” Жарлығы шықты.

Оқушы:

Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың

“ҚР астанасы – Ақмола қаласының ҚР астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы” Жарлығы шықты. 1998ж.

4 «а» сынып оқушыларының биі орындалады.

Оқушы:

10 қантар ҚР Президентін сайлау болды. Тұнғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды.

Оқушы:

10 қазан Астанда Кеден одағының қатысушы мемлекеттері басшылары Еуразиялық Экономикалық Қазымдастықты (ЕурАзЭҚ) қуру туралы мәлімдеме және шартқа қол қайды. 2000ж.

Оқушы:

12 желтоқсан – Астанда ЕҚЫҰ саммиті 2010 ж.

Оқушы:

Елбасы жолдауы: Қазақстан халқының әлауқатын арттыру.

Оқушы:

Астана, Акорда, 27 қаңтар 2011 жыл.

Бастау жырлары
Армысыздар, асыл жандар, ата — ана!
Мейірім мен шуақ берген балаға.
Біз боламыз Егемен елдің ертеңі,
Екінші жыл, зор бақыт өттік екінші сыныпқа.

Ел ордадағы ең ыстық үй мектебім,
Өзіңде мен жас шыбықтай көктедім.
Зияткерлік — дарындылық қос қанат,
Білім,ғылым санама тек еккенім.

Жалықпастан бойға жинап білім нәрін,
Білгім келед бұл әлемде бәрін — бәрін.
Тек білімді, біліктілер бұл өмірде,
Бақытымен көреді өмір сәнін.

Адам болу мақсатымыз алдағы,
Өмірдің көп біз білмейтін сырлары.
Жақсы азамат болсақ терең білімді,
Бағымыздың осы болар жанғаны.

Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол — ұстаздар деп білемін.

Нәр аламыз сол білімді ұстаздардан,
Талабымен шәкіртпіз бағы жанған.
Тәрбие мен білімді қос көтеріп,
Жүйріктерміз биікке талаптанған.

Ән

Видео- сұхбат.

«Елбасының жастық шағы» атты сұхбатын тындайық!

Елбасының білімге арналған қанатты сөздеріне тоқталып, сол ойларын видео арқылы жеткізу.

Жас бүлдіршіндердің лебізін елге жеткізу.

Осымен тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084845

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар