Дискриминант формуласын есеп шығаруда қолдану

14 шілде 2016 - Ақмарал Бексұлтан

1.Дискриминант формуласын  есеп  шығаруда  қолдану.

2.Рационал сандарды көбейту.

3.Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.

 

1-сабақ

8 сынып, алгебра

Күні: 

Тақырып: Дискриминант формуласын  есеп  шығаруда  қолдану

Мақсаты:

Білімділік: Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептерге қолданылатын негізгі формулалардың түрін білу.Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу  мәнерін, логикалық ойлау қабілетін және топпен  жұмыс  істеуге  дағдыландыру.

Дамытушылық: Өзіндік ойлау, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Тарих пәнімен  пәнаралық байланыс жасау.

Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Көрнекіліктер: Д=в2-4ас  — дискриминант  формулалары жазылған плакаттар,

х1= -  бірінші түбір            х2= -  екінші  түбір, Қазақ хандығының картасы, эмблемалары ілінген.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру  кезеңі:

Сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың үй жұмыстарын тексеру.

Оқушыларды алдымен үш топқа бөліп алып, оларға Абылайхан хандығы, Керей хандығы, Қасым хандығы деген есімдер береміз. Бүгінгі  сабақтағы жоспарым:

1. Сиқырлы  қорапша

2. Аймақты кеңейту

3.Логика әлеміне саяхат

4.Тест тапсырмалары.

 

1.Сиқырлы қорапшалардан қағаз суыру  арқылы өткен сабақты қайталау:

1. Квадрат теңдеу дегеніміз не?

2.Толымсыз квадрат теңдеулер қандай теңдеулер?

3.Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

4.Толымды  квадрат теңдеулер қандай теңдеулер?

5.Түбірлерінің  айырмашылығы қандай?

6. D>0  болса, түбірлері қалай болады?

7. D<0 болса, түбірлері қалай болады?

8. D=0  болса, түбірлері қалай болады?

9. Квадрат  теңдеудің  неше түрі бар?

10. Квадрат  теңдеуге  2-3 мысал келтіріңіз.

2. Аймақты  кеңейту. Бұл кезеңде үш топ  конверт  таңдайды да, ішіндегі есептерді тақтаға шығарады. Есептер шығару арқылы  өз аймақтарын  картада кеңейтеді. Қазақ хандығы деген карта тақтада ілініп тұрады. Әрбір оқушы есептер шығару арқылы дискриминант формуласын  есептер  шығаруда қолданады. Ол есептер  мынадай түрде болды:

1. x2+3x+2=0

2. 3x2+5x-2=0

3. 5x2-14x+8=0

4. 6x2+5x-20=-9

5.-49x2+21x-2=0

6. 2x(5x-7)=2x2-5

7.- x2+3x+2=0

8. 2x2+4x-8=0

9. x2+14x-8=0

10. 3x2+15x-20=-12

3. Логика  әлеміне  саяхат.

1.  2 2 2 2 2 2 2= 100                        222:2-22:2=100

2.  2 2 2 2= 9                                     22:2-2=9

3.  3 3 3 3 3= 100                              33*3+3:3=100

 

4. Тест тапсырмасын орындау:

1.Берілген  теңдеудің  қайсысы  квадрат  теңдеу болады?

A)   x4-2,5x+7=0    B)  4x2+0,1x-6=0    C) 2,3x+x3=0    D) 6x2+0,1x3+12=0

2.  5x(2x+5)+(3x+1)2= -4x+16 теңдеуін  ax2+bx+c=0  түріне   келтіріңдер:

A)   18x2-2x-12=0    B)  16x2+0,1x-6=0    C) 23x+x2-18=0    D) 19x2+35x-15=0

 3.  Қай  сан  -6x2 -1,4x+7,4=0  теңдеуінің  түбірі  болады?

A)   2       B) 1      C)  -1      D) 0

4. Түбірі  болмайтын  квадрат  теңдеуді  анықтаңдар:

A)   5x2-7x+2=0    B)  2x2-4x+1=0    C) 49-25x2=0    D) x2+5x+7=0

 5.  7x2-31x-6=0    теңдеуінің  дискриминантын көрсетіңдер:

A)   D=919       B) D= 793    C) D=1129    D)  D=1009

 6.   Түбірлері   x1=1,5  және  x2=-4  болатын  квадрат  теңдеуді  көрсетіңіз:

 A)   6x2-17x+5=0    B)  3x2-4x+1=0    C) 49-25x2=0    D) 2x2+5x-12=0

7. (2x-3)(x+5)-2=11-(x-4)2   теңдеуін  ax2+bx+c=0  түріне  келтіріңіз:

 A)   -9x2-7x+2=0    B)  x2-4,3x+1=0    C) 5x2-2x+1=0    D) 3x2-x-12=0

 

Жауабы:

1. В

2. D

3. C

4. D

5. C

6. D

7. D

 

Рефлексия

 

Үйге тапсырма: 70- беттегі тест тапсырмасын аяқтап, шығару.  

Бағалау: Оқушылардың белсенділігіне  байланысты бағалау.

 

2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Рационал сандарды көбейтіп, көбейтіндіні табуды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өздігінен ойлау және есеп шығару икемділіктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, нақтылыққа, көпшілікпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы

Сабақтың әдісі: топпен және жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы

  Білімге жетелейтін үш жол бар:

  Еліктеу жолы- ең жеңіл жол,

  Ойлау жолы- ең игілікті жол,

  Тәжірибе жолы-ең қиын ащы жол.

                                                          Конфуций

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту, «Өзін-өзі бағалау парағын» тарату, оқушылар 3 топқа бөлінеді.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Интерактивті тақтада шешімі көрсетіледі, сол бойынша оқушылар өзара дұрыс  шешімдерін  айтады. 

1. -12-(-24)=12

2.Кез келген теріс сан оң саннан кіші

3.a кез келген теріс сан нөлден a<0

4.қарама –қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең

5.координаталық түзу бойында  -3,2 саны  -3-тің  сол  жағында

6.-3,2+(-6,8)=-10

7.6+(-48)=-42

8.-6,8-(-0,2)=-6,6

9.783+(-783)=0

10.-1000-(-910)=-90.

ІІІ Жаңа сабақ

1)    Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту

(-)∙(+)=(-),    (+)∙(-)=(-)

Мысал: (-4)∙3=-12       -0,35∙6=-2,1      )=-

2)    Таңбалары бірдей  екі санды көбейту

 

(-)∙(-)=(+),    (+)∙(+)=(+)

Мысал: (-0,2)∙(-1,5)=0,3                  (- )∙(- )= =0,1

3)    Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткііштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады:

(-8)∙(-3)∙(-2)∙(-0,5)=24 

4)     Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткііштер саны тақ болса, көбейтінді теріс  сан болады:

-2∙(-3)∙(-7)=-42

а∙0=0, а-рационал сан

ІVБекіту. Оқулықпен жұмыс

№522 ауызша

№523

І топ (1,2,3)                  ІІ топ (4,5,6)                ІІІ топ(7,8,9)                    ІV топ(10,11,12)

-15∙(-6) =90                   -27∙0 =0                    11∙(-0,5) =-5,5                       -0,3∙(-40) =12

2∙(-35) =-70                  -24∙(-9) =-216             -2,8∙(-4) =11,2                     -99∙0,1 =-9,9

-12∙(-7) =84                   -0,8∙6 =-4,8                 -100∙0,81 =-81                     -100∙(-1) =100

Тақтаға әр топтан бір оқушы шығады, есепті тақтадан өздері тексереді

 

V а)Семантикалық карта(топтық жұмыс)

р/с

а

в

а∙в=-30,6

а∙в=-100

а∙в=1,14

а∙в=-0,2

а∙в=-

а∙в=-12,3

1

-

 

 

 

 

+

 

2

-1,5

8,2

 

 

 

 

 

 

+

3

5,1

-6

+

 

 

 

 

 

 

4

-1,9

-0,6

 

 

+

 

 

 

 

5

0,4

-

 

 

 

+

 

 

6

-25

4

 

 

+

 

 

 

 

 

Cемантикалық картаны өзара тексереді.

 

    ә) Жеке жұмыс (тақтаға 4 оқушы шығады)

  Өрнекті ықшамдап алып, мәнін табыңдар:

1)    0,2∙(а+6)-11, мұндағы а=-7

0,2∙(а+6)-11=0,2a+1,2-11=0,2a-9,8=0,2∙(-7)-9,8=-1,4-9,8=-11,2

2)    -3∙(2b-5)-1,8 мұндағы b=1,5

-3∙(2b-5)-1,8=-6b+15-1,8=-6b+13,2=-6∙1,5+13,2=-9+13,2=4.2

3)     -5,1+9(-c-4),   мұндағы c=-2

-5,1+9(-c-4)=-5,1-9c-36=-41,1-9c=-41,1-9∙(-2)=-41,1+18=-23,1

     4) 6∙(d-2 )+17    мұндағы d=-0,5

6∙(d-2 )+17=6d-6 ∙∙  +17=6d-14+17=6d+3=6∙(-0,5)+3=-3+3=0  

VI Ойланайық (Слайд арқылы көрсетіледі)

Соған қатысты тарихи мәлімет

VIІ ғасырда өмір сүрген үнді математигі Брахмагупта оң сандарды «мүлік», теріс сандарды «қарыз» түсінігімен байланыстырған. Теріс сандарды қосу және азайту ережелерін былай айтқан: «екі мүліктің қосындысы мүлік», «екі қарыздың қосындысы қарыз». Сонымен бірге ежелгі ережелер де бар.

VIІ Сергіту сәті. Логикалық есеп

 Бұл ойында  1-6 цифрларын қолдану арқылы, қай бағытта санаса да, 9 санын шығару керек.

 

 

 

 

 

VIІІ Оқулықпен жұмыс

№526

І топ (1,5)                                                                      ІІ топ (2,6)               

=(-11)∙(-11)=121                                       =(-0,7)∙(-0,7)=0,49

=(-0,2)∙(-0,2)∙(-0,2)=-0,008                    =-

 

ІІІ топ(3,8)                                                              ІV топ(4,7)

=                                                         =-64

-1=0,81-1=-0,19                                 +97=100+97=197

IX Графикалық диктантпен сабақты қорытындылау      Иә   «-», жоқ  «^»

1.     + .Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең

2.     – .0  саны натурал сандар жиынына тиісті

3.     +. Екі теріс санның қосындысы- теріс сан

4.     +. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі- теріс сан

5.     -. Кез келген теріс сан нөлден үлкен

6.     +. Оң санның модулі сол санның өзіне тең

7.     +. Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады

8.     -. Теріс санның модулі сол санның өзіне тең

9.     +. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі- оң сан

10.                       -. Кез келген теріс сан оң саннан үлкен

Х Үйге тапсырма беру

1.     Аукцион «Мен-сатушымын, сендер –игілікті сатып алушыларсыз»

«5»

«4»

«3»

№588; 592

№575; 584

№570; 579

 

2.Ережелерді қайталаймыз п. 3.4

Сабақты  елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылау

    «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа»

ХІ Оқушылардың білімін бағалау (өздері бағалайды)

Өзін-өзі бағалау парағы

 

3-сабақ

 

Математика

6 сынып

Сабақ тақырыбы:

Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар.

Жалпы мақсат:

Оқушыларға шеңбердің ұзындығы  мен дөңгелектің ауданы туралы, шар туралы ғылыми тұрғыда түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, логикалық ойлау қабілетін және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Шеңбердің ұзындығы. Пи санымен танысу. Шеңбер ұзындығының формуласын білу. Шеңбердің ұзындығын диаметр арқылы өрнектеуін білу.Дөңгелектің ауданын, оның формуласының қорытылуын білу, түсіну.Шардың мағынасын, оның қандай болатынын түсіну, меңгеру.

Негізгі идеялар:

Шеңбердің ұзындығын диаметр арқылы өрнектеуін білу.Дөңгелектің ауданын, оның формуласының қорытылуын білу, түсіну.Шардың мағынасын түсіну.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық, интерактивті тақта, слайд шоу, сызбалар, карандаштар, пламастерлер, наклейкілер.

Оқыту әдістері:

ДЖИГСО, БЛУМ таксономиясы

Топтық, жұптық, жеке жұмыс

Дерек көздері:

 Оқулықтар, интернет желісі

Тапсырмалар:

Білу 7 мин Сөйлемдерді еске түсір:

1.Шеңбердің ұзындығы… тең.

2. Дөңгелектің ауданы… тең.   

3.Шар  дегеніміз...........................

4.Шар бетінің .......................

деп аталады.

5.«Сфера» сөзін..................  білдіреді.

6.Шар бетінің екі… деп аталады.

Түсіну  2 мин  

Жауап беріңдер:

1.Шеңбердің ұзындығы дегеніміз не?

2.Дөңгелектің ауданының формуласы қалай?

З.Шар дегеніміз не?

4.Шардың аудармасы, мағынасы қандай?

5.Шардың диаметрі дегеніміз не?

6.Сфера сөзінің мағынасы қалай?

7. -дің  мәні неге тең?

Колдану 15 мин

1.    Радиусы 10см, шеңбердің ұзындығын табыңдар.

2.    Айдың диаметрі 3476 км.Айдың экваторының ұзындығын табыңдар.

3.Радиусы 10см шар көлемі қандай кубтың ішіне сыяды?

Талдау    5мин

Айыра алу:

«Сфера» грек сөзі аудармасы мен, радиусы сөзін айыра білу керек.

Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын айыра білу.Шар мен сфераның бір бірінен айырмашылығын білу.

Шеңбердің ұзындығының формуласы мен дөңгелектің ауданы формуласын айыра білу.

 

Жинақтау

 6 мин

Алған білімдеріңді пайдалана отырып сызба құраңдар және постерде қорғаңдар.Гүл егілген Гүлзардың дөңгелек жиегінің ұзындығы 18,84м.Гүлзардың ауданын

анықтаңдар. Кітаптағы нұсқауды басшылыққа алыңдар.

 

Бағалау  7 мин

Әр топқа тапсырмалар беріледі

Тапсырмаларды жинақтау арқылы оқушылар бағаланады.

Бағалау

Смайл арқылы

Өзара бағалау

Смайл арқылы

Смайл арқылы

Критерий арқылы өзара бағалау

Сумативті бағалау

Үйге тапсырма

№168. 3),4).  №169

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышБастауыш сыныпқа арналған логикалық есептер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150750

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар