​ Бірмүшелер мен көпмүшелер тарауын қайталау.

3 ақпан 2015 - Асем Сапабекова
​ Бірмүшелер мен көпмүшелер тарауын қайталау.

Бірмүшелер мен көпмүшелер тарауын қайталау.

Әсем Сағымбайқызы

САПАБЕКОВА,

«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің

№1 орта мектебі» КММ,

І санатты математика пәнінің мұғалімі

Таран ауданы, Қостанай облысы

Сабақтың мақсаты:

ØБілімділік: Оқушылардың бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, көпмүше және оларға амалдар қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу жөнінде алған білімдерін тереңдету. Теориялық білімін практикада қолдана алуын ұйымдастыру, есептер шығара алуына көмектесу.

ØДамытушылық: Ой — өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

ØТәрбиелік: Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа,

ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.

ØСабақтың түрі: Аралас сабақ. Бекіту сабағы.

ØСабақтың әдісі: Ой қозғау, жеке жұмыс, деңгейлеп оқыту.

ØСабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, ноутбук, таратпа тапсырмалар, стикер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақты бастамас бұрын оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әртүрлі фигуралар таңдайды. «Алғырлар», «Тапқырлар», «Дарындылар» тобы.

2.Сабақтың мотивациясы:

-Біз сіздермен қандай тарауды өттік? Оқушылар өздері мақсат қояды.

МИФ апталығынан басқа қандай іс-шаралар болып жатыр?

-Ендеше біздің апталық Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент күніне арналған іс-шаралар мен тұспа-тұс болғандықтан

сабақты Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен бастайық.

«Бәсекеге қабілетті Қазақстан болу үшін ең бірінші білім қажет»

3.Өткен тарау бойынша постер жасау.(

оқушылар қорғайды)

4. Графикалық диктант. Топпен жұмыс Ʌ-иә _ -жоқ

<img width=«140» height=«195» src=«file:///C:/Users/Teacher/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.gif» v:shapes=«Object_x0020_3»>1. Бірмүше

2.коэффициенті 4-ке тең

3. коэффициенті 3-ке тең

4. Бірмүше емес

5 коэффициенті 0-ге тең

6. Үшмүше

7. Көпмүше

8. Теңдік дұрыс па?

5. «Құпия кесте»-жылдар сөйлейді

Өрнекті ықшамдап, мәнін табыңдар.

10n-60+10n мұндағы n=100 1940

41(50-a) -18 мұндағы a=1 1991

19x-4(2x-3) -195 мұндағы x=200 2017

·1940ж? -Н.Ә. Назарбаевтың туған жылы

·1991ж? Президентті сайлау жылы

·2017ж?Әлем бізді бұл жолы тағы мойындады.

Қазақстанда 100-ден астам мемлекет қатысатын дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесі өтетін болады. Қазақстанның елордасы «ЭКСПО» көрмесін ұйымдастыру үшін жоғары талаптарға сәйкес келеді деп танылды.

ЭКСПО көрмесі кең байтақ Еуразия құрлығының жүрегі іспеттес қалада алғаш рет өтеді. «Болашақтың энергиясы» атты бүкіләлемдік көрме жаһандық энергетиканың жаңартылуына қуатты серпін береді деп сенемін. Еліміз көрменің жоғары деңгейде өтуі үшін бар күш-жігерін салатын болады.

Н.Назарбаев

6 Білгенге маржан. Көпмүше түріне келтіріңдер. Есептің жауабына сәйкес әріпті таңдау.

1)(3х2+5у)+(4х2-7у) ж

2)(14ху2+6у)-(7ху2+9у) о

3)(3,4а+4в)+(1,4а-6,5в) л

4)4ав(3а-6а2в) д

5)-12с2(6-3а2в) а

6)5ху(х+4,2у+1,6) у

А

Л

У

Ж

Е

Д

О

-72с2+36а2вс2

4,8а-2,5в

2у+21ху2+8ху

2-2у

3х-5у

12а2в-24а3в2

7ху2-3у

ЖОЛДАУ-Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

7.Ноутбукпен жұмыс. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу: деңгейлік тапсырма

А)ах+ау-вх-ву

В)ах-2а+х-2

С) 2а+в+2а2+ав

Е-Learning Е-Кітапханаға кіру сәйкестік тест орындау

8. Сергіту сәті: Әр оқушының алдында 3 түрлі көбелектен.Өздерінің таңдаған көбелектерінің түстеріне сәйкес, мінездемелік сипаттамалар алады.

Қызыл-өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін оқушы.

Жасыл-ақ көңіл, табиғатты сүйетін оқушы.

Сары-ниеті таза, пейілі кең жомарт оқушы.

9. Білгенді қолдану:

<img width=«296» height=«172» src=«file:///C:/Users/Teacher/AppData/Local/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.gif» v:shapes=«Object_x0020_2»>

10. (ауызша слайдта тапсырмалар) тапсырма дұрыс орындалса нақыл сөздер шығады

1.Білімді мыңды жығар

2.Мектеп құшағында білімге талпын,
Ертең азамат – деп ардақтар халқың.

3.Еркін елдің ертеңі – жастардың білім мен еңбек жолындағы қажырлы қайраты.( Назарбаев.Н)

10 Ұшқыр ой. Көпмүшені көпмішеге көбейту

1.(2х+1)(х+4)

2.(3а-2)(2а-1)

3.(5в-4с)(2в-2с)

4.(3х+2у)(х-у)

Қорытынды: Сабақта нені үйрендіңдер? Нені білдіңдер?

Рефлексия: Гүлге қонған көбелек. Оқушылар сергіту сәтінде пайлаланған көбелектерге 1 тілек, 1 ұсыныс жазады. Тақтаға ілінген гүлге толы себетке стикерлерін жапсырады.

Үйге тапсырма: №235 2-ші тарауды қайталау.

Бағалау.өздері

Сабақты Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтаймыз

2030-дың біз барысымыз.

Болашаққа бастайды әр ісіміз

Егемен елімізді көркейтетін,

Білім шыңына шығу парызымыз.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083453

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар