Организмнің ішкі ортасы. Қан оның құрамы.

Сабақтың тақырыбы:  Организмнің ішкі ортасы. Қан оның құрамы.

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Қанның адам өміріндегі маңызы, құрамы жайлы түсінік беру, оқу дағдыларын жетілдіру және медициналық тұрғыда қан жасушаларының белсенділігін меңгерту арқылы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың  «Сын тұрғысынан ойлау» оқыту стратегиясының  элементтерін қолдану арқылы белсенділігін арттыру, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың жеке басының  тазалығын, денсаулығын сақтауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтастыру әдістері, СТО әдістері

 Сабақтың көрнекілігі:  слайдтар, қан жасушаларының суреттері, электрондық оқулық, сызбалар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:  а) оқушылармен сәлемдесу;

 ә) түгендеу, оқу құралдарын тексеру

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Кубизм» әдісі бойынша 3 топқа тапсырмалар беріледі.

          1. Зерттеңіз:

— адам қаңқасының бөлімдері

— сүйектің байланысы, буындар

— бұлшықеттің маңызы

          2.Салыстырыңыз:

— сүйектің құрылысы

— бұлшықеттің құрылысы

         3.Суреттеңіз:

— қол және аяқ бұлшықеттерінің айырмашылығы

 

 

III. Жаңа сабақ. Сабақ 3 кезеңнен тұрады.

Адам тіршілігі үшін, организм тірегі, тіршілік көзі- қан және қан жасушалары. «Қан- организмнің айнасы» деп бекер айтылмаса керек. Қан болмаса тіршіліктің  болмайтындығы медицина тұрғысында зерттелген.

 

Жатырда қанды емізген,

Ауызсыз қорек жегізген,                                       Слайд

Туғызып, түзеп, өсіріп,

Өзіңді өзім дегізген

Тіршілік сөйтіп таралған.

(Шәкәрім Құдайбердіұлы)

Тақтамен жұмыс. Жаңа сабақтың тақырыбы:  Организмнің ішкі ортасы. Қан оның құрамы.

1) Қызығушылықты ояту кезеңі. Тапсырма: «Қан өмір сыйлаушы» деген сөздің мағынасын ашу.

IV. Топтастыру әдісі.

 Дене қызуының бір қалыптылығын сақтаушы

 Тіршілік көзі                              Қан                           Қызыл түсті сұйықтық

Мүшелерді байланыстырушы                                Оттегін  тасушы

Денені қорғаушы                                                          Қоректендіруші

 

Электронды оқулықпен, суреттермен жұмыс.

Сурет бойынша не айта аламыз? Суретте не бейнеленген?  Қанның құрамына не жатады?  Олардың  қандай түрлері бар? Организмде қандай қызметтер атқарады?  Жұқпалы аурулардан қалай сақтану керек?   Денсаулықты сақтау ережелері туралы не айтар едің?  «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақалды қалай түсінесің?

Слайд енгізу

V. Шығармашылық жұмыс. 2) Мағынаны ажырату кезеңі. РАФТ әдісі. Р-рол  А- аудитория    Ф-  форма     Т- тақырып     Мұғалім  рол ретінде тақырыпты айтады, әр топ өз тапсырмасын орындайды.

  1-топқа: «Темір тапшылықты анемия»  — аудитория ( тақырыпқа сипаттама)

 2- топқа: «Жүрек пен қан тамырларының жұмысына темекі мен  алкоголдің әсері» -  форма   ( сол тақырып бойынша өлең,  мақал-мәтел, шығарма, хат т.б жазып оқиды)

3-топқа:   — тақырып   (қан тобына байланысты мінезді анықтау) тапсырмаға тақырып қойып, соны қорғап шығады.

VI. «Сандар сыр шертеді»  ( Оқушылар ауызша жауап береді)

1.  55 %                                                4. 0,1- 0,12%

2. 4,5- 5 л.                                           5. 120 күн.

3. 90-92 %т                                         6. 1 %

 VII.  Сабақты бекіту. 3) Ой толғаныс кезеңі.  Венн диаграммасы

Венн диаграммасын пайдаланып, эритроциттер мен лейкоциттерді түсіндіреді.

Эритроциттер                                  Ұқсастығы                      лейкоциттер

 

 

 

 

 

 

  VIII.  Үйге тапсырма беру:  Организмнің ішкі ортасы, қан туралы шығармашылық жұмыстар дайындау. 

 а) ( сөзжұмбақ, ребус, мақал- мәтелдер)                        

 ә)  Тақырыпты  мазмұндау   

IX. Бағалау

Оқушыларды бағалау. Күнделіктеріне баға қою. (   Бағалау парағына қарап мұғалім  оқушыларды бағалайды).

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияОрганизмнің ішкі ортасы және оның маңызы. Қанның құрамы мен қасиеттері (ҚМЖ)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119755

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар