Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы жаңа жүйе бойынша төленеді

10 қараша 2015 - Админ
Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы жаңа жүйе бойынша төленеді

2016 жылдың қаңтарынан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақылары өседі. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осы саланың еңбеккерлерімен кездесу барысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жаңа жылдан бастап денсаулықсақтау саласында жалақы 7-ден 28 пайызға дейін көтерілсе, білім беру саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 15-29 пайызға өспекші. Басқа да бюджеттік салаларда жалақы 28-40 пайызға өсетін болады.

Сондай-ақ, алдағы жылы бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақылары жаңа жүйе бойынша төленетін болады. Ол жүйе азаматтық қызметшілердің лауазымдарын білім, біліктілік, атқаратын міндеттерінің деңгейі мен күрделілігіне байланысты төрт категорияға бөліп қарастырады.

Бірінші, А блогына басшылық персоналдар кіреді. Яғни, ұйымның стратегиялық дамуына жауапты, басқаруға байланысты шешімдер қабылдайтын мекемелердің бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары, ұйымның бағыныштық деңгейіне қарай құрылымдық бөліністердің басшылары мен олардың орынбасарлары осы блокты құрайды.

Екінші, негізгі қызметшілер блогына (В блогы) ұйымның негізгі қызметін қамтамасыз етуші мамандар енеді. Бұл блок қарапайым тілмен айтқанда, дәрігерлер, мұғалімдер, ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер, ЖОО оқытушылары және басқа ұйымның негізгі қызметіне жауапты мамандардан тұрады. Бұл қызметкерлерге лауазымдық окладтарын дифференцияланған есептеу жүйесі қолданылады.

Үшінші, әкімшілік блок (С блогы) әкімшілік-құқықтық және шаруашылық қызметтерін атқаратын мамандарды топтастырады. Лауазымдардың бұл тобына заңгерлер, бухгалтерлер, экономистер, аудармашылар, шаруашылық қызмет меңгерушілері, т.б.кіреді.

Төртінші, өмекші блокқа (D блогы) іс жүргізушілер, кассирлер, коменданттар, хатшылар сынды лауазымдағылар енеді.

Тамара Дүйсенованың мәлімдеуінше, жаңа жылдан бастап өсірілетін еңбекақы әр лауазым иесінің білімі, біліктілігі, жұмыс тәжірибесі сынды жеке мәліметтері бойынша тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қараша күні Қазақстан Парламенті жаңа «Еңбек кодексін» мақұлдаған болатын.

«Қамшы» сілтейді

Осыған ұқсас жазбалар:

Жаңалықтар2015 жылы шілдеден бастап мұғалімдердің жалақысы өседі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152372

Пікірлер (4)
жанар # 21 қараша 2015 в 20:19 0
ІІ санатты мұғалімдердің жалақысы қанша болады?
Базаргүл Алтынбекқызы # 21 қаңтар 2016 в 21:59 0
Ұстаздардың еңбегі дұрыс бағаланбайды, оны кім ескереді?
Шолпан Жусуповна # 25 қаңтар 2016 в 20:35 0
29 пайыз деген өтірік, маған сонша қосылған жок
Айгуль Турганова # 1 ақпан 2016 в 21:19 0
Бюджет саласының барлық қызметкерлерінің жалақысы өскенде, ІІБ неге көтерілмейді?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар