Мақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Мақтанышым-мемлекеттік рәміздер

                                                    Атырау облысы Құрманғазы ауданы

                                                    Ганюшкин селосы

                                                    Б.Бегалиев атындағы орта мектеп

                                                    Жаңғатаева Жаңылсын Сабитқызы

                                                    бастауыш сынып мұғалімі        

Мақтанышым-мемлекеттік рәміздер

 Мақсаты:Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге     мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолдарын үйрету,өз ойын дұрыс жеткізуге  ынталандыру.Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып-үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Оқушыларды Отан сүйгіштікке,                                                  адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының әдісі:іздену, сұрақ-жауап,әңгімелеу

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздері,Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларының  суреттері, буклеттер, карта, Отан, жер туралы нақыл сөздер, оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Кіріспе бөлім:Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Қазақстан Республикасының Гимн орындалады.

Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді...

Отан-ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

                     Тұңғыш Президент.

1-оқушы:1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

2-оқушы:Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

3-оқушы:Қазақстан дейтін менің бар елім,

                  Жатыр алып жарты дүние әлемін!

                  Бұл даланы анам жаспен суарған,

                 

 

 

                   Бұл далада атам қолға ту алған.

                   Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

                   Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

                   Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

4-оқушы :Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

                  Астанамен айшықталған ортасы.

                  Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

                  Бұның бәрі Елбасының арқасы.

                  Шықты тарап ой-данадан,

                  Бері қарап жұлдыз беті.

                  Өзі қалап сайлап алған,

                  Елімнің бар Президенті

5-оқушы:Міне осындай егеменді еліміз

                 Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

                 Туған елін, туған жерін сүйетін

                 Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

6-оқушы:Азат елдің тәуелсіз азаматы

                Сенің келді мінбе де сөз алатын

                Аттан барыс бейнелі болашаққа

                Барша әлемге шығыршы қазақ атын.

7-оқушы:Көз тойғысыз қазағымның жері бар

                 Ну орман, тауы,өзені, көлі бар

                 Қазағымның елін жерін қорғайтын

                 Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

       Хор:  “Астана”.

                       Тұғырлы туымыз.

Жүргізуші: Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі  монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы  сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры 

ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

8-оқушы:Айнымайды аспаннан

                 Біздің тудың бояуы

                 Оны халық қашанда

                 Биікке іліп қояды.

9-оқушы:Мен қазақтың ұланымын

                 Мен қазақтың,ұланымын елімнің

                 Мен қазақпын, тірегімін жерімін 

                 Ұланымын туын көкке көтерген.                                                                                

                            Еңселі Елтаңба.

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер:

Жандарбек Мәлібеков пен  Шота-Аман Уәлиханов.Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ  бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

10-оқушы: Қатар шапқан  қос тұлпар,

                   Ай астында қазақ үй

                   Қалықтаған  жас сұңқар,

                   Шарықтаған таза күй.

                   Бұл таңбасы елімнің,

                   Елдігімнің белгісі.

11- оқушы:Бейнелеп сан ғасырды

                    Елтаңбасы елімнің,

                    Таратады хас үлгі

                    Киесіндей жерімнің.

                    Бабам тұлпар жаратты,

                    Құлынында танып-ақ.

                    Тұлпар барда қанатты,

                    Шайқалмайды шаңырақ.

                    Тәуелсіздік көркі ол да,

                    Нұр төгеді елтаңба

                    Ақ орданың төрінде.

                                Асқақтаған Әнұран.

    Кез  келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды  түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік  Әнұранның авторы  Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын  ұлықтау рәсімінде орындалды.Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

12-оқушы:Әнұраным –жан ұраным

                    Айтар әнім, сөйлер сөзім

                    Туған жерім сағынарым

                    Бақыт-бірлік күн талабы.

                    Тоқтамайды дабыр әні

                    Мәңгі бақи шырқалады

                    Республикам Әнұраны!

 

13-оқушы:Барша халық таныған                      

                   Біздің үміт, тілекті.                           

                   Шырқалғанда әнұран 

                   Шаттық кернер жүректі                         

                   Жеңіс туын көтерген

                   Жарыстарда сан қилы,

                   Жетіп бізге шетелден

                   Көкке әнұран шалқиды.

                   Шәмші атаның сазды үні

                   Жігер беріп қайратты,

                   Бәрімізді мәз қылып,

                   Жаңғыртады аймақты.

              Ойындар мен тапсырмалар

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           ар                                         нан

 

2.Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы  айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген.             (Елтаңба)

Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)

Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады.   (Әнұран)

 

 Оқушылар шығармашылығы:

1.Менің Отаным-Қазақстан

2.Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы.

 

Қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билер-Төле би,Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық.

Төле би:

Уа, халқым, сөз қадірін білесің:

Жаңбыр жаумаса-жер жетім,

Басшы болмаса-ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім…

 

Қазыбек би:

Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт-берекең-атаң қымбат

Аймалайтын-анаң қымбат,

Мейірімді-апаң қымбат.

 

Әйтеке би:

Бай болсаң

Халқыңа  пайдаң тисін.

Батыр болсаң,

Жауға найзаң тисін.

Әумин!

 

Қорытынды.


Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Тәрбие жоспарыАгентомания

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096892

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар