FrontPage мүмкіндіктері және іске қосу

8 ақпан 2014 - Аймуха
FrontPage мүмкіндіктері және іске қосу

Пәні: Информатика

Сыныбы: 11 А,Ә, Б

Cабақтыңтақырыбы:

FrontPage мүмкіндіктері және іске қосу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға FrontPage мүмкіндіктерімен қалай жұмыс жасау керектігін үйрету

Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Түрі:Практикалық элементтері бар  түсіндірмелі сабақ

Көрнекілігі:ДК, оқулық, слайд, видопроектор,

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі:амандасу, оқушыларды түгелдеу және халаттарымен отырғызу

ІІ. Сұрақ- жауап әдісі арқылы теориялық білімдерін бекіту (миға шабул әдісі)

1.Үй беті (Домашая страница) деген не?

2. Web –  қалай басып шығаруға болады?

3.HTML – құжатты қалай сақтауға болады?

4. HTML- құжаттардың үзінділерімен қандай жұмыс жасауға болады?

5. Web- беттің таңбашасы қалай жасалады?

6. Internet Explorer-дің көмегімен жаңа Web- бетке көшуді қалай жүзеге асыруға болады?

7. Web- беттің таңбашасы қалай жасалады?

8. Internet Explorer пайдаланушы интерфейсінің қандай негізгі элементтерін білесіңдер?

9. Web – құжат деген не?

10. Web – құжатты қалай жүргізіледі?                                   

          ІІІ.Жаңа сабақ

Неғұрлым маңызды НТМL редакторы деп Microsoft FrontPage-ні атауға болады.Бұл Интернетке арналған арнайы редактор және, бір жақсысы, ол Word-қа ұқсайды, сондықтан оны ұғыну сендерге қиын болмайды.

Microsoft FrontPage 2000-ның нұсқасының(бұдан былайFrontPage 2000 немесе жай FrontPage Редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол.

Frontрage Редакторы НТМL-ді бүге-шегесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді.Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшегілерің немесе тақырып түсін өзгерткілерің келсе,Word-тағыдай мәтіннің қажетті үзіндісін белгілеп, тиісті батырманы басындар-іс бітті. Frontрage НТМL кодын жазып, сол уақытта, браузерді іске қоспай-ақ,өз жұмыстарыңның натижелерін көрулеріңе болады.

Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі-оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде(what you see is what you get-не көрсеңіз, соны аласыз.)Бұл олар  браузерде  Редактордағыдай болатынын білдіреді.Күні кеше ғана НТМL кодтарында әрбір ұсақ-түйекті қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік.Енді беттің Редакторында дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жеткілікті.

 Frontрage Редакторында жұмыс істеу Microsoft Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуге өте ұқсас.Мұнда д жартылай қалың қаріп, курсив және астын сызу, маркерленген және нөмірленген тізімдер, операцияны қайталау және орындатпау сияқты стандартты батырмалар қолданылады.Редактор терезесінде мәтін енгізу дәл Word –тағыдай іске асырылады; орфографияны да Word-тағыдай тексеруге болады.Редакторда кестелер және фреймдер құру өте ыңғайлы.Фреймдер жөнінде кейінірек айтамыз.

Word-тағыдай Frontрage Редакторы  бір мезгілде бірнеше файл ашуға мүмкіндік береді, ал Редактор беттермен әрекет жасайтын болғандықтан, ол бір мезгілде бірнеше бет ашуға мүмкіндік береді деп еркін айтуға болады.Бұл мүмкіндік бір беттен басқасына  жылдам өту қажет болғанда өте пайдалы.Сонымен қатар Редактор бетті Интернеттен көшіріп(барлық НТМL кодымен қоса,), оны редакциялауға мүмкіндік береді.Өздеріңнің басқа  сайттарыңнан жылдам ақпарат алғыларың келген жағдайда бұл ыңғайлы болады.

                                  Редакторды іске қосу

Редакторды іске қосу үшін төмендегі әрекеттер тізбегін орындаңдар;

Пуск→Программы→Microsoft FrontPage

Іске қосқанда редактор екі менюі бар терезені  ашады.Терезенің жоғарғы бөлігінде Оffice қолданбасының барлық терезелеріндегідей стандартты менюлер және инструменттер панельдері орналасқан.Сол жақтағы меню арнайы  FrontPage үшін жасалған, бұл-түрлер немесе режімдер менюі.Барлық инструменттер  панельдері көрінетін кезде Редактор 4.1-суреттегідей көрінеді.

Standard(Стандартная),Format(Форматирование),Image(Рисование),Forms,(Формы)Advanced(Дополнительно),Table(Таблица) инструменттер  панельдерімен (Вид) менюі арқылы басқаруға және Word-тағыдай бұл панельдерді (Вид)командасының көмегімен алып тастауға  немесе қосуға болады.

Сол жақ инструменттер панельдерін қарастырайық;

1.     Page-бетті редакциялау экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан үш қосымша беті бар құрамдас беттер редакторын шақыртады.

a.Normal-(Кәдімгі түрі)-Бетті визуальды(Word-тағыдай)жасау.

b.НТМL(НТМL коды)- НТМL режімінде редакциялау

c.Preview(Алдын ала қарап шығу)-Нәтижені браузердегідей қарау.

Бұл қосымшалар редакцияланып жатқан бетті әр түрлі көзқарастар тұрғысынан көруге мүмкіндік береді.Іске қосқанда кәдімгі режім орнатылған(Normal қосымшасы).

2.Folders-қапшықтар және файлдарен торап ішінде жұмыс істеу режімі, бұл файлдарды тасымалдауға мүмкіндік береді.

3.Reports-есеп берулер, торап туралы ақпарат.

4.Navigation-навигация, ол тораптың құрылымын қарауға және өзгертуге мүмкіндік береді.

5.Hyperlinks-активті беттің гиперсілтемелерін қарау және түзету.

6.Tasks-міндеттерді көрсетеді, тораппен жұмысты жоспарлауға және  жасалғанды белгілеп отыруға көмектеседі.

                    Беттерді жасау және сақтау

Frontрage Редакторы жеке беттерді де, Web- торапты да тұтас жасауға мүмкіндік  береді. Редакторды іске қосқанда, онда беттің мәтінін бірден тере беруге болатын трезе  ашылады.Page және Normal  режімдері үнсіз келісім бойынша орнатылған. Оң жақ жоғарғы  бұрышында жыпылықтап тұрған меңзер бар.

 Жаңа абзац  бастау үшін, Word- тағыдай, «Enter»  пернесін басыңдар. Редакторда жаңа бет жасау үшін File p New командасын орындаңдар.  New диалогтық терезесінде Normal Page –ні (Обычная страница) таңдап. ОК батырмасын басыңдар. Экрандарыңда  оң жақ жоғарғы  бұрышында жыпылықтап тұрған меңзері бар бос бет (4.2-сурет) пайда болады.

    Беттер File менюінің Save немесе Save Аs… командасымен немесе инструменттер панеліндегі Save батырмасын тышқанның шертуімен сақталады.

    Бетті File менюінің Ореп командасымен немесе инструменттер панеліндегі Ореп батырмасын тышқанның шертуімен ашуға болады.

  IV. Шығармашылық жұмыс кезіндегі оқушылардың ойлауына, компьютерде жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.

     V. Сергіту сәті (жатығу жасау)

     VІ.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары (ғажайып тоғыздық)

       

 

 

VІІ.Барлық деңгейдің тапсырмаларын жинақтап, тексеріп, бағалау, қорытындылау.

 

 VІІІ.Үйге тапсырма беру:FrontPage мүмкіндіктері және іске қосу тақырыбын оқып келу

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ тіліЕтістіктің шақтарын қайталау

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Орыс тіліЗвонкие и глухие согласные

БиологияФОТОСИНТЕЗ, ОНЫҢ САТЫЛАРЫ ЖӘНЕ БИОСФЕРАДАҒЫ ҒАРЫШТЫҚ РОЛІ

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072416

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар