Рационал бөлшектерді бөлу және көбейту

18 наурыз 2014 - Нурланбек Магзум
Рационал бөлшектерді бөлу және көбейту

Мағзұм Нұрланбек

Математика пәнінің мұғалімі

Златогорская орта  мектебі

Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білім денгейін, білік дағдысын тақырып бойынша жинақтау,  жүйелеу

Сабақтың түрі: Кембридж бойынша

Сабақтың типі: қайталау сабағы

 

Мұғалім жазбалары:

І. Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

  Психологиялық дайындық:

Көңіл күй стратегиясы

— Кәнеки балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз?(оқушылар орындарынан тұрып, мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл күй»,-деп айтады).

 

ІІ.Топқа бөлу:Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу  бойынша жеңіл есептер (ауызша) беріледі. Шығарғаннан кейін  бөлу мен көбейту жеке –жеке топқа бөлінеді.

 

 

IІІ.  Тақырыпты ашу. Қәнеки балалар, кім айтады біз бүгін неліктен көбейту мен бөлуді орындадық? (Оқушылар жауабы тыңдалады.)

-Дұрыс бүгінгі сабағымыз шынындада қайталау сабағы. Қайталайтын тақырыбымыз «Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу». Осы тақырыпқа байланысты қандай мақсат ұсына аласыздар?

 (рационал өрнектерді түрлендіру, яғни оларға көбейту және бөлу амалдарын қолдануды тиімді тәсілмен шешуді үйренуіміз керек. Оның бірінші шарты: алған білімдеріңді жинақтап, орынды қолдануды білу.

 

 ІҮ. Үй жұмысы.

      Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі осы сабақта әрбір оқушының өз біліктілігін, жалпы өткен тақырыпты қаншалық игергенін көрсететін мүмкіншілігі болады. Жаңа сабақты меңгеруде тірек болатын оқушылардың үй тапсырмасының дұрыстығын сигналдық карточка көмегімен тексерейік. Үй тапсырмасының жауаптары тақтада жазулы тұр, ал сендер дәптерлеріңдегі жауаптарымен салыстырасыңдар. Дұрыс жауабы болса, жасыл түсті картаны, дұрыс болмаса қызыл түсті картаны көтерулерің керек(тексерудің соңында оқушылар бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасын қояды). «№275 (1,2,3,4)»

 

Сабақты жаңа тақырыпты меңгеруге кажетті бұрын өтілген материалды еске түсіру үшін «Қайталау – оқу анасы» дегендей, сәйкестік тест өткізіледі.

– Балалар, алгебралық бөлшектерге амалдар қолданған кезде ең көп қолданатын қандай формулалар?(қысқаша көбейту формулалары)

«Қайталау – оқу анасы»

Бірінші бағанда қысқаша көбейту формулалары жазылған. Ал оқушылар бағанның сол жағында тұрған формулалардың дұрыс жауабын тауып, берілгеннің қасына магнит көмегімен жабысытырамыз(дұрыс жауап үшін оқушылар бағалау парақтарына мұғалімнің айтқан бағасын қояды).

 

Сәйкестіктест

 

1. a2-b2=             1. а3-3a2b+3ab2-b3

2. (a-b)2=            2. (a-b)(a+b)

3. (a+b)2=           3. (a-b)(a2+ab+b2)

4. (a-b)3=            4. а2-2ab+b2

5. (a+b)3=           5. а3+3a2b+3ab2+b3

6. a3-b3=             6. а2+2ab+b2

7. a3+b=             7. (a+b)(a2-ab+b2)

 

V.  Кластер. Тақырып пен өткен тақырыптың байланысы(«Қайталау – оқу анасы» кластер құру, түсіндіру) Екі топқа бөлінген оқушылар екі тақырыпты таңдайды сол бойынша кластер құрып түсіндіреді.

                                   1 топ – Рационал бөлшектерді қосу және азайту тақырыбы бойынша

                                   2 топ — Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу тақырыбы бойынша

ҮІ. «Сергіту»сәті

 

ҮІІ.  Оқулықпен жұмыс№ 553

                                  1 топ – 1, 3, 5.

                                          2 топ – 2, 4, 6.

Дұрыс жауаптар арқылы тексереді

                                           Критерийлер:

3 есеп дұрыс – 5

2 есеп дұрыс – 4

1 есеп дұрыс – 3

ҮІІІ.  Сабақты бекіту( тест тапсырмалары)

 

 

 ІХ. Рефлексия («Табыс ағашын отырғызу»)

            Рефлексия:

– Енді «табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті)

Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).

 

• Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

• Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын.

• Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

                 Келген қонақтарға «Екі жұлдыз, бір тілек» Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабақ жайлы екі пікірін және бір тілегін жазады.

Х. Бағалау.Оқушылар өздерінің бағалау парақтарныдағы бағаларын  суммативті баға шығару

ХІ. Үйге тапсырма  тақырып 14 Есеп 274 (3,4) 101 бет

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130011

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар