ФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

26 қаңтар 2014 - Админ
ФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

Абзал Алмуханов Уахитович 

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы

Маштексай ауылы 

С.Меңдешев атындағы орта мектеп

Биология, география пәні мұғалімі

 

 

 

Пәні: биология.

Пән мұғалімі: Әлмұханов А.У.

Сыныбы: 10б. ЖМБ.

Сабақ тақырыбы: «Фотосинтез, оның сатылары және биосферадағы ғарыштық ролі».

Сабақ мақсаты:

Білімділік — фотосинтез жайлы жаңа білім беру және жаңа терминдермен таныстыру;

Дамытушылық  – жаңа материалды бұрын игерілген біліммен байланыстыру, тапсырманы өз бетімен және топта орындау дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік– оқушыларды экологиялық мәдениетке баулуға атсалысу;

Сабақ түрі: аралас

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест, практикалық жұмыс

Көрнекілігі: «Жалпы биология» электронды оқулығы. «Фотосинтез сатылары» сызбанұсқасы

Құралдар: интерактивті тақта, микроскоп, хлорофилл микропрепараты

 

Сабақ құрылымы:

1.      Ұйымдастыру бөлімі

2.      Үй тапсырмасын тексеру

3.      Жаңа білімді меңгеру

4.      Білімді бекіту

5.      Қорытынды

6.      Бағалау

Сабақ барысы:

1.      Ұйымдастыру бөлімі 

2.      Үй тапсырмасын тексеру. 

“Органикалық заттарды түзу жəне қабылдау  əдістері:  автотрофтар жəне гетеротрофтар”.(Қосымша материал арқылы)

а. Бір оқушы қосымша материал бойынша дайындаған жұмысын реферат түрінде оқиды.

ә. Оқушылардың білімі биологиялық диктант түрінде тексеріледі.

Биологиялық диктант

1.      Табиғаттағы барлық организмдер қоректену тәсіліне қарай (2) топқа бөлінеді.

2.      Дайын органикалық заттар, энергияны пайдаланушы организмдер (гетеротрофтар) деп аталады.

3.      Оларға (жануар, адам) және (кейбір бактериялар) жатады

4.      (Хлорофилл) органоиды бар өсімдік жасушасының тіршілік үшін маңызы зор.

5.      (Фотосинтез) – Күн сәулесі энергиясын (химиялық) энергияға айналдыратын күрделі процесс.    

6.      Күн сәулесі қатысында (бейорганикалық) заттардан органикалық заттарды синтездейтін организмдер (автотрофтар) деп аталады. 

3.Жаңа білімді меңгеру. Ойқозғау.

Жер бетінде өсімдіктерге бейжай қарайтын бір де бір адам жоқ!

Өсімдіктің ең қайталанбас, Ең ғажайып, Ең құпия ТАМАШАСЫ! Ол не?

Өсімдіктің Гүл, Жапырақ, Жеміс, Тұқым, Тамыры болсын – барлығы да адам үшін пайдалы заттарға бай! Соншама пайдалы заттарды өсімдіктер қайдан алады?!

Өсімдіктер тек су мен минералды заттарды ғана жұтпай ма?!

Барлығы өсімдіктердің бірегей қабілетінде! Өсімдіктер Күн сәулесінің қуатын пайдаланады!Бұл жайлы сабақта білеміз!Ол үшін жапыраққааттанайық!

(Хлорофилдің микропрепаратын микроскоппен қарап, құрылысымен танысамыз.)

Жапырақтың ішкі құрылысы: Жоғарғы қабаты – эпидермис.

Эпидермис клеткасы – мөлдір. Неге олай деп ойлайсыңдар?

Өсімдік неге жасыл түсті? Себебі, клеткада жасыл пигмент – ХЛОРОФИЛЛ бар

Хлорофилл құрамындағы магний атомы өз кезегінде өсімдіктердің жасыл түсті болуына себепкер. Хлоропласт дөңгелек пішінді, қос қабатты мембраналы

Хлоропласт ішінде текшеленген құрылым – граналар.  Граналар тилакоидтардан тұрады, олардың ішінде хлорофилл орналасады. Осы хлорофилл органойдында өсімдіктің бірегей процесі – фотосинтез өтеді.

Фотосинтез процесінің жалпы реакциясы:  6СО2 + 6 Н2О = С6Н12О6 + 6О2

 

 

Сипаты

Фотосинтез сатылары

Жарық

Қараңғы

1

Жарық

Жарыққа тәуелді

Жарыққа тәуелді емес

2

Температура

Температураға тәуелді емес

Температураға тәуелді

3

Тездігі

Тез  < 10 (-5) сек

Баяу ~ 10 (-2) сек

 

4

Өтетін орны

Мембрана

Хлорофилл стромасы

 

Фотосинтез процесі жалпы 2 сатыға: жарық және қараңғы болып бөлінеді.

Жарық фаза хлоропласта жарықта жүреді. Жарық әсерінен хлорофилл молекуласы қозып, бір электроны жоғары деңгейге өтеді. Ол тотығу-орынбасу реакциясына қатысады. Пайда болған энергия АТФ-тің қалпына келуіне жұмсалады.Жарық фазаның маңызы:

 Қуатты биологиялық жүйеге қабылдаушы пигментті жүйе арқылы енгізу.

Жарық қуатын «биологиялық қуатқа» айналдыру.

Фотосинтетикалық пигменттердің негізгі кластары:

Хлорофилдер. Каротиноидтар. Фикобилиндер.

Фотолиз. Жарық фаза нәтижесі.

Күн сәулесі әсерінен судың ыдырау процесі фотолиз д.а.

Фотолиз нәтижесінде: сутек ионы (H) және гидроксил ионы (ОН) пайда болады.

Су фотолизі реаакциясының теңдеуі: 2Н2О → 4е + 4Н+ + О2

1939 жылы Роберт Хилл су фотолизі әсерінен оттектің молекула түрінде атмосфераға бөлініп шығатынын алғаш рет дәлелдеді. Сондықтан бұл процесті Хилл реакциясы деп атайды.

Фотосинтездің жарық фазасының нәтижелері:

АТФ синтезі.

НАДФ * Н-тың түзілуі

Су фотолизі

Фотосинтездің қараңғы фазасы.

Фотосинтездің қараңғы фазасында негізгі ролді СО2 (көміртек оксиді) атқарады. АТФ, НАДФ * Н энергиясын пайдаланып, моно, ди және полисахаридтер синтезделеді.

Бес көміртекті көмірсу (С5) реакцияның бастапқы заты ретінде қатысып, нәтижесінде  үш көміртекті (С3) қосылыс түзіліп отырады. Оны С3 немесе Калвин циклі деп атайды. Бұл циклді ашқаны үшін 1961 жылы АҚШ биохимигі М. Калвинге Нобель сыйлығы берілді.

С5  + СО2 + 2АТФ + 2НАДФ*Н → С3 + 2АДФ + 2Фн + 2 НАДФ+

 

6 СО2  + 2Н4 → ← = С6Н12О6   2О

↓                             Моносахарид

Дисарарид       С12Н22О11

Полисахарид  6Н10О5)n

Көмірсулардың түзілуіне АТФ қуаты жұмсалатындықтан бұл процесс қараңғы фаза деп аталады. Бірақ бұл процесс күндіз де, түнде де жүре береді.

Дәптерге жазамыз

Фотосинтез Күн сәулесі қатысында су, көмірқышқыл газынан

 органикалық зат — глюкоза түзілу және оттектің бөліну процесі.

Крахмал – өсімдіктерде қорға жиналатын көмірсу

Көмірсу ферменттердің әсерінен ақуыз бен майға айналады

Автотрофтар – органикалық заттарды синтездеуге қабілетті организмдер

5. Қорытынды

Фотосинтездің маңызы

Жасыл жапырақсыз өсімдік түгілі Жер бетінде тіршілік те болмас еді

Жер атмосферасы өсімдіктердің фотосинтез процесі нәтижесінде түзілген

Орыс ботанигі А.К.Тимирязев жасыл жапырақты өмір фабрикасы деп атаған. Оған шикізат ретінде көмірқышқыл газы мен су, ал қозғаушысы жарық болып табылады.

Білімді бекіту

 

Салыстыру критериі

Тынысалу

Фотосинтез

Өсімдіктің қай мүшесі, органоидында өтеді

Жапырақ, митохондрия

Жапырақ, хлоропласт

Қандай заттар жұтылады?

Оттек

Көмір қышқыл газы, су,  минералды заттар

Қандай заттар бөлінеді?

Көмір қышқыл газы

Оттек

Жарықтың ролі

Алмасудың қай типі

Жоқ

Энергетикалық

Бар

Пластикалық

Органикалық заттар өзгерісі

Органикалық заттардың тотығуы

Органикалық заттардың синтезі

 

Бекіту тесті

1.Фотосинтез терминінің мағынасы:

а. Жарық, қосылыс; ә. Сурет, нәруыз; б. Жасуша, су;

2.Фотосинтез фазалары:

а. 2;    ә. 3;   б. 4;   в. 5;

3. Фотосинтездің жарық фазасында пайдаланылатын қуат:

а. АТФ; ә. Фотон; б. НАДФ

4. Қандай процесс кезінде АТФ синтезделеді?

а. Гликолиз; ә. Цитокинез; б. Транспирация;

5.Қай органойдта тынысалу жүреді?

а. Рибосома; ә. Митохондрия; б. Лизасома;

6.Фотосинтез жүретін органойд:

а. Митохондрия; ә. Лизасома; б. Рибосома; 

Сәйкестендіру тесті

Сипаты

Белгісі

1

Фотосинтездің алғашқы өнімі

А. Жасыл

2

Фотосинтездің соңғы өнімі

Ә. Жапырақ

3

Хлорофилл түсі

Б.  Митохондрия

4

Фотосинтез фазалары

В. Хлорофилл

5

Фотолиз реакциясын ашты

Г. Көмірсулар

6

Жарық шоғы

Ғ. Екеу

7

Қос фосфор қышқылы қалдығы

Д. СО2   Н2О

8

Фотосинтез өтетін мүше

Е. АТФ

9

Тынысалу өтетін органойд

Ж. Глюкоза, оттек

10

Фотосинтез өтетін органойд

З. Калвин

11

Қараңғы фазада синтезделеді

К. Фотон

 

Бекіту сұрақтары.

1.Өсімдіктің ауамен қоректену мүшесі - 

2.Фотосинтезге қажетті заттар

 3.Қай мүше су, минералды заттарды сіңіреді?

4.Жасушаның қай органоидында фотосинтез өтеді?

5. Өсімдіктің жасыл түсті пигменті

6.Организмдердің бейораникалық заттардан органикалық заттарды синтездеуге қабілетті қоректену тәсілі

 

6. Бағалау

Осыған ұқсас жазбалар:

БиологияФотосинтез

БиологияМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары

Биология§3 Көмірсулар

Биология§8 Бұлшық ет және жүйке ұлпаларының құрылысы мен қызметі.

Биология§35 Антропосоциогенез сатылары. Адамның бейімделуі.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141205

Пікірлер (3)
azamat # 28 қаңтар 2014 в 18:43 0
рахмет. сабақтың слайд нұсқасы бар ма?
Ляйла # 20 қазан 2014 в 20:53 0
Рахмет, сабағыңыз мазмұнды жақсы құрастырылған екен.
Раушан # 4 желтоқсан 2015 в 20:19 0
Рахмет,сабақ барысында әдістеріңізді жақсы кірістіріпсіз.“Органикалық заттарды түзу жəне қабылдау əдістері: автотрофтар жəне гетеротрофтар” осы тақырыпқа ашық сабақ слайд бар ма?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар