Adobe Photoshop технологиясы арқылы оқушылармен әр түрлі эскиздар жасау

8 маусым 2015 - Тимур Шарипкалиев

Қазіргі заманның талабына сай компьютерлік технологияны пайдаланып оқушыларды фотошоп бағдарламасын үйрету мақсатында мектептердің кабинеттерін әр пәнге байланысы, сонымен қатар күнделікті қажетті заттарды (мысалы: бейджик, визитка, баннер, хабарландырулар, ашықхаттар т.б.) безендіруге болады.Мұндай жұмыстың пайдасы көп деп санаймын: біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығып артады, екіншіден, практикалық жұмыс есебінде білімін толықтырады және үйренеді, үшіншіден, мектептің безендіруіне өз үлесін қосады, төртіншіден сабақтарда пайдалануға кажетті көрнекі құралдар жасақталады.

Неігізгі бөлім

Осы тақырыпқа байланысты өз мектебімнің оқушылармен бірігіп істелінген жұмыстарды сіздің назарыңызға ұсынамын:

Орыс тілі кабинетіне жасалған эскиздар:

Информатика кабинетінде:

Кітапханада:

Оқушылардың көмегімен жұмысымның алғашқы жылында мектебіміздің екі оқу кабинеті және ауылдық балалар кітапханасын безендірілді. Ендігі ойлайтыным, алдағы уақытта оқушылармен сол бағытта жұмыстанып, олардың көмегімен кез келген безендіру қажет ететін құрал жабдықтарды әсемдеуді үйрету.

Біздің мектебіміз түрлі тәрбиелік шараларға бай. Әр шара көптеген көрнекілікті қажет етеді. Мысалы: «Жас ұлан» ұйымына қабылдау жиналысына жасалынған бильборд:

Оқушылардың жасаған хабарландыру эскиздары:

Бейджик және визитка:

Қызылоба ауылы тақырыбындағы фотоэскиз:

Тағыда осындай өңделген жұмыстар баршылық, енді фотошоп бағдарламасында ең қажетті деген пайдалану техникасын шолып өтсем, онда бұл бағдарламада алдымен қажетті құралдар қатарын баптау керек.

Күнделікті пайдаланып жүрген фотошоп бағдарламасының көрінісі.

Мұнда бізге қажетті құралдар бөлімі нөмірлермен белгіленген. Алғашқыда 2-ші нөмірмен көрсетілген құралдардын қатары стандартты баптауымен тұрады. Оның баптауы окно батырмасының тізімінде орналасқан және сол жағындағы суретте қай құралдар қажет екені таңдау арқылы көрсетілген. Баптаулар кезеңі осымен аяқталады.

Енді бізге негізгі үйрену қажет ететіні бұл: жаңа құжат ашу (өлшемдерімен жұмыс), суреттерді орналастыру, жазу, жазуды әсемдеу.

Құжат ашудың бізге ең қажет баптауы бұл өлшемін орнату. Командалар жолымен көрсетіп өтейін.

Алдымен батырмасын басамыз. Пайда болған диалог терезесінде өзімізге қажетті өлшемдерді еңгіземіз. Суреттегідей өзіңізге керек өлшембірлікті таңдауыңызға болады.

Құжат құралды, енді бізге эскиздің үстіне тышқанның көмегімен қажетті суреттерді сүйреп тастау арқылы еңгіземіз. Кейін сол суреттердің өлшемін өзгерті үшін жылжыту құралын таңдап орналастырып, өлшемін өзгертіп және бекіту үшін сурет үстінен екі рет шертеміз. Енді фотошоптың ерекшелігі бұл бағдарлама қабаттар негізінде жұмыс жасайды, оны мына суреттен байқайсыз. Сонымн қатар орналастырылған суреттерді өзгерту үшін оның орналасқан қабатын оң жағымен шетіп, пайда болған тізімнен растрлеу батырмасын шертіп, кейін бағдарлама терезесінің оң жағында орналасқан ерекшелеуіш, кетіргіш құралдарымен түрін өзгертуіңізге болады.

Келесі бізге қажеті жазу және оны әсемдеу. Ол үшін жазу пернесін басып, жазудың өлшемін, стилін, тусін көрсете отырып тышқанның сол жақ пернесін басып оңнан солға немесе қарама қарсы тартып шекарасын орнатамыз. Енді мәтінді теріп болған соң басқа құралды таңдау арқылы бекітеміз. Енді мәтінімізді әсемдейміз. Ол үшін қабат (слои) бөлімінде мәтіннің қабатын екі рет шертіп. Пайда болған терезеден қажетті баптауларды орнатамыз. Сізге айтар ақылым жазу кезінде қайта қайта баптауын орнатып отырмас үшін жаңағы ашылған терезеде стили бөлімінде әр түрлі әзір түрлер бар, соны таңдап уақыт үнемдеуге болады.

Сонымен фотошоптың қысқа шолуымыз осы. Қосымша интернеттен www.photoshop-master.ru сайтынан қарауыңызға болады.

Қорытынды

Сонымен фотошоп бағдарламасымен эскиз жасау қызықты да пайдалы жұмыс. Онымен мектебіміздің ішін көркейтуде, әр түрлі көрнекі құралдардың эскиздарын жасауда өте ыңғайлы. Сонымен қатар оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы байланыс жасауға қажет. Бұл бағдарламансымен эскиз жасау өте орынды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062402

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар