Информатикадан баяндама.Электронды оқулық

14 сәуір 2016 - Нодирбек Эрметов

Қазіргі заман талабына сай болашақ мұғалімдерді даярлауда электрондық оқулықтар тиімді болып отыр. Мектеп мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру – бүгінгі күннің талабына айналғаны сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда  электронды оқулықтардың көптеп пайдаланылуын міндеттейді.

      Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және  пайдалану. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықтарды пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмай отыр.Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтежиесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік туғызады.

      Мұғалім үшін электорндық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе.Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжіребиесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

      Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электорндық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электорндық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады.

      Электорндық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында.Кейін сынақ не эмтихан тапсырылуы тиіс болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда беруге болады.

1.     Мазмұндау — мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, графика т.с.с түрінде беру.Сонымен қатар мұнда аннимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән  элементтерді де қолдану.

2.     Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтін, граффик түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді.

3.     Өзін — өзі бақылаудың тесттік жүйесі – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі.Тесттік жүйе көбіне алған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан оқушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068811

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru