​12 жылдық білім беруде мектеп алдындағы бір жыл даярлық қарастырылады - А. Сәрінжіпов

12 ақпан 2015 - Админ
​12 жылдық білім беруде мектеп алдындағы бір жыл даярлық қарастырылады - А. Сәрінжіпов

12 жылдық білім беруде мектеп алдындағы бір жыл даярлық қарастырылады — А. Сәрінжіпов

Осы орайда министр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында білім саласын жаңарту бағдарламасын жалғастыруды тапсырғанын еске салып өтті.

«Біз болашақ экономика үшін кадрларды даярлап, сапалы білім беруіміз қажет. Сондықтан да осы саланың бағдарламалары бұдан ары қарай да дамытылады. Орта білім беру құрылымына тоқталатын болсақ, біз Президенттің тапсырмасы бойынша бір айдың ішінде жаңа ұсыныстарды енгізуіміз шарт. Ұсыныстар халықаралық талаптарға сәйкестікке қатысты болады. Біз 12 жылдық білім беру жағына қарай жылжитын боламыз. Бұған көшу бағыты 11 жылдық білім плюс 1 жыл мектеп алдындағы дайындық аясында іске асырылады»,-деді министр.

А. Сәрінжіповтың айтуынша, қазіргі кезде мектепке дейінгі даярлық бағдарламасы Қазақстанда 6 жастағы барлық балалардың 95 пайызын қамтып отыр.

«Біз мектеп алдындағы даярлық бағдарламасын жаңартуды жақсарту бағыты бойынша жүретін боламыз»,-деді ведомство басшысы.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышМектепалды. Күнтізбелік тақырыптық жоспарлау.

1 сынып1 сыныпқа Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспар (2016 жылғы жаңа бағдарлама)

Баяндама12 жылдық білім берудің ерекшеліктері

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141978

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар