Организмнің тіршілік ортасына бейімделушілігі табиғи сұрыпталудың нәтижесі екендігі.

1 наурыз 2015 - Дария Кожракова

Пәні

Биология

Сынып:11

Күні

Сабақ: 26

Тақырыбы

Организмнің тіршілік ортасына бейімделушілігі табиғи сұрыпталудың нәтижесі екендігі.

Сабақ мақсаты

Бейімделушілік, оның түрлері мен пайда болуын түсіндіру. Бейімделушілік туралы түсіндіре отырып, тірі ағзаларға тән ерекшеліктерді сипаттай білуге үйрету.

Нәтижесі

бейімделушілік және оның нәтижелері туралы түсінік қалыптастырады.

Әдіс-тәсілдер

АКТ, СТО, диалог, Жигсо әдісі топтық жұмыс, кері байланыс

Бағалау

Бағалау парағы, формативті бағалау, смайликтер,

Ресурстар, кабинет жабдықталуы,

көрнекіліктер

интерактивті тақта,үлестірмелер, кестелер-сызбалар, презентация, видео.

Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Оқушыларды топқа бөлу

оқушыларды жеміс түрлеріне байланысты топқа бөлінеді,

Үй тапсырмасын сүрау

1-топ табиғи сұрыпталуға сипаттама беру

2-топ табиғи сұрыпталу формаларын анықтау Постер қорғау

Оқушылар табиғи сұрыпталу туралы түсінік береді. Топтық жұмыс жасайды. Постер қорғайды.

Қызығушылықты ояту

Өткен тақырыпты қорытындылап жаңа сабақтың тақырыбын анықтау

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Мағынаны ажырату

.Бейімделушілік-адаптация- тірі организмдердің тіршілік ету ортасына түрліше бейімделуінің пайда болуына негізгі себебі-табиғи сұрыпталу.Бейімделушілік дайын күйінде бірден пайда болмайды,ұзақ жылдар бойы қалыптасады.

Бүркеніш рең-жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін ағзалардың жауынан қорғануы үшін қажет болып табылатын бейімделушілік.

Сақтандырушы рең-әсіресе улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән.Реңдері бірден көзге түсетін, есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы.Сақтандырушы рең жыртқыштардың қорқыту үшін жасалған мінез-қылығымен үйлесімді әрекет жасайды.

Қызықтырушы рең-бұл рең әсіресе көбейер кезде пайдалы.Жайшылықта реңдері тіршілік еткен орта жағдайына ұқсас болып, жауына байқалмайды.

Қауіп төндіруші рең-кейбір жануарлар қауіп төнген кезде айбар шегіп, денесін әр түрлі пішінге келтіре алады.

Еліктеуші рең-(мимикрия; грекше «mimikos» -еліктегіш) – өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттың белгілі бір өлі затына және тірі организмдерге еліктеуі.<img width="«124»" height="«69»" src="«file:///C:/Users/268E~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.jpg»" alt="«http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/4/43/Nagula_Panchami.jpg»" v:shapes="«Рисунок_x0020_1»" style=«background-color: initial;»><img width="«131»" height="«69»" src="«file:///C:/Users/268E~1/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.jpg»" alt="«http://5fan.info/files/53/2f0abc6f94d5641d132ca97e8a4c427d.html_files/rId9.jpg»" v:shapes="«Рисунок_x0020_4»" style=«background-color: initial;»>

… Оқулықтан мәтінді оқып білімдерін жетілдіреді, топ ішінде талдай отырып, бір-біріне түсіндіреді.Таныстырылым әзірлейді, қорғайды

Бейімделішілік түрлерін анықтайды, салыстырады.

Сергіту сәті

«Көңілді жаттығу» сергіту сәтін интерактивті тақтадан көрсету

Оқушылар орынына тұрып сергіту сәтін орындайды.

Ой толғаныс

Жеке жұмыс

А)Әңгімелеу

В)Негізгі мағлұматтарды талдау, анализдеу, анықтаманы жазу

С)Тақырып соңындағы сұрақ пен тапсырмаларды орындау

Келтірілген мысалдар бүркеніш реңнің қай түріне жататынын әрқайсысының тұсындағы торкөзге бас әріппен белгілеңдер.

«СҚ» — сақтандырғыш; «ҚЗ» — қызықтырғыш; «ҚТ» — қауіп төндіруші; «ЕК» — еліктеуші.

1. Ханқыз қоңызы 

2. Орденді көбелек 

3. Қарақоңыз (жағымсыз иісті) 

4. Атбас балық

5. Непентес (жәндікқоректі өсімдік) 

6. Оқпан

7. Қырғауылдың қоразы

8. Дәуіт

Топтық жұмыс:

1-топ бүркеніш, қызықтырушы реңге сипаттама беру

2-топ сақтандырушы, еліктеуші реңге мысал келтіру постер қорғау тапсырады.

Өз ойларын ортаға салады, тапсырманы орындайды,. Жеке жұмыстар орындайды.Оқушылар берілген тапсырма бойынша постер қорғайды

Бағалау

Оқушыларды мадақтап, бағалау.Бағалау парақшасы арқылы оқушылар белсенділігін анықтайды.

Топтың бағалау парақтары арқылы топ басшысы есеп береді

Үйге тапсырма.

Үйге тапсырма береді, Қорытындылайды

§26. «Бейімделушілік түрлері» реферат жазу

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

Рефлексия

Сабақтың мақсатына орай қандай нәтижеге қол жеткізгені туралы сұрау

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083498

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар