Жергілікті желі.

8 ақпан 2014 - Аймуха

Сабақтың тақырыбы: .Жергілікті желі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Cтуденттергежергілікті желі туралы түсінік беру;

Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі:

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:ДК, Электрондық оқулық, Тест, слайдтар.

Сабақтыңөту барысы:

1.      Ұйымдастыру .

2.      Үйге берілген тапсырмасұрау

3.      Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.      Тапсырмаларды орындау

5.      Сабақты бекіту.

6.      Үйге тапсырма беру.

Жаңа сабақ:

Ортақ ресурс — бұл компьютердің немесе жергілікті желінің ресурсы, оны бір уакытта немесе әр уақытта бірнеше қолданбалар немесе пайдаланушылар пайдалана береді .

Компьютерлік желі  деп ресурстарды бірге қолдану және ақпараттарды алмасу үшін біріктірілген бірнеше компьютерлерді атайды.

Компьютерлерді тікелей қосу — бұл  компьютерлердің бір-біріне параллель немесе тізбекті  порттары арқылы қосылуы. Мұнда ешқандай косымша аппараттык немесе бағдарламалық жабдықтаманың керегі жоқ.

Тікелей қосканда бір ДК — жетекші, ал екіншісі ілесуші болып табылады.

Жергілікті желі бұл географиялық бір жерде орналасқан желі. Егер компьютерлер бір -бірінен өте алшақ орналаспаса олар үшін ортақ желілік жабдық пайдаланылады да, олар бір  бағдарламалық қамтамасызету дестесімен басқарыла алады. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.

Жергілікті желінің арналуы — ресурстарға бірігіп қатынау, ақпараттар мен құрал-жабдықтарды бірге колдану, сондай-ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау.

Жергілікті желінің екі түрі бар:Бір рангты желі ,       «Клиент- сервер» типті желі

Бір рангты желі — бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі. Мұндай желілер арнайы бағдарламалық жабдықтаманы қажет етпейді.

«Клиент- сервер» типті желі — бұл екіден артық ДК-ден тұратын желі, оның бірі — файл сервер, ал қалғандары жұмыс стансасы болып табылады. Мұндай желіге қосылу әр компьютерге желілік тақша орнатуды, компьютердің кабельді жалғануын, олардың біріккен жұмысын басқаратын арнайы бағдарламалық жабдықтаманы талап етеді. Бұл желі табысты жұмыс істеуі үшін жүйелік әкім қажет.

Сервер– ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер.

Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет.Серверге принтерлер, модем ортақ қолданбалы программалар, факстер және т.б  қосылады.

 

Жергілікті желі – саны шектеулі қомпьютерлерді  біріктіру үшін қолданылады

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.

Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде.

Жергілікті желі. Негізгі ұғымдары.

Бұл желілер кеңтараған, оларда ақпараттың80-90% айналады және олардыңтек 10-20% сыртқы қатынастармен байланысты.

 

 Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:

1.    Ортақ ресурстарды көп қолданушылық режимде қолданылуы;

2.    Барлық пайдаланушылардыңортақ принтерде бір уақытта баспаға шығара алуы;

3.    Пайдаланушынардыңөзара ақпарат алмасуы, электрондық пошта ұйымдастыру
м
үмкіндігі;

4.    Сыртқы жадты тиімді қолдануы;

5.    Пайдаланушыныңкез келген компьютерденжалпы желініңресурстарына қатынауды қамтамасыз етуі;

6.    Оку процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі

 

Жергілікті желідегі жұмыс

1.      Жергілікті желідегі барлықкомпьютерлерге берілген желі үшін бірегей ат беріледі. Әрбір желіні пайдаланушыныңөз аты мен паролі болады. Windows-тыңкұрамдас желілік кұжаттарымен жұмыс істегенде, ОЖ-ны жүктегеннен кейін бірден клиент терезе ұсынады, пайдаланушы ол арқылы өзініңжелілік аты мен паролін көрсетіп, желіде тіркеледі. Жалпы ресурстарға қатынау жұмыс үстеліндегі арнайы «Желілік орта» кашпығы арқылы жүзеге асады. «Желілік орта» серверлер ресурстарын да, бір рангылы желініңкомпьютерлерініңресурстарын да көрсете алады. Бұл қапшық арқылы желініңбасқа компьютерініңақпараттарына, егер ол компьютерде бұған алдын ала рұқсат берілсе. қатынаста болады.

Компьютердіңресурстарын қолдануға рұқсат келесі жолдармен беріледі:

1.   «Меніңкомпьютерім» қапшығына кіру.

2.   Арнайы қапшықты — С.А.В-Д; Е дискілерін белгілеу.

3.   Маустыңоңжақбатырмасын басу арқылы контексті менюді шақыру.

4.   "Қасиеттер" пунктіне кіру.

5.   «Доступ» (Қатынау) бет белгісін таңдау.

6.   «Ортақ ресурс» деген сөз тіркесініңжанына нүкте кою.

7.   «Тек оқу үшін». «Толық». «Парольмен анықталады» пункттерініңбірін таңдау.

8.   «Парольмен анықтау» пунктінтаңдағанда, пароль енгізіледі.

9.   Берілген ресурстарды пайдаланбасын десеңдер, онда «Жергілікті ресурс» сөз
тіркесін белгілеу керек.

Бұдан басқа, желілік ресурстарды бағыттаушы арқылы, қолданбалардағы құжаттарды ашу мен жабу терезелерінде арнайы «Желілік орта» қапшығын таңдап, ол арқылы компьютерді (аты бойынша) бұл компьютердіңқатынауға мүмкін ресурстарын (қапшықтар-дискілер). содан кейін қажет файлды қолдануға болады.

Тапсырмалар:оқулықтағы 1, 2, 3, 4, 5, 6 тапсырмаларды орындау.

Бекіту: Тест тапсырмалары

 

Сабақты бекіту сұрақтары:

Компьютерлік желі дегеніміз не?

Желініңқандай түрлері бар?

Жергілікті желініңартықшылығы қандай?

Желілер топологиясы дегеніміз не?

Үйге тапсырма:   Жергілікті желілер

 

1.   Сыныптағы компьютерлік желіні іске қосып, ол арқылы ақпарат алмасу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115549

Пікірлер (3)
Гульжамал Бекеева # 30 наурыз 2015 в 08:48 0
Рахмет жоспар жақсы құрылған
Аймуха # 31 наурыз 2015 в 17:37 0
Окасы жок!
шадияр # 23 қазан 2015 в 13:38 0
жаксы унады

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар