Математикалық диктант

7 наурыз 2015 - Майра Нурханова

Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының жоғары санатты математика пәні мұғалімі М.Х.Нурханова

Математикалық диктантты қалай өткізіледі?

Математиканы оқыту барысында оқушының қай тақырыпты және оның қандай мәселесін меңгеруге қиналатындығын анықтаудың маңызы зор.

Қазіргі кезде мектептерде кеңінен қолданылып жүрген оқушылар білімін бақылаудың белгілі бір түрі – математикалық диктант. Мұғалім сұрақтарды не өзі, не магнитафон арқылы қояды, ал оқушылар әр нөмірі бойынша қысқаша жауабын жазады. Әрине, математикалық диктантқа үйренбеген оқушыға берілген тапсырманы есту арқылы қабылдауы өте қиын. Егерде диктант жүйелі түрде әрбір сабақта өткізілетін болса, оқушының тыңдап үйрену, есту арқылы қабылдау дағдысы қалыптасады. Бұл дағды болашақта жоғарғы оқу орындарында студенттерге лекция тыңдауда көп көмек көрсетеді.

Кей жағдайда күрделі тапсырмаларды тақтаға жазуға болады, сонда тиісті чертежді, немесе өрнекті тек есту ғана емес, көру мүшелері арқылы да қабылдайды.

Математикалық диктантқа қойылатын басты талаптардың бірі –оқушының қойылатын сұраққа жазған жауабы өткен тақырып бойынша алған білімі мен оны қалай меңгергендігін көрсетуі керек.

Оқушының оқуға деген ынтасын, өз күшіне сенімін арттыруда математикалық динктанттың маңызы зор, өйткені сабақ сайын өз еңбегінің жемісін көруге, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Диктантты өткізгенде оны оқу жылдамдығын орташа оқушының жұмыс істеу іскерлігіне байланысты анықтауға болады. Математикалық диктант оқушының тапқырлығын немесе ойлау ұшқырлығын ғана емес, оның білім деңгейін тексереді. Сондықтан оны өткізуге 5-7 минут уақыт бөлу керек.

Диктант аяқталғанда оны тексеруді ұйымдастыру керек. Бұл оқушының жазған жауабының дұрыс нәтижесін бірден көруіне мүмкіндік береді. Диктантты тексерудің әр түрлі тәсілдері бар.

Бірінші – қатар отырған екі оқушының өзара тексеруі және бағалауы.

Екіншісі – оқушы өзін-өзі тексеруі. Ол үшін мұғалім дұрыс жауабын тақтаға жазады. Егер жауабы дұрыс болса, «+» таңбасы, қатесі болса «-» таңбасы қойылады. Тексерудің қорытындысында қай тапсырмада түсінбеушіліктер болса, сол тапсырма бойынша мұғалім немесе жақсы баға алған оқушы қажетті түсініктеме береді.

Енді математикалық диктант сабақтың қай кезеңінде және қай сабақтарда қолданылатына тоқталайық. Белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін оқушылардың сол тақырып бойынша білім деңгейін бастапқы бақылау ретінде диктант өткізіледі. Оқулықтағы теориялық материалды меңгеруге және күнделікті қажетті дағдыларды қалыптастыруға көмегі тиетіндей тапсырмалар құрастырылады. Өткен материалды пысықтап, қайталау сабақтарында оқушы білімін бекіту және оны текеру үшін диктантты жүйелі түрде қолдану қажет. Қорытынды сабақта оқушыларға өзара диктант өткізуге болады.

Енді «ондық бөлшектерді салыстыру» тақырыбында тоқталайық. Бұл тақырыпта дайындық ретінде мынадай жаттығулар беруге болады:

    1)Бөлшектің бүтін бөлігін, бөлшек бөлігін жеке-жеке оқы:

    58,2; 2,05; 100,18

    2)Бөлшектің үтірден кейінгі таңбалардың санын теңестір:

    7,1; 52,63; 0,495

Жаңа тақырыпты түсіндіргенде үлгі жаттығулар қарастыру қажет.

1)Бүтін бөлігі әр түрлі болғандағы жағдайда салыстыру:

78,6 және 81,07; 11,8 және 12.

    2)Бүтін бөліктері бірдей болғандағы жағдайда салыстыру:

    -үтірден кейінгі таңбалар санын теңестіру;

    -ең үлкен үлестерін салыстыру;

    -егер олар тең болса, келесі разрядтың үлестерін салыстыру.

    5,123 және 5,132

Жаңа тақырыпты нығайту үшін оқулықтан №734, 740, 741 есептер шығарады.

Ал келесі сабақтың алғашқы кезеңінде математикалық диктант алуға болады.

Математикалық диктанттың тақырыбы айтылады:

«Ондық бөлшектерді салыстыру»

1-тапсырма. Сандарды салыстыр:

65,08 бен 56,88

19,6 мен 19,60

501,97 мен 502

0,62 мен 0,619

2* х-тің натурал мәнін тап

2,7<х<3,01

0<х<2,8

(*) таңбасы тапсырманың тақтаға жазу керек екендігін білдіреді.

Диктантты оқушылар өзара тексеріп бағалайды.

«5» және «4» алған оқушыларға стандартты емес есептер, мысалы №743, 744 беріледі.

Ал диктантта қажетті деңгейде білімін көрсете алмаған оқушылармен бірге типтік қателерге талдау жасалады. Жекелеген оқушының тақырыптағы түсінбеушіліктер болса, қажетті қайталаулар жүргізу қажет. Метрлік жүйені қайталауға мысалдар:

5,2м – дм – см-мен, мм-мен орнекте.

19,71 кг граммен өрнекте.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаЖай бөлшектерді оқу және жазу

МатематикаДұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер.

МатематикаСабақтың тақырыбы: «Бөлу»

МатематикаИнтелектуалды білім сайысы

МатематикаНатурал көрсеткішті дәреже

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141890

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар