Нуклейн қышқылдары

Сыныбы 10а

Күні 30.09.14

Сабақтың тақырыбы

§ 8-10. Нуклеин қышқылдары

Мақсаты

Нуклеин қышқылдарының түрлері, химиялық құрамы, екі еселену ерекшеліктері туралы түсінік беру

Күтілетін нәтижелер

Нуклеин қышқылдарының түрлері, химиялық құрамы, екі еселену ерекшеліктерін біледі; ДНҚ мен РНҚ-ны ажыратады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тұжырымдай алады; жалпы тіршілік үшін маңызына баға береді

Керекті жабдықтар

Кесте, электронды оқулық, оқыту әдістемесі, презентация, видеосюжет

Қолданылатын әдістер

Үй тапсырмасын тексеруде тест, зерттеушілік әңгіме, жаңа сабақты меңгеруде «Жарнама» әдісі, постер қорғау, «шынжыр» ойыны, Венн диаграммасы

Сабақ барысы:

Сабақ кезең

дері

Уа-қы-ты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

1

мин

8

мин

7 мин

Сыныппен амандасу, топтарға бөлу

Үй тапсырмасын сұрау: « Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар»

Тест

1. Нәруыз мономері болып табылады:

а) көмір қышқылы б) амин қышқылы в) глюкоза г) нуклеотид д) фосфор қышқылы Жауабы: Б

2. Нәруыз молекуласын алғаш алған кім:

А). Я. Беккори В) Р. Воклен мен Робике

Б).К. Шмид Г ) Э. Фишер

3. Нәруыздың екінші реттік құрылымының ерекшелігі:

а) әртүрлі қашықтықпен байланысқан орам

б) екі тізбекті оралым в) түйінге айналған оралым

г) бір тізбекті оралым Жауабы: Г

4. Нәруыздың үшінші реттік құрылымындағы байланыс::

а) сутектік, пептидтік, гидрофобты

б) пептидті, гидрофобты, иондық
в) сутектік, гидрофобты, иондық Жауабы: А

5. Миозин (бұлшық ет) және кератин (Шаш) қандай нәруызға жатады:

А) глобулдық Б) фибрилдік В) суда еритін В) тұрақсыз

6. Нәруыздың бірінші реттік құрылымындағы байланыс:

а) пептидтік б) сутектік в) гидрофобты Жауабы: А

7. Нәруыздардың жасушадағы атқаратын қызметі: ашық тест

1------- 2----------- 3----------- 4---------5------- 6-----------

(Жауабы: құрылымдық, тасымалдау, катализдік, қорғаныш, энергетикалық, реттегіштік)

8.Нәруыздың табиғи құрылымының өзгеруі ----------------деп аталады?

Жоғары дәрежелі сұрақтар бойынша зерттеушілік әңгіме жүргізуге тапсырма беремін:

1.Неге дәрігерлер науқастың температурасы 38 0 асса, түсіруге тырысады? (белок денатурациясын болдырмау үшін)

2.Неге пісірілген жұмырқадан балапан шықпайды? (денатурацияланған нәруыз қалпына келмеуіне байланысты) кейін салмағы неге төмендейді?

3.Ет пен балықты термиялық өңдеуден кейін салмағы 20-40 % кемиді (құрамындағы нәруызы денатурацияланып, көп бөлігі суға шығып кетеді)

Оқушы сұраққа жауап береді, екінші оқушы оның жауабын толықтырады.

Тұсау-кесер

2

мин

— Сұрақ:

--Біздер барлығымыз неге ата анамызға ұқсаймыз?

-Бұған не себеп?

-Әрине, генетикалық ақпарат

-Генетикалық ақпарат сақтайтын жасушаның қандай құрылымы?

-Хромосома неден тұрады?

-ДНҚ деген не?

-Тағы қандай нуклеин қышқылы болады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Сабақтың мақсатын, сабақ критерийлерін оқушылар анықтайды. Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын жазады.

Негізгі бөлім

25

мин

Топтық жұмыс. Жаңа тақырыпты «Жарнама» әдісі бойынша меңгертемін. Постер шығаруға тапсырма беремін.

1-топ Үлкен смайлик- «Нуклейн қышқылдары. Зерттелу тарихы»

2- топ- басында қалпағы бар смайлик таңдаған- Нуклейн қышқылдарының химиялық құрамы»

3- топ- тілін шығарып тұрған смайлик -«РНҚ-рибонуклейн қышқылдары. Түрлері. Қызметі»

4- мен өзім-«ДНҚ –ның екі еселену түрлері»

Топтар өздеріне берілген тақырыпшалармен танысып, топта талдап, жарнамалау үшін постер шығарады.

Қоры-тынды

1

мин

1 мин

    1.«Шынжыр» ойыны арқылы бекітемін. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған түсініктерін жалғастырып, ойларын айтады.

    2.«Венн диаграммасы» ауызша айтады.

Сабақ бойы жұмыстанулары бойынша оқушылардың алған бантиктары бойынша бағалаймын, бағаға түсініктеме беремін.

Үйге тапсырма беремін: Тақырыпты оқу, кестені толтыру, Венн диаграммасын толтыру.

Рефлексия: Әр топқа: 1-Егер сабақ түсінікті болса-3-рет шапалактаймыз.

2- егер жартылай түсіндім болса-2- рет.

3- егер мүлде түсініксіз боса-1- рет шапалактаймыз.

Бүгінгі сабақта алған негізгі түсініктерді айтады.

Бағаларымен танысады.

Сабақтың өзіндік талдауы:

Сабақ бойынша өзгертулер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068737

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru