Ара сүті

10 қыркүйек 2015 - Базаргүл Алтынбекқызы

Ара сүті

Ара сүті латынша атауы — апилак, орысша « маточное молочко» дейді. Жарық дүниеге келгеніне 14 күн өткен соң-ақ аналық аралар жұтқыншақ бездерінен сүт бөліп шығарады. Оның құрамы көптеген ферменттерден тұрады. Араның аналық сүтінің құрамында нуклеин, амин қышқылдары түрлі дәрумендер май тағы басқа микроэлементтер кездеседі.

Ара сүтінің түрі ақ-сары, өзіне тән иісі, дәмі бар. Ғылыми медицинада, фармацевтикадаодан «апилак» дәрісін дайындайды, әрі парфюмерияға қолданылады. Жаңадан алынған ара сүті адам денесіне түскен микробтардың одан әрі көбеймеуіне көп көмегін тигізеді. Қан қысымы жоғарлағанда, қан тамырлары тарылып қысылғанда ара сүті ем болады. Науқастанған адам ара сүтін дәрі есебінде қабылдаған соң құлағының шулағаны басылып, жүрек ауруы бәсеңдеп, ұйқысы жақсара бастайды. Қан қысымы да төмендеп, тамақ ішуге тәбеті тартады. Зертханалық тәсілмен тексергенде қандағы холестерин көлемі, қанның құрамы біршама түзелгендігі байқалады.

Медициналық тәжірибеде ара сүті денсаулығы нашар балаларға емдік балауыз ( свеча) түрінде де беріледі. Ай-күніне жетпей туған немесе жаңа туған сәбилерге 2,5 мг, туғанына 2-3 ай болған сәбиге 5мг емдік балауызды тік ішекке қояды. Бұл ем 7 күннен 15 күнге дейін созылады. Бір емдік балауызды күніне үш рет қолданады. Мұндай емнен кейін баланың тамақ ішуі жақсарып, тәуір бола бастағаны байқалады, салмағы да артады.Сонымен қатар аналық ара сүті қолқа демікпесі, кейбір тері ауруларына, қан азайғанда, буындағы ревматизм ауруларына да жиі қолданылады.

Ара сүтін жасы егде тартқан адамдарға қан қысымы орнына келіп, тамаққа деген тәбеті ашылып, көзінің көруі жақсара түседі. Қандағы холестерин азайып, әл- қуаты артады. Қан қысымы жоғары немесе төмен адамдар ара сүтін күніне 20-30 мг пайдаланған соң науқасынан тез сауыға бастайды. Ағзаға тараған ара сүтінің без жасушаларын бөліп шығаратын ( секреция) заттарға әсері мол. Әсіресе жыныс бездерінің қабілетін тез дамытады. Сондықтан ара сүтінен алынған дәрі бала көтермейтін әйелдерге, белсіздік танытатын ерлерге бірден-бір көмектесетін ем. Ара сүтін адам ой еңбегімен дене еңбегінен қалжырап шаршағанда ішсе, денесі бірден шынығып, күш-қуаты артады. Ара сүтінің осы қасиетін жете түсінген дәрігерлер оны ғарышкерлерге, спортшыларға аса пайдалы деп табуда. Ал жүрек қабынуына ( стенокардия) шалдыққан адамдар 30 мг ара сүтін ( 20-30 күн шамасында) қабылдаған соң науқастарынан тез айыға бастаған. Ара сүті жоғарыдағы науқас түрлерімен қоса операция салдарынан жүдеген адамдарды да тез әлдендіреді. Ол үшін ара сүтінен жасалған апилакты 20-22 күн бойы күніне 1-2 түйіршіктен ( p-0,1 мг) ас алдында 30 минут бұрын тілдің астына салып ерітіп ішеді. Осындай емдік шарадан соң ауру адамның көңіл- күйі жақсарып, қан тамырларының қалыпқа келуі, жүрек қабынуы тоқтап, көз жанары, есту қабілеті жақсара түседі. Ара сүтінен алынған апилак дәрісін қолданғанда дәрігер- фармацевтің ақыл- кеңесіне сүйену керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. « Денсаулық» журналының жиынтығы 1987-89ж

2. Мұсылман күнтізбесі 2010-2011ж, Е. Әбдірахманов.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148555

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 25 қыркүйек 2015 в 11:41 0
Материал маған ұнады, рахмет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар