Ғылыми жұмыс

4 сәуір 2016 - Ляззат жукешова

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдында бүкіл адамзаттың құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми-тоериялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Соның ішінде ғылыми зерттеу жұмысы – қазіргі заман біліміне сай ғылым болмақ. Республикамыздың президенті Н. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық 50 елдің қатарына кірігу стратегиясын айқындаған болатын. Сонымен бірге Елбасы Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі бағытындағы басты міндеттерінің бірі- ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті. Ғылыми зерттеу табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай-ақ еңбекқорлықты талап етеді. Ғылыми зерттеу әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының ғылымға деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Сондай-ақ өз қызығушылығымнан туындаған «Алтын қима» тақырыбын зерделеу, оның қыр-сырларын ашып, ғылым негізінің бір жолына шығару мақсатым болмақ. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.

ІІ.1 Алтын қиманың тарихы

Алтын бөлу туралы түсінікті ежелгі грек философы және математигі Пифагор, өзінің ғылыми күнділігіне енгізген. Пифагор алтын бөлу туралы ілімді мысырлықтар мен вавилондықтардан алған деген жорамал бар. Бұған Хеопс пирамидасының пропорциясы, храмдардың, бетмүсіндердің, тұрмыс заттарының және Тутанхамона моласындағы әдемілеулер куә. Египтік шеберлер осыларды жасауда да алтын бөлуді қолданған. Француз сәулеткері Ле Корбюзье Сети І Абидос фараонның хрмындағы рельефтен және Рамсес фараонын бейнелеуші рельефтен пішіндердің пропорциялары алтын бөлудің шамаларына сәйкес екенін анықтады. Ағаш тақтайдан жасалған молада бейнеленген Зодчий Хесир, алтын бөлу пропорциясы жазылған өлшеу аспаптарын ұстап жатыр. Гректер де шебер геометрлер болған. Өз балаларын арифметиканы геометриялық фигуралардың көмегімен оқытқан. Пифагордың квадраты және осы квадраттың диагоналі динамикалық тікбұрыштар құруда негіз болған.

Платон да алтын бөлу туралы білген. Оның «Тимей» диалогі Пифагордың математикалық және эстетикалық көзқарастарына арналған, алтын бөлу сұрағы ретінде қалған. Бізге жеткенге дейінгі көне әдебиеттердің ішіндегі Евклидтің «Бастамасында» алтын бөлулер бірінші рет еске түсіріледі. «Бастаманың» 2-ші кітабында алтын бөлудің геометриялық сызбалары берілген. Евклидтен кейін алтын бөлудің зерттеулерімен Гипсикл, Папп және т.б. айналысқан. Орта ғасырлық Еуропа Евклид «Бастамасының» алтын бөлуімен араб аудармаларынан танысты.  Қайта өрлеу заманына орайлас ғалымдардың және суретшілердің арасында алтын бөлуді қолдану деген ұғым күшейді, ол геометрияда қалай қолданылса, сәулет өнерінде де, өнерде де солай қолданылды. Суретші және ғалым Леонардо до Давинчи, итальяндық сәулетшілерде өте үлкен тәжірибе бар, бірақ білімдерінің жетіспейтіндігін көрді. Ол ойланып, геометрия туралы кітап жаза бастады, бірақ сол кезде монах Луки Пачолидің кітабы шықты, содан соң Леонардо өзінің бұл ойын тастады. Замандастардың және ғылым тарихшыларының ойы бойынша, Лука Пачоли нағыз жарық, Фибоначчи мен Галлилейдің арасындағы Италиядағы ұлы математик. 1509 жылы Венецияда Лука Пачоллидің өте күшті көркемдеулерімен жасалған «Божестевенная пропорция» атты кітабы жарық көреді, бірақ оны Леонардо до Винчи жасады деген пікір бар. Кітап алтын пропорцияның қуанышты әнұраны болды. Леонардо до Винчи өзінің көңілін алтын бөлу зерттеуіне де бөлген. Ол дұрыс бес бұрыш жасайтын стереометриялық денеге қима жасаған, және әр кез қабырғалардың алтын бөлуге қатынасындай тікбұрыш алған. Сондықтан ол алтын бөлуді алтын қима деп атаған.                                                                    R =1 қабылдап, пропорциядан x 2 +x1 -1-0 теңдеуімізді аламыз. 

Осыған ұқсас жазбалар:

Ғылыми жобаларҚымыз – ауруға ем, сауға қуат

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148657

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар