Санды 7-ге көбейту және бөлуді қайталау

27 қазан 2015 - Құралай Орманова

Алматы облысы. Райымбек ауданы,

Сарыжаз орт а мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі

Толымбекова Бигүл

Сабақтың тақырыбы: Санды 7-ге көбейту және бөлуді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Санды 7-ге көбейту және бөлуді қайталай отырып, оқушының білімі мен білігін жүйелеу. Ойындармен, қызықты тапсырмалар арқылы білімін тиянақтау, есепті салыстырып, талдай білуге баулу.

Дамытушылығы:

танымдылық қабілетін, ойлауын, есте сақтауын, математикалық тілде сөйлеуін дамыту.

Тәрбиелігі:

Өзгені тыңдап,өз ойын еркін айтуға, жылдамдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Көбейту, бөлу кестесі, сызбалар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылардың назаран сабаққа аудару

Ә) Сабаққа дайындық жасау

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын анықтау.

3.Мақсат қою. Тақырыбын, мақсатын хабарлау

4. Деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, оқушы білімін жан-жақты тексеру.

1-тапсырма. Есепті екі тәсілмен салыстыра отырып шығару.

А) 1-тәсіл

Шешуі:48+24=72

72:9=8

2-тәсіл

Шешуі:(48+24):9=8

Жауабы:Әр дүкенге 8 теледидардан түсті

Ә)1-Тәсіл

Шешуі:4х7=28

32-28=4

2-тәсіл

Шешуі:32(4х7)=4

Жауабы: 4 орындық артылып қалды.

2-тапсырма. Кел, ойнайық!

7х7(з) 490:7(а) 630:7 © 10х7 (Ы) 560:7 (Ұ) 70:7 (М) 8х7 (Т)

Жауабы:

80

90

56

70

49

70

10

Ұ

с

т

а

з

ы

м

-Балалар, жақында қандай мереке болады?

-Ұстаздар мерекесі

-Олай болса, Ұстаз туралы өлең тақпақтар айтып, бойымызды сергітейік

Құтты болсын ұстаздарым, мерекең,

Артсын сенің абыройың, берекең!

3-тапсырма. Қалдықпен бөлуді орында, тексер

(карзинаға гүл жинау)

А)20:7=2 (қалд.6)

2х7+6=20

Ә)26:7=3 (қалд. 5)

3х7+5=26

Б)32:7=4 (қалд.4)

4х7+4=32

В)52:7=7 (Қалд.3)

7х7+3=52

Г)58:7=8(қалд.2)

8х7+2=58

Д)64:7=9 (қалд.1)

9х7+1=64

4-тапсырма.Өрнек түрінде жаз

А)7:7

Ә)Хх7

Б)70-7

В)Х+7

5-тапсырма.Тиісті санды тап: (Ауызша орындау)

4х3+ =20

х5-5=40

х4=36

х5=45

:6+6=15

:7+7=15

х4 =28

х5=40

6-тапсырма.Теңдеу құр және оны шеш:

А)Хх 7=63

Х=63:7

Х=9

9х7=63

63=63

Х+7=63

Х=63-7

Х=56

56+7=63

63=63

Cабақты қорыту.

Көбейту, бөлу кестесін пысықтау.7 саны қазақта киелі сан болып есептеледі.Сұраққа жауап алу:

1-сұрақ.7 Жұт деген не?(Құрғақшылық, топан су, жер сілкінісі,өрт, оба, жұт, соғыс)

2-сұрақ. 7Жоқ туралы не білесің? (Жерде өлшеуіш, аспанда тіреуіш, тасбақада талақ, Аллада бауыр, таста тамыр, жылқыда өт, аққуда сүт жоқ)


Үйге тапсырма беру. 7-нің көбейту кестесін қайталау.

65-бет № 7 есеп.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышБАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Тәрбие жоспарыТәрбие сағаты

БастауышҚұстар айтысы (Үнді ертегісі)

БастауышЛогика -қисынды ойлау

БастауышҰлттық киімдер. Тымақ тігу.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141146

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар